Дәриға Назарбаева қайда барады?

Уақыты: 2020-05-02 Көрлімі: 2914 Сипаттама

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дәриға Назарба...

115980-e1554800896696.jpg

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының төрайымы Дәриға Назарбаева өкілеттілігін тоқтатты.  Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, кезіндегі «Асар» Республикалық партиясының жетекшісі болған Дәриға Назарбаеваның ендігі саяси жолы қалай болары көптің талқысына түсті.

ҚР Ата заңы бойынша президент өкілеттігін тоқтататын болса, бірінші кезекте президенттің қызметін атқару Сенат басшысына тиесілі. Заңдағы осы тетікті арқау етіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сайланғаннан бері бір бөлім оппозициялық саясаткерлер ҚР Президенті болып бірер жылда транзиттік жолмен Сенат төрайымы Дәриға Назарбаева келеді деп топшылаған.

Без названия (2).jpg

Әлеуметтік желіде бүгінгі Дәриға Назарбаеваның Сенеттан кетуі бұл әңгімеге нүкте қойды деп пікір білдіріп жатқандар көп. Бұл пікірді белгілі саясаттанушы Расул Жұмалы да өзінің фейзбук парақшасында жазды.

«Соңғы отставка бойынша Әліптің артын күтейік. Біздегі саяси жүйеде кім қайдан кеткені емес, қайда келгені маңыздырақ. Әзірге анығы бір - Дариға Назарбаеваның келесі президент болуы мүмкін деген алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойылды», - деп жазды саясаттанушы.

Сенат басшысының өкілетілігінің тоқтатуы президенттің, әлде елбасының шешімі ме деген сұрақ та көптің талқысына түсті. Ендігі Назарбаеваның қандай қызметке баратыны да осы шешімге байланысты екенін айтты. 2019 жылғы президент сайлауының кандитаты, саясаткер Әміржан Қосанов та bairaq.kz сайтынағы мақаласында бұл шешімнің түп-төркінін не елбасы, не президент қана біледі деді.

Без названия (1).jpg

«Біз осы шешімге қатысты әлі де елбасының пікірін естіген жоқпыз. Әзірше ол өз көзқарасын білдірген жоқ. Егер де бұл кадрлық-саяси өзгеріс президент пен елбасы арасындағы келісімге сәйкес жасалған қадам болса, онда біздегі қос биліктің әлі де саяси тұрғыдан қауқарлы, бір-бірімен келісіп жұмыс істеуге жарамды екендігінің белгісі. Олай болмаса, арты қиын болып кетуі мүмкін! Бірақ өз басым екінші президент дәл бүгінгі жағдайда дәл сондай қадамға бара алатындай толық құқықтық, инфрақұрылымдық, саяси әлеуеті бар дегенге сенбеймін. Бұл өзгерістің артында елдегі басқару жүйесінде парламенттік билікті күшейту идеясы тұруы да мүмкін. Сондықтан әліптің артын бағып, Сенаттың экс-төрайымы қандай қызметке баратынын күту керек болар. Көп нәрсе сол мәселеге байланысты»,- деді Ә. Қосанов.

 

Бұл шешім кімнің тарапынан жасалса да оған не себеп болғаны да қазірге белгісіз. Айсұлтан Назарбаевтың әлеуметтік желідегі жазбалары ма?  офшор дауы себеп болды ма? Әлде Қазақстанның экс-премьер министрі Әкежан Қажыгелдинның дағдарыс кезіндегі президент Тоқаевқа жолдаған сәлемінің әсері ме? Қазақстанның бұрынғы президенті, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресейге сапарының нәтижесі ме? Бұның бәрі алдағы саяси карьерасының қалай боларынан біліне жатар.

Сенаттан кеткен Назарбаеваның қандай қызметке баратыны туралы да көп болжамдар жасалуда. «Нұр Отан» партиясының төралығына, Үкімет басшылығына, болмаса бір облыстың әкімі болуы мүмкін деп топшылауда. Тіпті саяси карьерасы аяқталды деп болжаушылар да бар. Бұл болжамдар туралы журналист Нұрғали Нұртай фейзбук парақшасына қысқаша сараптама жазды.

36684852_1533845920054465_592757786664763392_o-1000x_.jpg

«Саяси мансабында 10 жыл парламентте түрлі креслоларда отырған Назарбаеваның өкілеттілігінің тоқтатылуы ешкім күтпеген саяси шешім болды. Әсіресе, пенсияға бір-екі жыл қалғанда. Премьер бола ма? Оның үкіметбасы болатындай салмағы жоқ. Іс-тәжірибесінде дәл 1 жыл вице-премьер болғаны демесеңіз, Үкіметте ешқашан салалық министрліктерді басқармаған. Нұр Отанға бара ма? Бірінші орынбасарлық айтарлықтай маңызды саяси орын. Алайда, бұл партия саяси модернизация процесі жүре бастаған, қыр астында сайлау тұрған осындай кезеңде отбасылық авторитеттен гөрі керісінше мықты менеджерге зәру. Партияның саяси кеңесінде онсыз да Нұрсұлтанқызы бір жылдан бері бар. Қалалардың біріне әкім бола ма? Пандемия белең алып, экономика тұралатып тұрған бұл кезеңде ірі қалалардың біріне немесе өңірге әкім боп баруды Назарбаева қалайды деп айта алмаймын. Меніңше партия құрып, белсенді болған 20 жылындағы саяси карьерасы осымен аяқтады»,- деп деген пікірін білдірді Н. Нұртай.

Дәриға Назарбаеваның қайда баратыны талқыға түсуі бірінші бұрынғы президенттің қызы болғандығы болса, екіншісі қазіргі Қазақстан билігі ауысуындағы көңіл күй. Билік ауысты ма, әлде транзит жалғаса ма деген халық көңіліндегі алаңнан орын алуда.   Сенат басшысы елдегі екінші орындағы саяси тұлға дегенмен, енді төтенше жағдай болмаса, президент транзиттік жолмен емес сайлау арқылы келеді. Не десек те бұл үрдіс басталды. Сайлау бұрынғыдай болса, кім қай қызметте жүрсе де Ата заң бойынша президент сайлауына түсе алады. Сайлауда кандидатты қоғамдық ұйымдар пен партиялар ұсынады. Сондықтан партия тізгінін ұстап, партиядағы беделін (ролын) арттыру маңызды. Әрине партиялар ішінде де түрлі өзгеріс болады. Кей партиялар бөлініп, кей саяси күштер бірігеді. Сондықтан бүгінгі ауыс түйістің де сол өзгерістерге қаншалықты әсер ететінін қазір болжауға болмас. Былтырғы 19 наурызда күтпеген оқиға орын алса, бүгінгі күнді де  күтпеген едік. Әлі талай күтпенген жағдайларлар орын алары даусыз.

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Биыл кеңжолақты интернетке қосылған ауыл саны 5 мыңнан асады
    Пандемия кезіндегі қашықтықтан оқыту үрдісі