2022 жылдың "Жоғары оқу орындарының үздік оқытушы" конкурсында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 27 оқытушысы үздік деп танылды. Республика бойынша үздік атанған 150 оқытушыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек марапттады. Конкурста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ақпараттық Жүйелер» кафедрасының екі оқытушысы жүлделі болып, кафедра үлкен нәтижеге қол жеткізіп отыр. ҚазҰУ-дан топ жарқан 27 оқытушының ішінде PhD докторы Рахимова Диана және PhD докторы Омаров екеуі "Ақпараттық жүйелер" кафедрасында ұзақ жылдан бері қызмет етеді.
Үздік оқытушы атанған Дина Рамазанқызының ғылым жолына аяқ басқан 10 жылдан бері 40- қа таяу ғылыми мақала жариялаған. Оның ішінде 21-і Scopus және WoS ДҚ индекстелетін, h индексі 4.
Дина Рамазанқызы білім берумен бірге 2012-2014 жж. «Формалды грамматикалар мен статистикалық әдістер негізінде қазақ тілін ағылшын және орыс тілдеріне (және кері) компьютерлік аударудың тиімді технологияларын әзірлеу» МФ-да кіші ғылыми қызметкер, 2018-2020 жж. МФ «Қазақ тілін нейрондық машинамен аудару жүйесін әзірлеу және зерттеу» AP05131415 жобасында ғылыми қызметкер, 2018- 2020жж. «Қазақ тіліндегі деректердің ақпараттық-талдамалық іздеу жүйесін әзірлеу» AP05132950 тақырыбы бойынша МФ жобасының жетекшісі болып, бірнеге ғылыми жобаларда жұмыс жасады.
PhD доктор Омаров Батырхан Сұлтанұлы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласында жасанды интеллект бағыты бойынша 10 жылдан бері тоқтаусыз еңбектеніп келе жатқан ғалымдардың бірі. Қазірдың өзінде 66 мақаласы Scopus дерекқорларына енген, h индексі 12.
Батырхан Сұлтанұлы 2012-2014 жылдары «Гидродинамика теңдеулерімен байланысты сызықтық нашар шартталған алгебралық жүйелерді шешу процесін параллельдеу» жобасында, 2015-2017. «3D компьютерлік модельдеу элементтерін пайдалана отырып, виртуалды физикалық зертхана әзірлеу үшін. NET XNA фреймворк базасында ақпараттық технологияларды пайдалану» жобасында ғылыми қызметкер болып еңбек етті.
Қазіргі уақытта Батырхан Сұлтанұлы «Жастардың психоэмоционалды жағдайын диагностикалау және жақсарту үшін онлайн-психологиялық көмектің интеллектуалды жүйесінің прототипін жасау», «Білім беру мекемелерінде физикалық буллингтің ықтимал фактілерін автоматты түрде анықтау үшін жасанды интеллект негізінде бағдарламалық шешімнің прототипін әзірлеу», «Веб-ресурстардағы экстремистік мазмұнды анықтау үшін семантикалық талдаудың модельдерін, алгоритмдерін әзірлеу және кибер сараптама құралын жасау» қатарлы бірнеше ғылыми жобада аға ғылыми қызметкер.
Кафедрамыздың атынан аталған екі үздік әріптестерімізді марапаттарымен құттықтап, алдағы уақытта да білім мен ғылым саласына қосар үлестері көп болсын дейміз.
Мүсірәлиева Шынар Жеңісбекқызы
"Ақпараттық жүйелер" кафедрасының меңгерушісі;
Құрметқан Тұрдыбек
"Ақпараттық жүйелер" кафедрасының аға оқытушысы