Қанат Ислам: Бүгінгі кездесу алдағы бокс кешімізге зор күш-жігер береді

Уақыты: 2019-05-23 Көрлімі: 1724 Сипаттама

22 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысында жасаған сапарында белг...

3BCB05F3-ECC7-474A-80A4-99E4CF1C1811.jpeg

22 мамыр күні ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысында жасаған жұмыс сапарында белгілі кәсіпқой бокшы Қанат Исламды қабылдады. Бұл туралы даңықты спортшы Қаната Ислам фейзбуктегі жеке парақшасында жарияладыы.

"Бүгін Ақтөбе облысына іс сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен кездестік. Мен үшін әсері өзгеше болды. Шынымды айтсам, әңгіме ресми форматта өтетін шығар деп ойлағам. 

Бірақ, Президенттің өзі бірден шешіле әңгіме бастап кетті. «Сені жақсы білемін, сұхбаттарыңды оқығанмын» деді. Содан кейін-ақ, етене жақын адамдай емін-жарқын әңгіме басталып кетті.

Спортшы ретінде алдағы жоспарларымды айттым. «QAZAQ promotions» промоутерлік компаниясы алдағы 5-шілдеде үлкен бокс кешін өткізгелі жатқанын, бұл Алматы қаласының Әкімі Бауыржан Байбектің қолдауымен жүйелі түрде әр екі жыл сайын өтіп тұратын кәсіпқой бокстағы ірі жоба екенін жеткіздім. Ол кісі сөзімді бірден құптады. Құптап ғана қойған жоқ, «өзім барамын!» деді. Мұндайда өзі не деріңді білмей қалады екенсің! «Иә, Сізді соған шақырамын!» дедім. Бұл әрине, мен күтпеген жағдай болды. 

Сонымен бірге алқалы жиында елдің алдына шығып баяндама жасап, еліміздегі білім және әлеуметтік салалар бойынша өте өзекті дүниелерді алға тартқаны көңілге үлкен сенім ұялатты. Шынымды айтсам, қуандым!

Осының алдында еліміздегі сайттардың бірінен «Президенттің есімі» деген мақалаға көзім түсіп, оқып шығып едім. Әкесінің өте ауыр тағдырды кеше жүріп, соғыста жалғыз ағасы Қасымнан да айырылып жалғыз қалғаны, содан Қасым есімі ұмытылмасын деп тұңғышының атына әдейілеп Қасымды қосқаны ерекше әсер етіп еді.

Майдан шыққан бүйрек емес, тағдыр тауқыметін тартқан, еңбегіне сүйеніп, біліміне сенген әке тағылымы бойына дарыған дара тұлғаның кішіпейілдігіне, бүгінгі айрықша ықыласына өз тарапымнан ілтипатым – қазаққа қалтқысыз қызмет ету деп ұғындым. 

Бүгінгі кездесу алдағы үлкен бокс кешімізге зор күш-жігер берді! Қазақтың мерейі өсіп, мейманасы тасыған, беделі асқақтап, берекесі артқан, жеңісті де, жемісті күндерінде жолығайық! Бәріміз сондай күндер үшін жұмыла жұдырық болып қызмет етейік", - жазды спортшы.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Асыл армандар мекені
    Қ. Сансызбай: Ұлт тағдырына ұлағаттылықпен қарайтын кандидатқа өз даусыңызды беруден қалыс қалмаңыз