Мен үшін Ахмет Байтұрсынұлы ұлы саясаткер– Мәмбет Қойгелді

Уақыты: 2018-09-05 Көрлімі: 2121 Сипаттама

1920 жылдары Ахаң Лениннің атына 3-4 хат жазған. Соның бірінде Мәскеудің Қазақстанды басқа...

43d2b331abb88af71c61ffc94adb3026_resize_w_520_h_.jpg

1920 жылдары Ахаң Лениннің атына 3-4 хат жазған. Соның бірінде Мәскеудің Қазақстанды басқаруға жіберген адамының қолынан түк келмейтіндігі жайында айтылады. Бұл жайында тарихшы Мәмбет Қойгелді Қазақстан тілдері күніне орай өткен коференция барысында айтты, деп хабарлаймыз Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Тарихшының айтуынша, 1920 жылдары Мәскеу Каз Воен редкомның төрағасы ретінде Станислав Песковты тағайындап, елді басқаруға жіберген және ол еш дайындықсыз келген.

«Байтұрсынов хатында былай дейді: Сіздің Қазақстанға жіберген басшыңыз не істеу керетігін білмейді. Өйткені оның қолында ешқандай бағдарлама жоқ. Бұл қазақ қоғамын білмейді, ол қалай бізді басқарады? Сіз жіберген адамның қолында бағдарлама болмаса, ондай бағдарлама үкіметте де жоқ деген сөз. Халықтардың теңдігі туралы деклорациядан өзге басқа бағдаралама жоқ», деген. Өкінішке орай Ленин оған жауап бермеген. Менің түсінігім бойынша Ленин жауап бере алмас еді», -дейді ол.

Тарихшының дерегі бойынша, Ахмет Байтұрсынов Ленинге жазған хатында қазақ қоғамын қиындықтан алып шығу жолын да көрсеткен, алайда Ленин оған құлақ аспаған.

«Ахаң шығатын бір-ақ жол бар деді. «Қазақта аттөбеліндей аздаған зиялылар бар, олар қазақ халқының болашағы үшін күресіп келе жатыр, сіз соларға сеніңіз, соларға тізгінді беріңіз. Олар қателесуі мүмкін, бірақ еш уақытта халқын сатпайды», деді. Ленин, Сталин де оның ұсынысын қабылдаған жоқ. Совет үкіметінің ең үлкен қателігі осы болатын. Совет үкіметінің билігі легитимді билік емес, патша үкіметінікі қандай болса, олардікі де сондай болды», -дейді М. Қойгелді.

Сөз арасында тарихшы Совет үкіметінің ұстанымына қатысты Парламент болашақта қаулы қабылдаса деген ұсынысын да айтты.

«Біз, гуманитарлық ғалымдар Ахаңның кезіндегі ұстанымының дұрыс екендігін дәлелдеуіміз керек, соның негізінде Парламент шешім қабылдау керек. Советтік жүйенің қате, қиянатшыл жүйе болғандығын айту керек. Бұл Ахаңдардан, Әлихандардан қалған аманат деп түсінуіміз керек», -деді ол.

Әділет МҰСАХАЕВ

Дереккөз: Baq.kz

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • КӘКІТАЙ ЫСҚАҚҰЛЫ: АБАЙ(ИБРАҺИМ) ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ
    Өткен ғасырдың басындағы әдебиет жайлы толғаныс