Қожалар дауын кімдер ұйымдастырды?

Уақыты: 2019-04-13 Көрлімі: 3774 Сипаттама

2018 жылы ақпан айының 17,18 күндері ватцаптағы «Қызай ана» деген топта аты-жөні белгісіз о...

6350cd5e-974c-466d-9037-32bbddc97eeb.jpg

2018 жылы ақпан айының 17,18 күндері ватцаптағы «Қызай ана» деген топта аты-жөні белгісіз оншақты адам менің әдірісіме Қытайдағы жағдайға байланысты, «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігіне байланысты көптеген қисынды-қисынсыз сұрақтар қойды. Мен барынша сабырлықпен барлық сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Олар ұйымдасқан түрде жеке басыма шабуылдар жасап, ауыр-ауыр сөздер айтты. Мен көрсеткен қисынға, дәлелдеген фактіке пысқырмады. Топта отырған біраз жанашыр жекеме шығып, бұлардың мақсатты түрде пәле іздеп отырғанын ескертті. Дау-дамай күшейді. Соңынан топ басшысы осы дауды белсене қозғап отырған 87087614570 деген нөмірді қолданушы мен мені топтан шығарып жіберді. Бұл бейтаныс адам түнгі сағат 23 –ден тағы сағат 2- ге дейін жекеме шығып мазамды алды. Ол тек жазады, сөйлемейді. Екеуіміздің желіде сөйлескен сөздеріміз менде әлі сақтаулы. Ертесі фейзбук желісінде менің Қытай сайттарында шыққан және әлеуметтік желіде жариялаған суреттерім мен сұхбаттарымды  жинастырып, сөздің алды-артын өзгертіп, монтаждап Айтуған Төртуыл дегеннің жеке парақшасында, ютуб каналдарында жариялады. Сонымен қоғамда үлкен түсінісбестік тудырды. Көптеген адамдар жекеме хабарласып істің жөнін сұрады, қоқан-лоқы көрсеткендер де болды. Бірақ, бәрі жағдайға қаныққан соң түсіністік танытты. Десе де менің қоғамдық қызметіме, жеке бастық ар-намысыма едәуір нұқсан келді деп ойлаймын. Сондықтан аталмыш номердің иесі бойынша Алматы қалалық ІІД Бостандық аудандық ІІБ-ге арыз бердім. Олар бұл номердің Алматы облысы Талғар ауданында тұратын азаматша Альфия Иврайимовна Абассованың атында тіркелгенін анықтап берді (1,2-  сурет). 

94a8b56c-8ea8-4e33-a6cb-8f7707a092ab.jpg

3e2e1c4c-e5b1-4060-a676-f6cdcbc1ec93.jpg

Бұл кісі бұл істен хабары жоқ екенін әрі бұл номерді қолданбайтынын айтты. Соңынан жалғасты арыздануға тура келді. Содан 2018 жылы қыркүйектің 8-і күні Бостандық аудандық ІІБ менің өтінішім бойынша  87087614570 номерін қолданушы адамның кім екенін анықтап берді. Ол «Бір жағалау бір белдеу автомобилдер» деген фирмада жұмыс істейтін Ерлан Бекмырза деген баурымыз екен (3-суретте Ерлан Бекмырзаұлы, 4- суретте ол қолданған телефон номерлер, 5- сурет ол жұмыс істейтін фирма).

6350cd5e-974c-466d-9037-32bbddc97eeb.jpg

88a26d31-71e3-4c11-8627-ef774f5c2d39.jpg

2082ff27-695f-46c5-80ad-db5d81efd6a8.jpg


 Осыдан кейін Ерланның өзіне шықтым. Бір рет сөйлескеннен кейін телфон көтермей қойды. Мынау екеуіміз ара сөйлескен хабарламалар, ол 100 мың доллар беріп бітісуді айтты(6,7,8,9,10- суреттер). 

0ea449c0-efa8-43c0-9d3b-329998dc4041.jpg

c662bad4-96b8-4974-94d3-ba4010d8709b.jpg

582bd2c6-23b0-4d83-8aa8-a67af354955f (1).jpg

221cf31f-f66e-4ff9-99c7-a788af28e00c.jpg


be24f036-489b-4afb-bbc7-ab112ce827f1.jpg


Мен ақша маңызды емес екенін, бұл ойынның артында кімнің тұрғанын білгім келтенін айттым. Осыдан кейін ол жым-жылас жоғалып кетті. Телефонда, ватцапта мені бұғаттап тастады. Іспен айналысқан миллициялардың айтуынша бұл адам қазір Қазақстан аумағында жоқ, Қырғызыстан, Ресей, Украинада интернет саудасын жасап жүр екен (11, 12 – сурет).

