Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының маңызы ерекше деп түсінемін. Өйткені Жолдау әлемде пандемия жағдайында экономиканы дамыту мәскелесі және халықаралық қатынастар жүйесінде күрделі белгісіздіктер орын алып отырған жағдайда, тіпті көмескі сын-қатерлердің көбейіп тұрған жағдаятында еліміз қалай дамуы керек деген мәселеге жауап беретін бағдарламалық құжат болып табылады.
Өзім білім және ғылым саласындағы қызметкер болғандықтан, Жолдаудың білім мен ғылым саласына қатысты пайымдарына қатты қызықтым. Мемлекет басшысының бұл реткі Жолдауынан отандық білім және ғылым саласын дамытудың іргесі бекемделе түсетіні мені қуантты. Жолдауда ғылым саласында сақталып отырған басты мәселелер айтылды. Президент зерттеушілердің жалақысының аздығы мен гранттық қаржыландыру мерізімінің қысқалғы іргелі зерттеуге кедергі келтіріп отырғанын атап көрсетіліп, бұл мәселелерді «ғылымға бөлінетін базалық қаражат есебінен қамтамасыз еткен жөн» деп керсетті. Соған орай Іргелі ғылыммен айналысатын институттарды тікелей қаржыландыру тәртібін енгізудің айқын әрі ашық ережесін әзірлеуді құзырлы министрліктерге жүктеді. Бұрыннан дәстүрге айналған біркелкі 3 жылдық гранттық қаржыландыру тәртібінің ірглі ғылымдарды дамытуға кедергі келтіріп отырғанын атап көрсетіп, ендігі жерде 3 жылды гранттық қаржыландыру тәртібін 5 жылға ұзартуды қарастыруды жөн санайтынын атап көрсетті.
Еліміздің ұлттық ғылым кеңестер шешімінің әділдігі туралы мәселелерді қарастыратын апелляциялық институтын енгізуді қажет деп санайтынын да атап айтты.
Мемлекет басшысы қазіргі таңдағы жаһандық бәсекелестік жағдайда, еліміздің білім мен ғылым саласында уақыт күттірмес міндеттердің алға қойылып отырғанын атап көрсетіп, оның уақыт талабынан туындап отырғанын және заманадан бір қадам алда жүріп тың идеялар ұсынудың қажеттілігінен туындаған міндеттер екенін пайымдады. Мемлекет басқарудың тетігі – әр саланың ғылыми жүйесін қалыптастыруда және оның қалыпты айналымын қамтамасыз етуде. Прездентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларының бір ерекшелігі - жүйелікке бағытталуында және әділдік пен ашықтықты дәріптеуінде деп санаймын. Ғылым саласындағы мәселер жүйелі түрде шешімін тауып отырған жағдайда отандық ғалымдарының қайнары сарқылмайды және алмайтын асуы болмайды деп кәміл сенемін.
Нәбижан Мұқаметханұлы тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры.
Алматы, 2021 жыл 1 қыркүйек.