Елордада Әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді

Уақыты: 2020-01-21 Көрлімі: 1676 Сипаттама

Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша арна...

200121002034712a3605636i.jpg

Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша арнайы жоспар құрылып, тұжырымдама бекітілді.

«Биыл елімізде бірнеше айтулы мерейтой мен даталарды атап өткелі отырмыз. Атап айтқанда, Абайдың - 175, Әбу-Насыр әл Фарабидің - 1150, Алтын Орданың - 750 жылдығы. Осы орайда ел ордасы - Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды іс-шараларды талқылау үшін жиналып отырмыз. Одан бөлек, биыл ІІ дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл, Конституциямызға - 25 жыл және Қазақстан халқы ассамблеясына - 25 жыл толады. Еліміз үшін маңызды шаралардың елордадан бастау алатынын білесіздер. Сондықтан біз әрбір іске жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойы қағаз жүзіндегі шаралармен ғана өтпеуі тиіс», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әкімдікте өткен жиында. 

Сондай-ақ, әкім орынбасары елордада өтетін шараларға жауапты басқармалар мен ұйымдар дайындықты күшейтуі керектігін қадап айтты. 

«Абайдың 175 жылдығы мен Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту бойынша тиісті жоспар бекітілді. Арнайы тапсырма бар. Оның ішінде қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың тұжырымдамасы жасалып, бекітілді. Бас қалада мерейтойға орай нақты істер қолға алынуда, соның бірі - «Абай әлемі» орталығы. Елордада бас ақынға арналған орталық болуы тиіс. Орталықтан қала тұрғындары мен қонақтары экспонатты ғана тамашалап қоймай, рухани азық алатындай болуы қажет. Абай - жан-жақты тұлға, сондықтан ол орталыққа біз ақын-жазушылармен қатар суретші, тарихшы, музыканттарды да тартуымыз керек. Себебі Абай әлемі кең. Осы орайда кітап шығардық, қазір оны толықтырып жатырмыз. Ол үлкен жоба болайын деп тұр, алдағы уақытта арнайы мәжіліс өткізіп, таныстырамыз. Және әрбір шараға жауапты ұйымдар мен мекемелер дайындықты күшейтуі тиіс», - деді ол.

Дереккөз: "ҚазАқпарат"


Пікір жазу
  • Абайдың 175 жылдық мерейтойына қанша қаржы жұмсалады
    Абайдың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуы болды