Ерлан Сайыров: Ұлттық кеңес әлеуметтік жаңғыртудың маңызды құралына айналды

Уақыты: 2020-02-28 Көрлімі: 660 Сипаттама

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров қоғамдық диалог ор...

unnamed (1).jpg

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, саясаттанушы Ерлан Сайыров қоғамдық диалог орнату жұмыстары жөнінде айтып берді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз.

«Ұлттық қоғамдық кеңестің екінші отырысында Президент қоғамдық-саяси процестерді жетілдіру жөніндегі пакетті ұсынды. Бүгінгі таңда сол пакет аясында Митингілер туралы заң қоғамның талқысына ұсынылды. Партиялар туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатыр. Ең негізгісі - еліміздегі Қылмыстық Кодекстің 174 және 132-баптарына өзгерістер енді. Бұл - біздің еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудың белгілі бір индексін көтеруге ықпал ететін қадамдар деп айтуға болады», - деді Е. Сайыров Орталық коммуникациялар қызметінде «Ұлттық кеңес: қоғамдық келісімді қайта жандандыру» атты ҰҚСК пікірталас клубының отырысында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қоғамның демократияға, пікір алуандығына сұранысы өте жоғары.

«Қазір қоғамның пікір плюрализміне, әсіресе қоғамдық-саяси процестерді демократияландыруға сұранысы өте жоғары. Бұл - заңдылық. Тұтас адамзаттың дамуы, оның ішінде әлеуметтік-саяси саланың жаңғырудан құралады. Қазақстан да бұл өзгерістерден тыс қала алмайды. Біздегі процестерді Батыс пен Шығыстағы барлық елдер басынан өткерген. Яғни, қоғаммен диалогқа деген сұраныс тек қана арта береді», - деді спикер.

Бұл тұрғыда мемлекет маңызды қадамдар жасады. Соның бірі - Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру.

«Ұлттық кеңес әлеуметтік жаңғыртуда, қоғамдық-саяси процестерді жүргізуде маңызды құралға айналды. Әрине, кеңесті біреу қолдайды, кей адамдар сынайды. Бұл - қалыпты жағдай. Сын - кез келген саладағы жетілдіру тәсілдерінің бірі. Сондықтан, сынды дұрыс қабылдауымыз керек. Алайда, сынмен бірге ұсыныс та айтылуы тиіс», - дейді Ерлан Сайыров.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Короновирус кесепаты
    Қ. Тоқаев: Қазақ тіліне болашақта ұлтаралық байланыс тіліне айналу бұйырған

    Ұқсас тақырыптар