ҚР Қоғамдық даму министрі көші-қон саласын дамытуға байланысты кездесу өткізді ​

Уақыты: 2018-08-24 Көрлімі: 4140 Сипаттама

Кеше, 23 тамыз күні Алматыда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев зиялы қауым мен қ...

DSC_0116-800x480.jpg

                                                                              Суретті түсірген Есдәулет Қызырбекұлы

Кеше, 23 тамыз күні Алматыда ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев зиялы қауым мен  қоғамдық ұйымдар өкілдерін қабылдап көші-қон мәселесін талқылады.  

Кездесуге Дос Көшім, Айдос Сарым, Расұл Жұмалы қатарлы саясаттанушылар мен Тәуелсіздіктен бері елге оралып әр салада қызмет атқарып жүрген ғалым Нәбижан Мұхаметханұлы, Омарәлі Әділбек, Рақым Айыпұлы, Мұрат Шаймерен, Жеңіс Түркия, Базарәлі Әріпұлы, Құрмет Қабылғазы қатарлы зиялы қауым өкілдері мен Есенгүл Кәпқызы бастаған бірнеше журналист қатысып, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Жиналғандарды құрбан айт мерекесімен құттықтап сөз бастаған Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев: «Біздің министрліктің құзыретіне дін істері мен қоғамды дамытуға арналған жұмыстар кіреді. Негізгі бағыттарымыздың бірі шеттегі қандастар мен осында оралған ағайындармен жұмыс жасау, оның ішінде қоғамдағы белсенді азаматтармен жұмыс жасаймыз. Сондықтан да бүгінгі кездесуді ұйымдастырып алдағы уақытта атқарар жұмыстарымыз туралы ашық аңгімелессек дедік. Қазір Дүниежүзі қазақтары қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс жасап жатырмыз. Өздеріңіз білетіндей «Отандастар» қоры құрылды.  Қордың негізгі құрылтайшылары ҚР Сыртқы істер министрлігі мен біздің Қоғамдық даму министрлігі. Осы қорды дамыту үшін жасалатын жұмыс жоспарын тыңдасақ, көші-қон саласындағы мәселелерді ашық айтсаңыздар»,- деп жиналған қауымға сөз берді.

«Отандастар»  қорының алдағы жұмыс жоспарын таныстыруға Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары  Зауытбек Тұрысбек те қатысқан еді. Зауытбек Тұрысбек Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жарғысы бойынша негізгі жұмысы шетелдегі қазақтармен мәдени қарым қатынас орнату болғанымен қашанда көшіп келген қандастармен де тығыз жұмыс жасайтындығын айтып, шетелдегі қазақты алдымен баласын болса да оқуға шақырып, көшіп келудің түрлі тектіктерін қарастыру керегін айтып өтті. Тәуелсіздіктен бері өзге елдер 2 есе өскенде біз  әрең 18 миллионға жеткенімізді айтып, шеттегі қазақтарды топтап келуі үшін Қауымдастықтың Астана маңынан және Солтүстік облыстардан жер алып үй салу мақсатында жұмыстар жасап жатқанын жеткізді.

2018071906375579.jpg

Зиялы қауым өкілдерінен алғашқы болып сөз алған саясаткер Дос Көшім Қытайдағы қазақтар мәселесіне тоқталып, қоғамдық ұйым мүшелері ретінде жылдың басында Қытайға барып қайтқанын, жақында тағы бір топ зиялы қауым өкілдерінің Қытайдағы қазақтардың жағдайына байланысты Бейжің, Үрімжі, Құджа қалаларында болып қайтқанын айтып, Қытайдағы қазақтар мәселесін қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құзыретті орындары  дипломатиялық келіссөздер жүргізе отырып шешу керектігін айтып өтті.

