Менің ҚХР Ғылым Академиясы Шынжаң бөлімшесіне келіп оның Тарих зеттеу бөліміне орналасқаныма міне биыл (2009-жылы 2-айда) нақ 50 жыл болды. Осы ғылым ордасының ауласында ілгерінді-кейінді болып 30 жыл тұрдым. Бұл академияның ҚХР-дағы әр ұлттың жаратылыстық ғылымы мен қоғамдық ғылым саласындағы жас саңлақтарын қандай баулып, қалай жетілдіргенін өз көзіммен көрдім. Демек мен өзім де осы «алтын ұяның» құшағына алғаш кірген түлектердің бірімін.
Ғылыми зеттеу жұмысымды оның «Тарих зерттеу бөлімінен» бастадым. Осы тарих зеттеу бөлімі негізінде, 1960-жылдарда құрылған, орынбасар меңгерме дәрежелі ШҰАР этнологя институты(新疆维吾尔自治区民族研究所, 1978-жылдан тартып жүргізілген дайындықтар негізінде, 1981-жылы көктемде құрылған Шынжаң қоғамдық ғылымдар академиясы болып шаңырақ көтерді.
Екі Академияда өткен 50 жылда мен ұлтымыздың жаратылстық ғылым мен қоғамдық ғылым саласындағы жас зерттеушілерінің осы екі Академиясы басшылары мен туысқан ұлттардан шыққан сақа ғалымдардың қолдауымен жебеуінде, өздерінің ғылым шыңына шығу жолындағы талықпай ізденулерінің арқасында қандай табыстарға қол жеткізгеніне куәгер бөлдім.
Мен осы ессемде, ҚХР ғылым акедемясы Шынжаң бөлімшесі сынды «алтын ұяда» бір топ аға буын қазақ ғалымдарының өсіп-жетілу барысын бүге-шігесіне дейін түгендеймін деп айта алмаймын. Дегенмен өзіммен алды 50 жыл, арты 40 неше жыл бірге жасасқан, бірге білім-өнер жолына түскен достарым мен саптастарымның қоғамдық өмірдің сан сынақтары мен қыспақтарынан қайсарлықпен өтіп, алуан ғылым арыстарына, әйгілі ғалымдарға айналу барысының бір үзігін айтып бере алсам қуанамын.
ҚХР ғылым Академиясы Шынжаң бөлімшесіне 1956-жыл мен 1966-жылдың арасында жоғары мектеп бітіріп келген қазақ жастарынан ел іші-сыртына әйгілі ғалымдар және қоғам қайраткерлеры болып жетілгендерден: Сағидолла Қоманұлы, Үркінбек Малшыбаев, Қасен Базарбаев, Қүладан Сакенова, Ботай Көпенұлы, Асқар Мәдібекұлы, Ердәулет Сілабекұлы, Сайып Мүсәділұлы, Жақып Мырзаханов, Нұрмұхаммет, Қабдолла және Қүлпәштарды атауға болады. Бұлар Академияның алғашқы түлектері еді. Бұлардан кейбіреуі (мысалы, Ботай, Асқар, Жақып, Нұрмұхаммет, Қабдолла және Күлпәш) ілгерінді-кейінді қоғамдық қызмет талабымен бұл Академиядан ауысып кеттік, немесе осы ғылым Академиясы ауласында өссек те басқа ғылым саласында істедік.
Сондықтан мына шағын есседе негізінен осы ҚХР ғылым Академиясы Шынжаң бөлімшесінде бастан-аяқ табан тіреп істеп, алуан ғылым шыңына қол созған жаратылыстық ғылымның әр саласындағы аға буын қазақ ғалымдары болып жетілген достарым туралы ғана тоқталамын.
1. Сағидолла Қоманұлы
1959-жылы ақпанда Шынжаң институтын (қазіргі Шынжаң университетін) бітіріп біртұтас бөліспен ҚХР ғылым Академиясы Шынжаң бөлімшесіне келгенімде, құрылғанына ұзақ болған Академияның жалғыз ғана қызмет ғимараты бар екен. Оның үсітіне ШҰАР тіл-жазу қызметы көмитеті де осы ғимаратта екен.
Қазақ баласынан Сағидолла және Қабдолла деген екі жігіт бар екен. Күлпәш (сабақтасым) екеуіміздің келгенімізді көрген екеуінің қуанышында шек болмады. Әсіресе Сағидолла Қоманұлы ағамыз манде терең ықпал қалдырды, жасының бізден үлкендігі, денесінің кесектігі, сөз қимылындағы қою қазақы мінезімен ерекшеленіп тұр. Ол осы Академияның есігін тұңғыш болып ашқан қазақ азаматы екен. 1953-жылы Тарбағатайдан Үрімжіге (Шынжаң институтетіне) келіп агроном фәкултетіне түсіп оқып, 1956-жылы оқуын бітірген ол, Академияны құрудың дайындық жұмысы шұғыл жұрылып жатқан кезде осы ғылым одасына келіпті.
