ДҚҚ ЖҰМЫС ТОБЫНА ТҮСКЕН 125 АРЫЗ-ШАҒЫМ НЕГІЗІНДЕ ҚҰЗЫРЛЫ ОРЫНДАРҒА АРНАЙЫ ХАТ ЖОЛДАНДЫ

Уақыты: 2018-12-15 Көрлімі: 2124 Сипаттама

Елбасы төрағалық ететін Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» б...

F48A8D13-3390-4BD6-8CA6-AD0D5D9DF67E.jpeg

Елбасы төрағалық ететін Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығы және «Отандастар қоры» басшылыры үстіміздегі жылдың 27 қараша күні  Алматы қаласына барып, ондағы оралмандармен кездесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады.

Кездесу барысында ҚХР-нан көшіп келген оралман ағайындар Қытайдағы қиын жағдайға байланысты қысым көріп жатқан туыстары туралы ашына айтты. Осы кездесуден кейін қауымдастық қандастардан арыз-шағым қабылдап, нақты жағдайларға көз жеткізді. Бүгінге дейін 125 арыз келіп түсті, оның  45-сі бөлініп-жарылған отбасылар болса, 6-ы түрлі себептермен азаматтық ала алмай жүргендер, 77 азамат оралман куәлігінің мерзімі бітіп, Қазақстан азаматтық ала алмай жүргендер, 1 адам Қазақстан азаматы, екі жылдан бері Қытайдан елге келе алмай жүр.

Арыз шағым Қытай, Ауғаныстан, Түркиядағы этникалық қазақтардан  түсті.

78218931-3E1E-4C39-AF7B-69B1B9F92050.jpeg

Осыған байланысты   тікелей ҚР Жоғарғы сот құзіретіне жататын Алматы облысы Қарасай ауданының сот шешімі шыққан Ауғанстаннан келген 15 адамның  арызын жібереміз.

D75213F3-02E6-473D-8C65-5B9B153ED38A.jpeg

 Қандастарымыздың мұң-зарына ерекше көңіл бөліп, оң шешімін табуға ықпал етсе деген тілекпен Жоғарғы сотқа және ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне жолданды.

12909900-5397-40D3-A1CD-4AB92AD2C7E9.jpeg

Осы мәселелер бойынша нақты жауапты жақын арада арызданушыларға және Қауымдастыққа жіберу сұралды.

Дереккөз: ДҚҚ Баспасөз қызметі

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қытай консулдығы кімдерді Қытайдың тұрақты тіркеуінен шығарып жатыр?
    Мади Мантабек «Отандастар» қорының вице-президенті болды