Қазақстан қазан айында 860 мың тоннадан астам астық пен ұн экспорттады

Уақыты: 2020-11-06 Көрлімі: 525 Сипаттама

Еліміз астық пен ұн экспорты бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, деп ҚР АШМ баспасө...

7b7e321320f55c1f07a01743f7c2e528_original.1525141.jpg

Еліміз астық пен ұн экспорты бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп отыр, деп ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Ағымдағы жылдың қазан айында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен «ҚТЖ» АҚ-ның деректері бойынша Қазақстан шетелге 862 мың тоннаға жуық астық пен ұн саудалады.

Оның ішінде 617 мың тонна бидай, 164 мың тонна бидай ұны (235 мың тонна астық эквивалентінде) және 9,7 мың тонна арпа.

Бидай мен ұнның басым бөлігін Өзбекстан (327,6 мың тонна), Ауғанстан (230,3 мың тонна) және Тәжікстан (150,5 мың тонна) сатып алды. Арпаның барлық көлемі дәстүрлі түрде Иранға экспортталған.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ағымдағы жылы Қазақстанның дихандары жоғары сапалы дәнді дақылдар алғанын атап өткен болатын. Сонымен қатар, ҚР АШМ басшысы Қазақстанның астық пен ұнды сату мәселелеріндегі экспорттық стратегиясы коронавирус пандемиясына қарамастан өзгерістерге ұшырамайтынын мәлімдеген.

2020 жылғы 27 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысымен кездесу өткізіп, онда өңделген өнім экспортының көлемін ұлғайтуды және отандық аграршылар үшін жаңа нарықтар ашу бойынша белсенді жұмыс жүргізуді тапсырды.


Пікір жазу
  • Сенат шекараны күзету және ұлттық қауіпсіздік туралы заң жобасын қарайды
    Байден АҚШ-ның сыртқы саясатын өзгерте ме?

    Ұқсас тақырыптар