Д. Абаев: Қоғам мен билік арасындағы ашық диалогтың қажеттілігі арта түсті

Уақыты: 2019-03-29 Көрлімі: 879 Сипаттама

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму минис...

94EEF6F6-D538-4A80-8F52-6E7B8EC5B693_cx0_cy6_cw0_w1023_r1_s.jpg

«Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы жұмыс сапарын неліктен Түркістан облысынан бастағанын түсіндірді. 

«Шымкент қаласымен бірге қосқанда Түркістан облысы - Қазақстандағы халық ең көп тұратын, халықтың тығыздығы өте жоғары, әсіресе инвестиция тарту жағынан даму келешегі орасан зор аймақ саналады. Түркістан біздің елдің тұрғындары үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін киелі мекен екенін ұмытпайық. Бұл ретте Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен кездесу кезінде жергілікті деңгейдегі шаруалармен бірге жалпы елдің деңгейіндегі жұмыстар туралы сөз қозғады. Мәселен, мемлекет пен халықтың қарым-қатынасының қағидаттарын қайта қарау міндеті тапсырылды. Бүгінгі таңда билік пен қоғамның арасындағы ашық әрі түсінікті диалогтың айқын қажеттілігі айтарлықтай арта түсті. Әлеуметтік сұраныстың қажеттіліктерін дәстүрлі амал-әдістер қанағаттандыра алатын емес», - деді министр. 

Министрдің айтуына қарағанда, осы себепті аталған қарым-қатынастың жаңа форматтары енгізілуі әбден ықтимал. «Президент сонымен бірге жемқорлықпен күрес мәселесіне, елдің экономикалық дамуы мен өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге жеке тоқталғанын атап өткім келеді», - деді Абаев

Министр Петропавл, Павлодар және Семейдің атауын өзгертуге қатысты әлеуметтік желілерде тараған ұсыныстарға да өз ойын білдірді. 

«Астана атауының өзгертілуі - біздің халықтың тарихы мен тағдырының айтулы кезеңінде болғанын айта кеткім келеді. Сипаты мен тұрпаты өзгеріп, тәуелсіздік жылдарында құлпыра бой көтерген елдің басты қаласының атын өзгерту логикасы толығымен түсінікті. Ол туралы біршама көп айтқан да болатынбыз. Ал Петропавл, Павлодар мен Семей қалалары туралы айтар болсақ, бұл ретте, мәселеге жеке-жеке кірісу керек. Ономастика саласындағы мамандар да өз сөзін айтуы тиіс. Жалпы, «үйдің іргесі берік болсын десең - қабырғасын асықпай қала» деген сөз бар. Осы қағиданы ұстанайықшы»,- деді Дәурен Абаев. 

Jebeu.kz






Пікір жазу
  • Смиттің өсиеті. Құлдарды құлақкесті бағындыру жолы
    ҚР Президенті «Egemen Qazaqstan» және «Aiqyn» газеттеріне сұхбат берді