Берік Әбдіғалиұлы: Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында елдегі ең негізгі мәселелер көтерілді

Уақыты: 2019-09-09 Көрлімі: 1786 Сипаттама

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбдіғалиұлы кеңестің бүгінгі отырысында...

f5f2495b7a74e526c9e21098fddf008e.jpg

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Берік Әбдіғалиұлы кеңестің бүгінгі отырысында мемлекеттің болашағына тікелей қатысты, ел ішіндегі ең негізгі мәселелер көтерілгенін мәлім етті.

«Бұл алғашқы отырыс болғаннан кейін өте жіті дайындықпен, салмақты өтті. Көптеген эмоциялық ұсыныстар бар еді. Менің ойымша, оны келесі жолға қалдырып отыр. Бірақ, ең басты, негізгі, мемлекетіміздің дамуына қатысты мәселелер сөз жоқ, көтерілді. Саяси реформалардың маңызы қозғалып, нақты экономикалық ұсыныстар берілді. Тіліміздің, ұлттық рухтың әңгімесі айтылды. Ең негізгі, басым бағыттағы мәселелер көтерілді. Бұл жолы мемлекетіміздің болашағына тікелей байланысты, тұрақтылығы мен дамуына қатысты мәселелер айтылғанын тағы да айта кетейін. Бірақ, айтылмаған жайттар әлі бар. Біздің кеңес мүшелері келесі отырыста соған дайындалады. Менің өзім Ұлттық кеңестің әлеумет және мәдениет тобындамын. Мемлекеттік тіліміз бен тарихымызға қатысты мәселелерді көтереміз», - деді Берік Әбдіғалиұлы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

18189-6-ber_k_bd_ali_ly_alash__ru.jpg


Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
    Н. Әбіқаев: Шеттен кел­ген ағайындар мә­де­ниетімізді, ұлттық рухани бай­лығымызды молайтты