Сағидолла Қоманұлының Академияның құшағына енгенінен тартып өмірінің соңғы күндеріне дейін ғылыми зерттеуде жеткен табысы, атқарған қоғамдық қызметы жөнінде қатысты газет-журналдарда талай мақалалар жаряланған. Бұлардан өзім тіке қалам тербеген «ғылым ордасында» («Шынжаң гәзетінің» 1979-жылығы 8-қазан күнгі санында») атты республика құрылғандығының 30 жылдық мерей тойы тұсында жаряланған өчерікті атағым келеді. Осы өчерігімнің «дарынды ізденуші» атты тақырыптағы бөлімінде мен Сағидолланың сол кезге дейінгі ғылыми зерттеу табыстарын жинақтап атаған едім. оның биология-топырақ институтының экология-геоботаника зерттеу группасына жетекшілік істеп Тарбағатай мен Арқас тауы (Жоңғар алатауы) және Сауыр өңірлеріндегі жайылымдарды терксеру-зерттеудегі табандылығы, қажыр-қайраты өзінің кәсіптестерін ғана емес, институт пен академия басшыларын таң қалыдырған және қазақ, моңғұл малшыларының алқауына бөленген еді. Сондықтан ол 1965-жылы көммунизмшіл жастар одағының озат мүшелерінің бірі ретінде астана Бейжиңге барып, халық көсемдерінің қабылдауында болып, «қызылданған, маманданған жас маман» өрденін тағып қайтқан болатын. Сақаңның зерттеу жұмысы аласапыран болған жылдарда яғни 1971-жылдан басталып кеткені жөнінде мен осы очеркте айалдаған едім. Ол 1962- 1966-жылдарда «Тарбағатайдың солтүстік бес ауданындағы жайылым қайнарларына баға» атты көлемді ғылыми мақаланың жазылып, диссертациялық еңбек ретіндегі ірі мақалалар жинағына енуіне және осы бес ауданның жайылым картасы сызылып үздік еңбек болып бағалануына жетекшілік еткен адам болса, 1971-, 1972-жылдарда Байынғолин моңғұл автономиялы облысы Хыжың ауданының Байынбұлақ өңірінде «ҚХР ғылым Академиясы Шынжаң бөлімшесі Байынғолин жайылым зерттеу фөнктінің» ірге тасын Ердәулет Сілабекұлы атты жас зерттеуші бауырымен бірге қалаушы және Академиядағы биология зерттеу бөлімінің орынбасар меңгерушісі еді.
Сағидолла ағай 1956-жылдан 1998-жылға дейін мемлекет және автономиялы район дәрежелі сегіз ғылыми тапсырмаға қатынасып, оның алтауына тіке жетекшілік істеді. 1982-жылдың соңынан бастап ШҰАР мал шаруашылық ғылым Академиясының орынбасар бастығы, Академия ғылыми көмитетінің орынбасар меңгерушісі болды.1987-жылы аға зерттеуші атағын алды. 1976-жылдан 1998-жылға дейін ШҰАР саяси-маслихат кеңесінің мүшесі болды. 1989-жылы францияның жер орта теңізі бойындағы Ницца қаласында ашылған халықаралық 16-кезекті жайылым туралы ғылыми конференсияға ҚХР мамандарының өкілі болып қатынасты. Ол Аустраляда, АҚШ-да, бұрынғы Кеңес одағында ғылыми сапарларда болды. «Шынжаң жайылымын зерттеу» секілді бірнеше ғылыми еңбектің авторы. Сақаңның ғылыми жұмыстары жөнінде, Шынжаң жастар-өрендер баспасынан 2004-жылы баспадан шыққан, Бақытхан Білалұлы бауырымыз құрастырған «ҚХР қазақ мамандары» атты кітапта жан-жақтылы таныстырылғандықтан бұл арада мен қысқаша ғана еске алдым.
Осы аяулы адамды мен әлі де арамызда тірі жүргендей көремін, ол арамызадан кеткеніне бес жылдай уақыт өтсе де, оның ақ коңіл-аңқылдақ мінезі, адамдарға жамандық істеуден өзін аулақ ұстайтын кісілік қасиеті, бүкіл өмірін ғылымға, халқына, отанына арнаған обыразы көз алдымда тұр...