20170923231607248_big.png

Осы кездесуді ұйымдастырып отырған Дархан Аманұлына алғысын білдіріп сөз бастаған «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Омарәлі Әділбек: «Өткен жылға дейін көші-қонға ішкі кедергілер болды. Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайын дейін «Соттылық туралы» анықтама мен «көші-қон парағынан шығу» деген анықтаманы талап етті. Құрылтайда Елбасының тапсырмасынан кейін бұл мәселелр шешілді. Осыдан кейін 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басынан бастап Қытайда терроризмге қарсы күрес күшейуіне байланысты жалпыбеттік ШҰАР-да  солшыл саясат жүрді. Соның салдарынан көптеген адам бара алмай, келе алмай қалды. Былайша айтқанда көш тоқтап қалды. 2017 жылғы санақта Қазақстан азаматтығын алған қандастардың 48 пайызы Қытайдан келген қандастар болған, бұл дегеніңіз оған дейін ықтиярхатпен жүргендер. Одан кейінгі қалған қандастар келе алмай отыр. Енді осы барыста  ішкі көші-қонды дамытсақ, Қытаймен келіссөздер жүргізілсе, біз үкіметке, парламентке талай хат жазып, ұсыныстарымызды айттық. Жалпы, Қытай саясатында көп дүние жеке байланыс арқылы шешіледі.  Қытайда конституция болғанымен көп нәрсе заң жүзінде атқарылмайды. Әсіресе, төменгі орындарда. Осыны негізге ала отырып екі ұсыныс айтқанмын. Бірінші ұсыныс қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру. ҚР Жазушылар одағы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы және басқа қоғамдық ұйымдар бар Қытайға барып еліміздің саясатын, Қытайда болып жатқан жағдайды ішкі Қытайдағы жазушыларға, зиялы қауым өкілдеріне, басшыларға түсіндірсе дегенмін. Енді осы жұмыс басталып жатыр. Дос Кошім аға да барып қайтқанын айтты. Жақында біз де барып қайттық. Алматыдан 8 адам, Астандан 10 адам. Зауытбек мырза да бармақшы болып еді, таяғанда жұмысы шығып баралмай қалды. Ол жерде біраз мәселені көтердік, бұл жөнінде бүгін Дат газетінде, Ана тілі газетінде берілді. Ондағы ақпараттарды қайталмаяқ қояйын. Енді осы бағыттағы жұмыстарды сіздердің Қоғамдық даму министрлігі арқылы дамытсақ деген ойдамын. Біз былтырдан бері қазақтың мәселесін халықарлық дауға айналдырмау жөнінде айтып келеміз. Бұны екі елдің парламенті арқылы, сыртқы істер министрлігі арқылы шешсек өте дұрыс болар еді. Өйткені айналамыздағы сыртқы күшетердің қайсысы болса да қазақтың көбейуін қаламайды. Онан кейін көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Қытайдан келген, Моңғолиядан келген жұмыс істеп жатқан, істемей жатқан көптеген қоғамдық ұйымдар бар. Осыларды өз қармақтарыңызға алып бірлікте жұмыс істеуге жұмылдырсаңыздар. Осы жолғы біз Қытайға барған мәселе шешілуге тиіс. Қазір біраз адамдардың паспорты қолына тиді, біраз адмадар «саяси үйрену орталығынан шықты» деген сөз бар. Өткендегі біздің Сыртқы істер министрі жариялаған 625 адамның алды шығып келе бастады. Осылай ондағы жағдай түзелсе кемінде 200-300 мың қазақ келейін деп тұр. Осы келген қазақтарды Солтүстікке бағыттасақ. Кезінде бізде бейімдеу орталықтары болған, қазір ол жоқ. Ендігі келетіндердің жастары қазақша жақсы білмейді, үлкендері біз қолданатын жазуды танымайды. Қазіргі келгендердің арасында рудың, жердің атында әлеуметтік желіде топтар құрып алып, сонда өздерімен ғана әңгімелесіп, әртүрлі ақпараттар таратады. Осылай қоғамнан бөлініп қалғандары да бар. Енді осы азаматтармен ақпараттық жағынан болса да жұмыс істеу керек сияқты. Әр аудандағы, қалалардағы Қауымдастықтың бөлімшелері арқылы болса да мемлекеттің саясатын түсіндірсек, солардың елімізге сіңісіп кетуіне жұмыс жасасақ. Тағы бір айта кететінім қазіргі кезде Орамлан куәлігінің уақыты өтіп кеткен 20 мыңнан артық адам бар. Олар жоғарыдағы айтылған екі анықтаманының кесірінен азаматтық ала алмағандар. Енді осы мәселені үкіметте көтеріп, Оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткен азаматтардың азаматтық алуына жағдай жасасаңыздар. Бір мезетте бәрін жеңілдік беріп, 20 мыңнан артық қандастың ҚР азаматы болуға мүмкіндік берсеңіздер. Қытайдағы қазақтардың мәселесі шешім табуы мүмкін. Қытайлардың да көзі жетіп отыр. Елімізде мұнай-газы болсын көптеген мүдделері бар. Қытайлардың елімізде көптеген компаниялары бар. Олардың жұмысшы әкелуге лицензия алулары қиын. 120 адамға 1 лицензия алады. Иғни Қазақстанда жұмыс орынын ашатын қытайлық 120 жергілікті қызметкер алғанда ғана өздерінен 1 адам ғана әкеле алады. Енді оларға жұмыс күші ретінде қытайдағы қандастарымызды әкелсеңдер оларға лицензия сұрамаймыз деп талап қойып, қандастарды еңбек күші ретінде әкелу керек деп ойлаймын», деп студенттер мәселесі мен зейнеткерлер мәселесін де бір жақты ету туралы ұсыныстарын қойды.

