Дүние үлкен көл, замана соққан жел, алдыңғы толқын- ағалар, артқы толқын- інілер кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер деп данышпан Абай 37-ші қара сөзінде айтып кеткендей Қазақ елінің екінші буын президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауын жолдап, қызыл сөзден нақтылы іске көшудің серпінді бағыттарын атап көрсетті. «Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз. Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын» - деді. «Уәде Құдай сөзі» дегенді жақсы білген халықпыз, ішіміз жылып қалды. Алдымен экономика деген ұраннан бүкіл ел ақша үшін неден болсада тайынбауға шақ қалғанда, қалалар базар алаңы бола бастағанда, адамдар санасы өзгеріп, ел болашағы жастардың бар арманы тек көк қағазға құл болуаға кетіп бара жатқанда, бүкіл халық кредитке байланғанда биік мінберден қоғамдық- саяси өмірді жаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмін емес деген үн естілді. Саяси мәселері шешілмей, экономикалық мәселе шешілмейді, экономика дамымай әлеуметтік мәселе таусылмайды. Алайда адамда тойым болмаса, қарсы жақтан(туысынан, биліктен) шамасы келмейтін нәрсені дәмету, бірден дамыған елдердегі нәрсені сұрау біздің елге қазірге әлі ерте, міне бұл реніштерге жол ашады.
Дамуды қымбат машина мінумен, биік үй салумен өлшедік. Адамдардың тіршілік бағыты соған бұрылды, бұл жолда ел қазынасын тонау қалыпты тіршілік көзіне айналды. Нағыз даму санадағы ерлік, адам санасы өзгермей еш бақытты бола алмайды. Болмаса адам қанша жерден бай болсада бақытсыз арып-ашып күн кешеді, әр адамның бақыты әр түрлі, бақыт жан тыныштығында. Адам бақытты сәтін бағамдай алуда... Санада сілікініс болып, айналасына риза мақаммен қарай алса, дүние табысында өзінен төменге, білім табысында өзінен жоғарыға қараса адам шын бақытқа жетеді.
Жаңа басшы ел басқару бағытын ашық айтты. «Адамның адамшылығы оның істі қалай бастағанынан білінеді» - деп Абай айтып кеткен. Халық үніне құлақ астан мемлекет болу үшін ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып жодаудан соң араға үш күн салып аталмыш кеңестің бірінші отырысын өзі бас болып, салтанатты түрде өткізді. Нағыз ерлік. Ел сүйінді. Барлығы да ел қамын жеген, ұлттың болашағы үшін ұйқысы бөлінген, халық жақсы көретін жас бөрілер. Жалындап сөйледі, елдің болашағы, ертеңгі ұрпақ қамы, бүгінгі шындық, сақталған мәселе, шешеудің нақтылы жолдары туралы мемлекет басшысымен бетпе-бет ой бөлісті. Халық бүгіннен бастап көкейіндегі көп сұрақтарды өздері сенген кеңес мүшелеріне жеткізе бастады. Шынмен билік пен халықтың арасының алыстағаны елдің болашағына қауіп төндірітін аса үлкен қатер. Міне бұл қауіптің алды алына бастады, ел мен биліктің ортасына ұлттық кеңес мүшелері көпір болып жұрттың сөзін айтты.
Саяси партиямен және қозғалыстармен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз, барлығымыздың илейтініміз бір терінің пұшпағы деген Тоқаев «Алдағы Парламет Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауы еліміздің көп партиялық жүйесінің дамуына оң ықпал етуі тиіс»,- деп тыныстады.
Бар қазақтың мойына үлкен жауапкершілікті сезіндіріп, қазақ халқының мемлекет құрушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеуді айтты. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін нығайтып, ұлт аралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін, алайда біздер ұрандамай, өзіміз алдымен қазақша сөйлейік, қазақша жазайық дегенді ишаралады.
Келешекте болатын елдікті нығайтатын, отан сүйгіштікке баулитын Әл-Фарабидың 1150 жылдық, Абайдың 175 жылдық мерей тойларын өткізу, Тәуелсіздіктің 30 жылдығын бағамдау, Алтын орданың тақ мұрагері ретінде 750 жылдығын атау шынымен бізді ұлт, ел ретінде қалыптастыратын игі шара болмақ.
«Біздің алдымызда жаңа тұжырымдама негізінде тегеурінді әскер қалыптастыру міндеті тұр», - деп сөзін жалғаған Президент Арыстағы жағдай бізге қарулы күштерде түйткілді мәселенің қордаланып қалғанын көрсетті деп тоқтады. Отанына адал, кәсіби тұрғыдан биік, ел қаупсіздігіне қауіп төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болу керек деп сөзін шегеледі.
Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әр тараптандыру, білім экономикасына ел бағытын бұруды айтты. «Ақылды қалалар» заман талабы екенін еске салды. Сенің бақытың айналаңдағы адамдарға байланысты болады. Әл-Фараби бабамыз: «көптің бәрі бір-біріне қайырымды болғанда, бақыт өзі келеді дейді, солай қайырымды қала тұрғындары қалыптасады, одан ақылды ұрпақ, ақылды ұлт қалыптасады» - деп ой түйген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлының «Айналаңды нұрландыр» деген бастамасы бастады. Айналамыздағы адамдар бір-біріне қайырымды, мейірімді болса бітпейтін жұмыс қалмайды, ел келешегі нұрлы болады.
Білімнің сапасыздығынан, қала мен ауыл мектептеріндегі білім деңгейінің алшақтығынан жыл сайын 21 мыңға жуық мектеп түлегі кәсіби және жоғары оқу орындарына түсе алмай келеді. Диплом сататын жоғары оқу орындары бар, ең алдымен соларға тиым салу керек. Оқулық сапасының төмендігін де тілге алды.
Президент 2020 жылдың басынан бастап микро және шағын бизнес субьектілеріне тексеріс жүргізуді үш жылға тыйым салу туралы шешімді күшіне ендірді. Бұл ел экономикасына айтарлықтай өсім беретіні анық.
Мұғалімдер жалақысын алдағы төрт жылда екі есеге көтеру, дәрігер, артистер айлығын өсіріп, әлеуметтік қолдау жасайтынын айтты. Елдің болашағына ұзақ мерзімге инвестиция салуға бар күш жігерін сарқа жұмсап отырған осы үш топтың рөлі қай ел үшін болсада өте маңызды. Жылы қабылдадық.
Бүгіні таңдағы ыдыраған отбасы және бала институтын қолдау, инклюзивті қоғам құру туралы тамаша бағыттар берді. Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытын айқындап берді.
Жер шетелдіктерге сатылмайды. Жерді пайдаланбай ұстап отырғандарды қайтарып алатын кез келді деп нық сеніммен айтып, ұлт мұңын сейілтті. Жергілікті билік тұрғындар үшін әрдайым ашық болуы тиіс, бұл аксиома әлі де бүгінде шындыққа айналмай отыр деп дөп басып шындықты айтты. Егер халықттың 30 пайыздан астамы әкім жұмысына көңілі толмаса, онда Президент әкімшілігі арнайы комисия құрып тексеру жүргізеді деді.
Бұл жолғы жолдау жалпы бір сарынды жетістіктер емес, қордаланған кемістіктерді атап-атап тізбеледі. Оларды шешетін орын көше емес, Парламет және азамттық диалог аясында талқыланып, шешілуі керек деп ескертті.
Оны шешідің жолдары ретінде Елбасынның бастамасы бойынша 2 пайыздық жеңілдетілген мөлшермен пайыздық алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жаңа «бақытты от басы» бағдарламасы іске қосылды. Жыл соңына дейін 6 мың отбасы үйлі болады, алдмен көп балалы сосын мүгедек балалар тәрбиелеп отырған отбасылар, сосын үш жыл ішінде аз қамтылған кезекте тұрған отбасылар алады деп алаң көңіл елді жубатты.
Жұмыс істейтін азаматтар өздерінің зейнет ақы жинағының бір бөлігін бір мақсатқа соның ішінде білім алу мен баспана алуға істете алуды, жыл соңына дейін пысықтауды үкіметке тапсырды. Қолдан жасалған темір жол билеттерінің тапшылығын сөз етіп, тезден бұл салада тәртіп орнатуды тапсырды. «Ауыл- алтын бесігім», «Дипломмен-ауылға» бағдарламасын жалғастыра беруге уәде етті. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, салық базасын құрып, жергілікті бюджетті нығайтудың жолы шағын және орта бизнес деп атап көрсетті. Бұл тірлікке әкімшілік кедергі жасау, заңсыз тексерістер, оның дамуына кедергі келтіретін әрекеттер қылмыс деп ашына айтты.
Елде ауыр қылмыс азаймай отыр, сол себепті шұғыл түрде жазаны қатайтуды Праламентке және үкіметке тапсырды. Үстегі жылы Елбасы 5 қазандағы жолдауында: «Құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістер қажет деді. Қоғам құқық қорғау органдарының, ең алдымен, полиция жұмысының түбегейлі жақсаруын күтіп отыр. Халықтың санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнату керек десе, биылғы жолдауда құқық қорғау жүйесін толық реформалау. Полиция мемлекеттік күштік құрлымдағы бейнесін бірте-бірте өзгертіп, қаупсіздікті қамтамасыз ету үшін азматтарға қызмет көрсететін органға айналады деді.
Мемлекттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақтылы нәтижеге қол жеткізуді талап етемін деп тапжылмай жұмыс істуге пәрмен берді. Ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын деп халықпен бірге екенін анық аңғартты. «Ынтмақ, бірлік, білім, береке ел болшағының кепілі» екенін тағыда еске салып сөзін тәмамдады.
Биылғы жолдау халықтың көкейіндегісін дөп басқан тамаша жолдау болды. Президент жолдауын қолдау – бізге міндет.
Нұрхалық Абдырақын. ҚазҰУ PhD докторы.