Суретті түсірген Бауржан Жуасбаев
Белгілі журналист Мади Манатбек «Отандастар» қорының вице-президенті болды. Мади Манатбек өзінің фейзбуктегі жеке парақшасында аталмыш қордың жұмысына кіріскенін хабарлап, Дүниежүзі қазақ қауымдастығы мен Отандастар қорының жұмысына қажет деген ұсыныстарды тыңдауға дайын екенін жеткізді.
Мади Мантабек бұған дейін отандық медия саласында ұзақ жыл басшылық қызмет атқарған. Отандастар қорына дейін «Республикалық радио» ЖШС-нің Бас директоры болған. Осы орайда Мәди Манатбекті «Отандастар» қорының вице-президенті болып тағайындаулымен құттықтаймыз. Елбасы тапсырмасымен құрылған «Отандастар» қорының жұмысын жандандырып, әлем қазақтарының басын отанына қосуға еселі еңбек етуін тілейміз.
"Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі
Jebeu.kz