Ары қарай азаматтар өздерін таныстырып, жалғасты ойлары мен пікірлерін айтып, Қытайдағы қазақтардың қысымға ұшырауы және оның шешу жолдарын, Оралман куәлгі, студенттердің тұрақты тіркеуге тұра алмауы мен жоғарғы оқу орнынан кейін білім алушылардың мемлекеттік грантқа ие бола алмауы сияқты қандастар ұшыраған түрлі қиындықтарды айтты.

13171_large.jpg

Қытайтанушы ғалым, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұхаметханұлы: Мен негізі Қытай тақырыбы бойынша зерттеймін. Қытайдың ішкі-сыртқы әсіресе Қазақстанмен байланысы бойынша зерттеулер жасаймын. Қазіргі кезде «бір белдеу -  бір жол» стратегиясы бойынша зерттеулер жүргізіп жатырмын. Ол жердн Қытайдың мүддесі қай жерде, екі елдің мүдделік қақтығыстары қай жерде деген мәселелер қарыстырылған. Жылда Қытайда  Қытайдың мәдениет министрлігі мен қоғамдық ғылымдар академиясының ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы Қытай және қытайтану» деген конференция өтеді. Әлемдегі ең жоғарғы қытайтанушыларды шақырады. Жалпы 6 рет өтті, мен соның үшеуіне қатыстым. Енді айтайын дегенім, Қытайдағы бұл мәселені қытайтану ретінде қарастыру керек. 1993 жылы «Жаңа ғасыр  және Қазақстандағы оралмандар мәселесі» деген мақала жаздым.  Сонда жаңа ғасырдағы басты тенденция не? «Сындарлы 10 жылда» да елбасы әлемдік өзгерістерді көрсетіп берген. Күшті елдердің күшке басатынын, АҚШ-тың күштеуі, 2,3- державлар да соның үлгісінде болады. Оны БҰҰ-ның заңдары мен ережелері де тоқтата алмайды дегенмін. Міне айтқандай сол жағдайлар келді, Қытайдағы жағдайда сол. 2006 жылы кітап шығардым, сонда енгі жерде Қытай антитерроризм негізінде бүкіл ұлттық мәселелерді шешеді дегенмін. Ал жаңа ғасырда ұлт болып қалудың тетігі қай жерде? Ол Қазақстанда мемлекет құраушы ұлт ретінде өмір сүру. Сонда ғана сақталып қаласың. 2012 жылдан бері қытайтану бойынша том-том кітаптар жазып жатырмын. Сонда мына қазіргі Шынжаңдағы мәселе кездейсоқтық емес. Үлкен бағыттың тек ғана көрнісі. Осы жақында Қытайдың бірнеше университеттерінде лекция оқыдым. Бір жол бір белдеу болсын, мұнайдағы және басқа саладағы мүдделер мен байланыстарды айтал келіп, «ағайындар, АҚШ сіздерге 25 пайыз санкция салғанда шулап кеттіңіздер. Сіздер бізге 56 пайыз санкция салып отырсыздар ғой. Қорғасты ашып қойды. Қытайға еркін, Қазақстанға еркін емес. Қазақстанның тауарларын сіздерің іргелеріңізде сатуға тиым саласыздар. Біз түсінбейміз, неге бұлай? Негізі дос ел ғой, неге шешпейміз, осыны шешейікші» дегенде олар үндемей қалады. Сосын тағы оалр «сіздерде тағы қандай тенденция бар?» дейді, Мен соңғы кезде бізде антиқытайшылық басым орында деймін. Неге дегенде олардың мемлекеттік териториямыз бекітілсе де Балқаштан бастап біздің жеріміз дейтіндерің, келген жұмысшыларының кеткісі келмейтінін алға тартамын. «Міне осылай сіздерден үрейленеміз, сіздер де бізден үрейленесіздер сондықтан тауарымызды алмайсыздар. Енді осы мәселелерді шешейікші» деймін. Олар үндемей қалады. Міне осылай олардың жоғарғы деңгейдегі адамдарымен жоғарғы деңгейдегі адамдар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар келіссөздер көбірек жасауы керек. Сондықтан біз алдымен Қытайды тани отырып, өзіміздің саясатымызды реттеуіміз керек. Бірінші, құжаттық реттесек, құжаттық жағындағы кедергілерді жойсақ. Екінші ұйымдастыру жұмысын жақсы істесек. Қоғамдық ұйымдар бар, басқалар бар. Қоғамдық ұйым құрылғаннан кейін өз жұмысы бойынша есеп беруі керек. Халық үшін, мемлекет үшін не істеп жатқаны туралы есеп берсін. Қоғамның дамуымызға, қоғамдық ынтымақтастығымызға, ұлттық бірлігімізге қандай үлес қосып жатқанын көрсетуі тиіс. Әрине қазіргі жағдайға байланысты біздің де өз саясатымыз болуы керек. Түрлі ұйымдарды жұмылдыруымыз керек. Расын айтқанда осындай қиын жағдайда «Жебеу» бірлестігі жақсы жұмыс жасады. Елдер бұны айтудан, сөйлеуден қорқады. Заңды түрде, Қытайдың заңы мен халықаралық заңды біле отырып олармен сөлесуімізге болады. Сөйлесе аламыз. Бір-бірімізге мүдделіміз, біздің мүддеміз жеке адамдықы емес, мемлекеттердің мүддесі. Елбасы, президенттер ауысып жатады. Бірақ екі ел қарым-қатынасы мәңгілікке жалғасады. Сондықтан бұл мәселелерді дипломатиялық органдар арқылы, зиялы қауымдар арқылы ақылдаса отырып шешкен жөн.