Сондықтан ол Шынжаңда Академияға тұңғыш болып келген қазақ перзенті ретінде, менің аумалы-төкпелі жылдардағы зиялылар тағдыры жазылған «Таңқурай» романымдағы бас кейіпкердің протетипі болды. Аласапыран болған жылдарда ол қара боранынан біз сияқты бауырларын қорғаштады. Ердәулет Сілабекұлы сынды дарынды бауырының ғылыми зеттеуде тамаша табыстарға жетуін жебеді. Шынжаңда жайылым зерттеудің кошбасы болды. Өмірінің соңына дейін ғылыми зеттеуден қол үзбеді. Отбасынан тартып тұтас ұлттың, тіпті туысқан ұлттар ара ынтымақ берекенің адамы болды.
Сағидолла аға артына өлмес мұра қалдырып кеткен адам. Оның көзі тірісінде жариялаған елуден артық мақаласының арасында «Шынжаң Тяншян Байынбұлақ районының бетегелі, селеулі жайылымын зерттеу», «Ушидың жалпы беттік алдын алу шаралары және оны ашып пайдалану», «Бетегелі жайылымды қорғау және оның ұрық базасын құру» секілді мақаларының ғылыми құны жоғары, ел іші-сыртында жайылым зерттеу саласында ықпалды мақалалар. Сақаңның «Шынжаң жайылымын зерттеу» атты кітабі өз кезінде батыс солтүстік бойынша 1-дәрежелі таңдаулы кітап сыйлығын алған еді. «Уши жөнінде зерттеулер» атты төл шығармасы, «Жайылымдағы ғажайып көріністер атты» аударма кітабі және басқалармен бірлікте жасаған «қазақша-латынша-ханзуша ботаника сөздігі» секілді кітаптары бұл экологя ғалымын өлтірмейтін еңбектер. Әсіресе «Уши» жөніндегі диссертатциясының АҚШ өнер кәсіп-мал шаруашылық университетінде құрмет сиылығын алуының мән-маңызы өте зор еді.
2. Үркінбек Малшыбаев
Үркінбек Малшыбаев адемямызға 1960-жылы келді. Ол Сағидолла, Қабдолла, мен (Жақып Мырзаханов) және Күлпәштан кейін іле-шала келген мықты оқымысты қазақ еді. Ол тұста академиямызға шетелден оқу бітіріп келген мамандар жоқтың қасы еді. 1955-жылы мемлекеттік оқу-ағарту министрлігінің біртұтас емтихан алып саралауынан үздік нәтижемен өтіп Москваға (геология институтына) оқуға барып табыспен елімізге қайтып келген оны құрылғанына ұзақ болмаған академия басшылығы қызу қарсы алып Жағрапия зерттеу бөліміне орналастырған болатын. Республика құрылғаннан кейін, кезіндегі Кеңес одағы сынды ірі шетелге барып жоғары білім алған қазақ азаматының Академиямызға келуінің бізге силаған қуанышында тіпті шек жоқ еді. Сағидолла аға бастаған қазақтар қиыншылық тұралатып тұрғанына қарамай үнемі бас қосып бір жапырақ нанды бірге бөлісіп жейтінбіз. Ауылдағы әке-шешелеріміз бен туыстарымыздан сәлемдеме ретінде келген ет пен женіт, құрт пен майды ортаға салып маз-майрам болып тойынып-тыраңдап қалатынбыз.
Үркінбек үйренген біліміне сай, ғылыми зерттеу жұмысына тасқындаған жігермен енді ғана кіріскен тұсында, 1962-жылы жазға салым жасырын жабылған жаламен қолды болыпты. Сол жылы сәуірдің соңын ала Іленің Моңғұлкүре ауданына қарасты «Шаты» өңіріндегі ежелгі Үйсын обаларына археологялық қазба жүргізетін мамандар группасы құрамында кеткен мен бұл жағдайдан хабарсыз едім. Сағидолла аға хатында: «Жақып бауырым, аман жүрсің бе?!, Тарбағатай мен Іледегі оқиғаның салқыны Үрімжіге қатаң тиіп тұр... Үркінбекті аяқ астынан қолға алып кетті. Неге екенін қазңрше ешкім білмейді. «Апам да аң-таң, мен де аң-таң» дегендей іс болды... әйтеуір өзіміз аманбыз, қызметіңді алаңсыз істе» депті.
Қабырғам қатты қайысты. Бірге қызмет істеп, бірге ойнап-күліп жүрген жолдасыңды қимайды екенсің, бірақ бұған басқа не амал?!.. Сол реткі археологялық қазба жұмысынан 1963-жылы көктемде қайтқан соң байқадым, Үркінбектің орны бөлек екен. Ол ақ-жарқын мінезді, әңгімешіл, бауырмал болғандықтан той-топқа көбінше бірге барушы едік. Оның он неше жылдық қамақ жазасын бітіріп шығуын тосу туған-туыстары мен жолдас-жораларына өте ұзақ болып отырғаны анық, көнбеске шара жоқ еді...
