Короновирус кесепаты

Уақыты: 2020-02-21 Көрлімі: 2433 Сипаттама

Өткен жылдың соңында Қытайдың Ухан қаласында пайда болған короновирус 20 ақпанға дейін...

 d8be228d78cd504956ccbb9167c48bac.jpg

Өткен жылдың соңында Қытайдың Ухан қаласында пайда болған короновирус 20 ақпанға дейін Қытайдың өзінде 74675 адамға жұғып, 2121 адамның өмірін жалмады. Қытайдағы  ақпараттың бүркемелілігіне байланысты шынайы жағдайдың бұдан әлдеқайда ауыр, тіпті, өте ауыр екендігін кесіп айтуға болады. Аталған күнге дейін бұл індет әлемнің 25 еліне таралып үлгерді, 7 кісі опат болды. Індеттің қатерін бағамдаған және халқының тағдырын бағалайтын 133 мемлекет, мұның ішінде елімізде бар, ҚХР азаматтарының өз елдеріне кіруіне түрлі тәсілмен және түрлі деңгейде шектеу қойғандығын жариялады. Індеттің қазірге дейінгі ауыр таралу аумағы ҚХР-мен құрлық арқылы және жақын теңізбен шекараласатын немесе онымен аса жиі сауда-саттық, туристік барыс-келісі бар мемлекеттер болып отыр.

 Короновирусты 1937 жылы ғалымдар тауық шөжесінің денесінен ажыратып алған екен, оның қазірге дейін адамға жұғатындығы анықталған 6 түрі байқалыпты. Мұның ішінде 2003 жылы тағы сол Қытайдан таралып, әлемнің 8000 кісісіне жұғып, оның 800-інің өмірін алған SARS10%), 2012 жылы Саударабиядан таралып 2500 кісіге жұғып, оның 850-інің өмірін алған MERS30% және осы реткісі адам өміріне қауып төндіретін түрлері саналады. Бұлардың барлығында жұқтырған кісінің қызуы көтерілу, жөтелу, тыныс алуы қыйындау, ішінара тынысы тоқтау сыңайлы ортақ белгілері бар көрінеді.  Қазірше алдынғыларының жарқанаттан тарағандығы зерттеулермен негізделіпті. Дегенмен, ғалымдар осы реткі індеттің неден таралғандығын әлі дәп басып анықтай алған жоқ, тек оның алдынғыларынан да айнығыштығын байқаған. Вирустың адамға дару белгілерінің қандай болатындығы да белгісіз күйде қалып отыр, мысалы оны жұқтырғандар арасында мүлдем дене қызуы күтерілмегендер де кезіккен. Ту баста адам денесінде жасырын сақталу мерзімі 14 күн деп аталғанымен, соңғы фактілер оның 24 күнге дейін байқалмай жүруі мүмкін екендігін айғақтады. Мүлдем Қытайға бармаған жандардың вирус жұқтырған дерегі де тіркелді. Ауа арқылы жұғатындығы, сондықтан да оның жұғымталдығының 2003 жылғы SARS, MERS вирусынан ондаған есе артық екендігі дәлелденді. Қытайдың осы вирусқа байланысты құрылған арнайы комиссия төрағасы, әйгілі вирус маманы Zhong nanshan профессор вирустың қашан саябырситыны туралы мәлімдеудің әлі ерте екендігін ескертсе, Германияның Helmholnz Assaciation of  German Research Centres жетекшісі, әйгілі жұқпалы індеттер маманы Gerard.Kloser “ең жаман жағдайда, вирус неше айдың көлемінде жер шарының түкпір-түкпіріне таралуы мүмкін” дейді. Hong kong жұғымтал аурулар маманы Liang zhuowei “короновирус әлемнің 60-80% халқын шарпуы мүмкіндігін” болжаса, Harvard университетінің жұпалы науқастар маманы Pablo.Selazar “мемлекеттің тиісті шаралары індеттің таралуына тосқауыл болғанымен, бұл вирустың аса тез тарқайтындығына және оңай байқалмайтындығына байланысты, сәйкесті вакцина табылғанша біз оны тізгіндеуге шарасызбыз” деп тұжырады.

Демек, қазірге вирустың ертеңгі беталысы беймәлім кейіпте деуге болады. Мамандардың пайымына жүгініп,  ҚХР-мен ірге көршілігімізді ойлағанда, сонымен қатар, 1918 жылғы Испания жұғымтал тұмауының 500 млн адамға тарап, 50млн-нан аса адамның, 1957 жылдағы H2N2 вирусының бінеше айда жершарын қамтып, 1 млн адамның өмірін еске алғанда, біздің денсаулық сақтау ведомоствасының алғашқы кездегі бейқамдығын бажайлағанда, ұйқың қашады.

Ештен кеш жақсы дегендей, жуық күндері қатысты минстрлік пен үкіметтің тиісті мекемелері біршама оңтайлы   шараларды қолға ала бастады. Осы шараларды кәдуелгі әдеттеріне салмай, аяғына жеткізсе екен деп үміттенеміз.

Сонымен қатар, Қытаймен шекараны әлі де қатаң бақылауға ұстауға, осы елмен арадағы әрқандай көліктегі жолаушылар қозғалысына болған тыйым мерзімін, індеттің ендігары таралмайтыны халықаралық беделді медициналық ұйымдармен расталғанға дейін соза түсу  қазіргі қатынап тұрған Hong kongмен арадағы әуеқатынасын ҚХР-нан келетін рейстермен бірдей мәмілемен, жағдай орныққанша тоқтата тұру, сондай-ақ, Оңтүстік Қорея, Тайланд, БАӘ елдерінен немесе осылар арқылы оңтүстік-шығыс Азия аймағынан келетін рейстер жолаушыларына аса қатаң бақылау орнату, керек болса Қытай азаматтарының осы каналмен келулеріне тосқауыл қою ҚР-дағы Қытай кәсіпорындарындағы немесе Қытаймен жұмыс жасайтын еліміз кәсіпорындарындағы Қытайлықтарды мерзімді медициналық тексеру қабылдауға міндеттеу, тексеру шарттарын бұзғандарына жазаны қатайту Қазақстан халқының денсаулығы қауыпсіздігі тұрғысынан, ауыз тартқыш, қолқап, сақтық киімдері, басқа да медбұйымдардың, ҚР үкіметінің гуманитарлық мақсатта үйымдастырғандарынан басқаларын, ҚХР-на шығаруға, немесе компаниялар мен ұйымдардың, жеке тұлғалардың оны қомақты сатып алуларына, жағдай қалпына келгенше, шектеу қоең соңында, үкіметтің осы мәселеге байланысты қазрге дейін тағайындаған шараларының атқарылуының өзін ЕЛ болып қадағалауды қалар едік.

Құрмет Қабылғазыұлы

Jebeu.kz

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Сағаділдә Үсібәлі: Осындайда өзіңе мылтық ататындар көбейіп барады
    Ерлан Сайыров: Ұлттық кеңес әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құралына айналды

    Ұқсас тақырыптар