1513761531_sayt.jpg

Журналист, Есенгүл Кәпқызы: Қазіргі кезде азаматтық ала алмай жүрген қандастардың көп екені айтылуда. Оның бір себепі тұрақты тіркеуеде. Көп адамдардың құжаттарының бітпей қалуы дәл осы тұрақты тіркеудің болмауы. 2000 жылдармен салыстырғанда қазір бізде құжаттану өте қиынға айналды. 2000 жылдары екі ай ішінде ешқандай ықтиярхатсыз азаматтық беретін. Қазір бірінші ықтиярхатты береді, сосын барып азаматтық береді. Осы тұрақты тіркеу мәселесін барлығымыз бірігіп шешсек. Сосын білім саласына қатысты мәселелер жөнінде айтсақ. Қазір бұрынғыдай этникалық қазақтарға студенттік виза берілмейді. Бүгінде көптеген балалар осы проблемамен бетпе-бет келіп жүр. Бұрын шетелдік қазақтарға магистратураға бөліміне білім гранты бар болатын. Қазір қандастар шетелдік азаматтар ретінде білім жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім грантына ие бола алмайды. Осы мәселелерді көтеріп бір жақты етсек.

20170708152316300_big.jpg

Саясаттанушы, Расул Жұмалы: Қытайдағы қазақтар жөнінде айтсақ бір жағынан олар біздің қандасымыз, екінші жағынан олар Қытайдың азаматы. Бір жағынан қазір қытайда терроризмге, экстремизмге қарсы күрес болып жатыр. Екінші жағынан асыра сілтеушілік болып жатыр. Бұның арты көрнісінде экстремизиге қарсы күрес арқылы жалпы қытайландыру жүзеге асып жатқан сияқты.   Қазір Бейжің Қазақстанда Қытайға қарсы науқанның басталып кеткеніне алаңдап отыр. Оларда бұл мәселені басуға тырысып отыр. Бәлкім бұл болашақта бәсеңдейтінде шығар. Бірақ қытайдарндыру саясаты алдағы уақытта күшейетін болады. Сондықтан сол қысымды сәлде болса шегеру, азайту тұрғысында халық дипломатиясы сияқты тетіктерді пайдалансақ. Енді құжат мәселесіне келсек. Қазір әсіресе Қытайдан келген қазақтар құжат мәселесінде өздері шешуге мәжбүр. Кезінде Германия немістерді еліне апарарда Алматыда басқа қалаларда неміс үйлерін ашқан. Олар осы жерде немістердің құжаттарын жинап, тіл курстарын ашып барлығын дайындаған. Сол сияқты бізде Қытайдан келем деушілердің құжаттарын жинап, жүйелі түрде жұмыс істесек.

20170709130508956_big.jpg

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қорының президенті, Жеңіс Түркия: Қазір Қытайда екі миллион қазақ бар. Ал жалпы әлемде бес миллионға жуық қазақ жүр. Бұл қазақтың бөлінбейтін бір бөлшегі. Ол тағдыр. Бұл Қазақстанның жағдайымен тікелей байланысты. Қазір Қытайда жүріп жатқан дүние үлкен саясаттың бір бөлігі. Көп жыл бұрын бұл саясат тибет мен ұйғырларда жүрді. Енді бұл қазақтарға келді. Қытайдағы елуге жуық ұлттың ішінде өзінің дәстүрін, тілін, дінін сақтап отырған осы үш ұлт. Бұл саясат жөнінде мемлекеттік деңгейдегі мекемелер жұмыс істесе.

