Сағаділдә Үсібәлі: Осындайда өзіңе мылтық ататындар көбейіп барады

Уақыты: 2020-02-13 Көрлімі: 1814 Сипаттама

"Жаман ұлт болмайды. Жаман адамдар бар" деген сөз бар. Иә рас. Келісем. Дәл бүгінгі күні о...

C78A5DC9-B1CB-446E-99F9-755CB0F220EB.jpeg

"Жаман ұлт болмайды. Жаман адамдар бар" деген сөз бар. Иә рас. Келісем. Дәл бүгінгі күні осы сөз жағымпаз жазғыштардың ұранынына айналды. Кеңес дәуірін бастан кешкен біздер үшін жалаң ұрандар жанымызға жақпайтын нәрсе. Дәл бүгінгі күні елді дүрліктірген дүнгендер жақсы ұлт па? Осы сұрақтың өзі, жалдамалы жағымпаз блогерлерді қаперсіз итті қағып кеткендей шулататын сұрақ. Иә. Бұл ұлттың жақсысы жетерлік. Сол қағиданы қиратып алмайықшы. Жақсы дүнгендер жаман дүнгендерден бөлек тұрады. Жақсылары Тараз қаласы түбіндегі Жалпақтөбе ауылында тұрады. Түгелдей қазақша сөйлейді. Қазақпен құда-құдандалы боп араласып кеткен. Дүнгенді мақтаушылар айтатын еңбекқор да жуас ұлт осылар. Ешкімнің ала жібін аттамайды. Достары да қазақтар. Осы ауылдың қызы Шәмші ағамыздың әніне арқау болған. Оларды мына Қордайдағы біраз бөлігі бұзақы да пасық дүнгендер менсінбейді. Адам қатарына санағысы келмейді. Бірнеше күннен бері елді дүрліктірген дүнген бұзақылығына баға берушілерді асықпай оқып, тыңдап бақтым. Тереңіне үңілген сайын небір нәрселер өлген балық секілді қалқып шығуда. Прокурор, полисия бастығы секілділердің ауыздарын майлап,қылмысына көздерін жұмғызып қоятынын бұрыннан білеміз. Мешіттері ҚМДБ-а бағынбайтыны тағы бар. Уағыздары тек қытай тілінде. (Дүнген тілі деген тіл жоқ.) Қордайдағы оқ-дәрі, қару жарақ сататын аңшылық дүкендер дерлік дүнгендердің қолында екен. Шекарадан өтетін мұнай ұрлаушылар тағы сол дүнгендер болып шықты. Мемлекет бюджетіне қаншама шығын десейші. Қақтығысқа не себеп болғанын басы- қасында болған Бақытбек Смағұл аға қолмен қойғандай айтты. Төбелесте қаншама қазақ зардап шекті. Тіпті мемлекеттік жасаққа шабуыл жасалып бірнеше жауынгер оққа ұшты. Енді міне "Қазақ деген жауыз екенбіз. Жапонға бомба тастаған АҚШ қа күлер жайымыз жоқ екен ойбай. Еңбекқор, діндәр, тақуа халыққа қырғын келтірді" деп тақуасымақ жорналшы - блогерлер байбалам салып шықты. Онымен қоймай ұлшыл азаматтарды "арандатушы" деп донос жасап парақшаларын бұғаттауда. Байбалам салдырған олардың гуманистік, глобалды ойлайтын санасы деп ойласаңыздар қателесесіздер. Оларды шетінен умраға, қажылыққа жеткізетін қаржы - сол ұрланған мұнай, егілген пияздың ақшасы боп шығып жатыр. Демеушілері тап сол бүлікші дүнгендер екен. Соңғы самурай фильмінде Том Круз ойнаған кейіпкер жапондық шаруаларды мылтық атуға үйретеді. Сонша мылтық гүрсілдеп жатқанда бір оқ нысанаға тимейді. Сонда Круз кейіпкері: бұлардың бір бағытқа атқанына ризамын - дейтіні бар. Қазақты өзге басынған барлық қақтығыста қазақпын деген барлық азамат біріге түсіп, ұйымшылдық танытуда. Осындайда өзіңе қарсы мылтық атып, ұлтына қарсы шауып кететін иттер көбейіп барады. Оларды қарсы шәуілдеткен "туған жер емес тойған жердің" буы. Оларда намыс жоқ. 

Еркектік қасиет те шамалы. Шекесінен шертсең шыңғыра шағым жазатындар. "Еркек, Қазақ" деген сөздер олар үшін құжаттағы графа ғана.

Сағаділдә Үсібәлі


Пікір жазу
  • Қордайдағы қақтығыстың себебі не, салдары қалай болмақ?
    Короновирус кесепаты