9491e1e8-2e53-4925-9ddc-26ef2cba809c.jpg

555b804e-b5f6-4d84-aa77-92d2693dd516.jpg

  Қыркүйек айынан кейін тоқтап қалған бұл дау, 2019 жылдың ақпан айының ортасынан бастап, қайтадан көтеріле бастады. Кезінде ватцап желісінде Гүлнұр Тәлімқызына, Ермек Сағымбек, Жарқын Исаханұлдарына таратуға нұсқау берген Қайрат Байтоллаұлы Қожа деген арнаулы топ құрып, өзі админ болып істің ақ-қарасын білмейтін жастарды маған айдап салды(13-сурет). Нұрхан Сұлтанбайұлы Шымкент, Түркістан қалаларына барып, Қожа руының игі жақсыларын маған арыз беруге үгіттеген. Бірақ, бұл арандатулар іске аспай қалды.

25c3e177-6ec2-4279-ae73-ce3ab9ad152c.jpg


Бұл даудың мақсатты түрде ұйымдастырлғанына тағы бір дәлел бар(14 сурет). Мына суреттегі кісі Пекин қалалық саяси кеңестің төрағасы Ji Lin мырза. 2018 жылы қаңтарда Пекин қалалық саяси кеңестің жиынына шетелдік қонақ ретінде қатынасқанымда бірге түскенбіз. Бұл сурет вичат желісінде кезінде Пекинде бірге оқыған курстастар құрған «82 курстастар» деген топта ғана жарияланған. Суретті менің бір курстасым Астанада тұратын ақын Ауыт Мұқибекке жіберіп бергенін көрген куәгер бар. Енді осыдан ары қарй саралай беріңіз. Бұл қойылымды ұйымдастырушылар бүгінгі қылмыс күмәндісі Серікжан Білаш және Қайрат Байтолла, Ауыт Мұқибек орындаушы Ерлан Бекмырза мен Ғалым Рахыжан деп мөлшерлейміз. Әрине, Ерлан Бекмырзаұлы түбінде заң алдында жауап береді. Сол кезде барлық құпиялық ашылады.

233ac385-c7b5-41e8-bc30-ebddbeada413.jpg


13256289_114921932257458_383917531572733230_n.jpg

45533e31a4f7ec05f5a416c1490cb5c5.jpg

Мен өз басым Ерлан Бекмырзаның жастығын, албырттығын ойлап, оған ойлануға уақыт бердім. Мәселені шешудің жолын көрсеттім. Бірақ, әлеуметтік желіде фейк болып отыратын көмескі күштер бұл дауды қайта-қайта көтере берді. Әредік-әредік қожа туыстар да өз реніштерін білдіріп жатыр. Олар істің ақ-қарасын білгісі келеді. Сонымен ұзақ ойлана келе, қолымда бар деректерге сүйене отырып, осы мәлімдемені жариялап отырмын. Төменде осы іс жөніде өз ойларымды ортаға салайын:

1-            Тарихшылар Зардыхан Қинаят пен Нәбижан Мұқаметханұлының пайымдауынша, қазақтың тәрихы бөліну тарихы емес, бірігу, тұтастану тарихы. Арғы атамыз Сақ, Ғұн, Түріктерден тартып, Шығысхан империясы, Жошы ұлысы, Алтын Орда, Ақ Орда, Қазақ хандығы, Алаш Ордадан бүгінгі Қазақстанға дейін біргіп, кірігіп келеміз. Осы үдересте барлық тайпа, рудың үлесі бар. Алтайдан Атырауға дейін Жетісайдан Керекуге дейін тіліміз, дініміз, діліміз, территориямыз тұтастанып кетті. Осы үдерісте қожа туысқандардың үлесі зор. Мұхтар Әуезовтан Қалтай Мұхаметжанға дейін классиктерді жата-жастанып оқимыз. Рухани өміріміздің шам шырағы деп білеміз.

2-            Бұл видеоны өзім жазып, әлеуметтік желіде өзім тарқатқам жоқ. Жоғарыдағы ұйымдасқан топтың қитұрқы әрекетінін бірі болу керек. Әлемдік империялар мүддесі тоғысқан Қазақстанның билік алмасу транзиті кезінде,  Қытайдағы қандастарымыз қысымға ұшырап, қиналған кезде Қазақстан билігіне қысым жасайтын күрделі топ пайда болды. Біз де осы топтық күрестің құрбанымыз деп білеміз. Саналы-санасыз түрде, екрікті-еріксіз түрде дау-жаңжалға араласуға мәжбүр болдық. Осы тұрғыдан келгенде туындаған келеңсіздіктер үшін, адамдар санасына түскен писхологиялық басымдықтар үшін өзімізді жанамалай кінәлі деп санаймыз.

3-            Қазір қоғамда ұлтты айтсаң ешкім үндемейді, руын айтсаң өре түрекеледі деген пікір анда-санда қылаң береді. Тіпті ру-ру, жер-жерге бөліп пікір жазатын блогерлер шығып жатыр. Бұл біздің қоғам үшін қауіпті тенденция деп білеміз. Жау ешқашан сырттан келмейді, іштен шығады. Сол үшін ұлтты сүйіп, мемлекеттің мүддені қорғауды өзімізден бастап, сөзімізбен емес ісімізбен дәлелдеуіміз керек.


Омарәлі Әділбек

 Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Расул Жұмалы: Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы бастамаларын оң бағалаймын
    "Тоқаев еуропалық деңгейден де жоғары саясаткер"