39468131_886277174904099_1506972417778515968_n.jpg

«Қазбілім» орталығының жетекшісі, Аятжан Ахметжанұлы: Біздің ішкі заңнамаларға байланысты келген қандастардың балаларын әр түрлі оқу орындарына оқыта алмау жағдайы өте көп. Орта білімге келетін болсақ. Бұнда мектептің тіркелген өзінің микро учаскесі деген дүние бар. Келген қандастың тұрақты тіркеуге тұруына үш ай уақыт кетеді. Ал баланы мектепке алмайды. Бұның арты жемқорлыққа тіпті кейбір өңірлерде тұрақты бизнеске айналып кетті. Екінші мәселе, мемлекеттік білім грантын қандастарға 2 пайыздан 4 пайызға арттырды. Бірақ, бұрын қандастардың жалпы грантқа ие бола алмағандары ғана оралман квотасын алатын. Ал қазір конкурс тек оралмандар арасында ғана болады. Олар жалпы конкурсқа қатыса алмайды. Тек өз ішінде болады. Сондықтан бұл қандастар үшін жеңілдік емес, мүмкіндіктерін шектеу болып отыр. Біз «ҚазБілім» орталығын ашқаннан бері қандастардың бейімделуіне өзіндік үлесімізді қосып келе жатырмыз. Бір жылда біздің орталықта 200-ге тарта шетелден келген қандастарымыз арнаулы курстардан өткен кездер болған. Қазір іргемізді кеңітіп Алматы қаласынан бөлімшемізді ашып жатырмыз. Алдағы уақытта да шетелден келген қазақ балалаларын ЖОО-ға дайындап, елімізге бейімделуіне еңбек етуге дайынбыз.

9E07B8A1-B1BF-4EA2-8C7C-C9CEE06D0BE5_mw800_s-1000x700.jpg

Дүниежзі қазақтары қауымдастығының бас хатшысы, Рахым Айыпұлы: Көші-қонның бағы біраз жылдан бері жанбай ақ қойды. Жанбай ақ қоятын себебі біраз құқықтық кедергілер болды. Осыдан төрт жыл бұрын оралмандарға төрт жылдан кейін азаматтық береміз дедік. Ондан кейін оларды солтүстік облыстарға яғни арнайы облыстарға ғана жібереміз дедік. Адамдардың барлығын патриоттық сезіммен солтүстікке апаруға болмайды. Осыдан бірнеше жыл бұрын "Нұрлы көш" деген бағдарлама болған. Сонда оралмандарды «ұлттық және аймақтық көшбасшы қалалардың маңайына топтастыру» деген тармақ болған. Оларды босап қалған ауылдарға жіберу керек дегенмен келісу қиын. Кезіндегі заңдарымыздың кедергілерінен қазір Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетіп азаматтық аламай жүргендер қаншама? Бұл жөнінде Жебеудің атынан парламетке хат жазып, жан-жақты талдап Оралман деген терминды қалдырып, қандас деп атауды ұсындық. Осы арқылы бұл мәселеден бір жола құтылуға болатынын көрсетік. Бірақ заңда Оралман куәлігінің уақыты өткеніне 6 айдан аспайтындарды тек 3 ай ғана ұзартылатын болды. Сонда оралман куәлігінің уақыты өтіп кеткендерге 6 айдан асқандарға не істейміз?