Үркінбектің 1980-жылдың қарасын көре түрмеден шыққан соң Академияға келгенде, ең алдымен іздеген қызметтес достарының бірі мен болдым. Құшақтасып көрістік. Сонда мен одан академиядағы достарыңды қайтып қорғап қалдың деп сұрадым. Түрменің қыспағы мен азабына қайыспас қарағайдай төтеп берген ол: «е, жақа, мен түрмеде көрмеген азап қалмады ғой, алғаш қолға алынған кезімде-ақ Академиямыздан сені мен Сағидолла, Шынжаң университетінен Сұлтан мен Әмір төртеуіңді атап «бұлармен болған барыс келісіңді анықтап тапсыр», деп талай рет қыспаққа алды. Мен сендерді жоқты жонып арандатуды жөн көрмедім, олардың да басқа амалы қалмады. Біз шынында да қызметтестер, достармыз емес пе?!, өзім жолыққан пәлеге, маған жабылған жалаға сендерді араластыруды азаматтық арым көтермеді. Тіпті 1960-жылдардың соңы 1970-жылдардың басында аласапыран болған жылдар тұсында да түрмеге менімен кезігіп тексеруге жіберілген адамдар сендермен қатынасымды тапсыруды тағы да қоздатты. Бірақ мен бұрынғы айтқанымды қайталадым», - деді.
Мен оның 20 жылға жуық түрме азабын тартса да мұқалмаған ерлік -жігеріне таң қалдым. бұрын нұрланып тұратын қызылсары жұзы күнге күйіп қарауытсада, жанарлы көзі жайнап тұр. Жасы қырықтың мол ішінде болса да, қылпылдаған қылыштай өрт мінезінен таймаған сияқты. Осыған сүйініп оған барлай қарап отырған мен: «Үркен, үзеңгілес жолдас болғандығымыздан, тарғалаң күндерде тағдырдың тәлкегінен бөліну бізді күйзелтіп кеткен. Әйтеуір өз басым озіңнің ер жігіттігіңе разымын. Қандай қысым көрсең де өзің төтеп беріп, үзеңгі жолдастарыңды пәледен қорғап қалдың. Міне енді заман оңалып қатарымызға қайтып келдің. Қызметың қалпына келсе, басыңды құрап бауырыңа қазан ассаң болды. Бәрі де өз орынына түседі...»б- деген болатынмын.
Үркінбектың кейінгі табыстары біздің күткенімізден артық болды. Ғылым пкадемиясының алтын ұясы тарландап барып құшағына оралған тастүлек қыранды ғылым шыңына құлаш сермеуге барынша жебеді. Айналасы он неше жылда ол «мемлекет топырағын зерттеу», «байлық қайнарын универсал зерттеу» секілді ірі Академиялық ғылыми тапсырмалардың орындалуына қатысты ғылыми экцпедицияларға қатынасты. Бұдан сырт «Алтынтау экспедициясы» өз алдына бір төбе. Осы барыста оның көптеген ғылыми мақалалары және «Алтын Алтай» (қазақ тілінде), «Алтайдың ежелгі үгілме қабаттары» секілді кітаптары (1993−1994-жылдары) баспадан шықты. «Қуаң өңірлер жағрапиясы» деген ғылыми журналдың ұйғұр тілінде жарық көруіне ерекше үлес қосты. 1985-жылдан 1992-жылға дейінгі 6-7 жыл ішінде орта дәрежелі көмекші зеттеушілік атақтан, ең жоғары «аға зеттеуші» деген атаққа дейін алып болды. Алған алуан түрлі сыйлықтары өз алдына бір төбе. Көптеген мемлекететтік және автономиялы райондық ғылыми қоғамдардың мүшесі немесе жорасы болды. Еліші және халқарадағы көптеген жағрапия, геологя ғылымдары бойынша ашылған ғылыми конференцияларға ҚХР ғалымдарынан ұйымдасқан үйірмелердің мүшесі болып қатынасты. оның ғылыми еңбектері туралы Бақытхан Білалұлы құрастырған, менің бас радакторлығымдағы «ҚХР қазақ мамандары» атты Шынжаң жастар-өрендер баспасынан шыққан кітапта, ал оның өмір жолы туралы жазушы Шәміс Құмар ұлы жазған «қилы жылдар» атты ессе романда жан-жақтылы жазылғандықтан қайталамадым. Жасы елуге тайағанда өзін құлай сүйген өмірлік серігі Кәменмен бас құраған, оның аяаулы ұл-қызы қазір ҚХР мен Қазақстанда тең жоғары мектеп бітіріп қоғамдық қызметке қадам басу алдында...
Жалғасы бар
Бұл ессе Шынжаң «қоғамдық ғылым мінбесі» журналының 2010-жылғы 1-санында және автордың «Алтын ұя» атты кытабында жаряланған.
«Абай жолы» вичат текшесінен алынды.
Jebeu.kz