24232489_1952584945066270_7112334572536465343_n.jpg

Жебеу қоғамдық бірлестігінің мүшесі, Базарәлі Әріпұлы: Қытай біздің көршіміз, 2000 жылдың алдында да алдымыздан Қытай мәседесі щыққан, кейін де шығады. Бұл мәселеледе енді Сыртқы істер министрі болсын, сіздердің Қоғамдық даму министрі болсын ашық жұмыс жасап, халыққа нақты ақпараттар беріп отырса. Сонымен бірге бұл мәселе ұтылмау үшін өзіміз мықты болуымыз керек. Мемлекетте отырған басшылар, министрлер әрқандай істі ұлттық мүдде тұрғысынан істесе, халық жалаң, тар өрісті ұлтшылдыққа бармайды. Ал қазір тар өрісті, жалаң ұлтшылдық қазақтың ортасына ірткі салып барады. Сондақтан мұндай күрделі мәселеде мемлекет халыққа бағыт, бағдар беріп заң аясында жұмыс жасауға жол сілтегені жөн еді.

1533949_779140415536896_3319268870662185932_n.jpg

Тұрдыбек Құрметхан: Қытайдағы қазақ мәселесі, келген қандастарды құжаттандыру мәселесі толығымен айтылды. Оны қайталмай-ақ қояйын. Қазіргі кезде біздің мемлекеттік әрі ұлттық саясат болып табылатын Солтүстікке көшті жандандыру үшін үш ұсыныс айтайын. Бірінші, Солтүстік облыстардың инфрақұрлымын жақсарту керек. Ол жаққа көңіл бөліп, көптеген жұмыс орындарын ашып, оларға барушыларға шабыттандыру жұмыстарын жасаған жөн. Екінші, Солтүстік облыстарды дәріптеу жұмыстарын қолға алу. Арнайы жобалар арқылы солтүстіктің тыныс тіршілігін таныстырып отыру. Белгілі іс шаралар өткізіп, солтүстіктің жері мен елін таныстыратын шерулер өткізуге мұрындық болсаңыздар. Үшініші, Солтүстік облыстар туралы әр азамат оңай ақпарат алатын мәліметтер базасы құрылу керек. Қай обылыста қандай жұмыс күші қажет, қай жерде қандай жұмыс орындары, дихандарға қай жер, малшыларға қай жер ыңғайлы дегендей ақпараттарды іздеуші оңай табуы керек. Сонымен бірге көшті ұйымдастырушы мекемелер әр обылыстан құрылып, солтүстікке көшті ұйымдастыру. Қатысты минситрліктер мен аудан, облыс әкімшіліктері мен басқада мекемелері тығыз байланыста жұмыс жасап, көшіп барған қандастың қажеті уақытында шешілетіндей жұмыстар жасалса деген ойдамын. Осы сияқты көшті ұйымдастру жұмыстарын сіздердің министрліктеріңіз нақты қолға алса, Солтүстікке көш ағылар еді.

Жиын соңында Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев кездесуге келген ағайындарға алғысын білдіріп, айтылған ұсыныс пікірлердің ескерілетінін айтып, алдағы уақытта ұсыныс пікірлері боса есігінің қашанда ашық екенін жеткізді. Сонымен бірге бүгінгі айтылған пікілер бойынша қандастар мәселесін реттеудің жол картасын жасауды тапсырды.

Jebeu.kz

 



 


Пікір жазу
  • Қытайдың қатысты министрлері мен мекемелеріне Қазақстандық делегация қойған сұрактар
    Павлодар облысы оңтүстік халқын шақырады