2019 жылдың алғашқы алты айында Қазақстанға шетелдерден 7000-ға жуық қазақ көшіп келген.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, жарты жылдың ішінде шетелден елімізге 6796 адамнан тұратын 4244 отбасы көшіп келген. Көш басында Өзбекстан қазақтары тұр. Аталмыш елден 6 айда 2355 отбасы, яғни, 3800 адам қоныс аударған. Қытайдан 1553 мүшесі бар 1005 отбасы тарихи отандарына оралған. Одан кейінгі орындағы Түрікменстаннан 532 адамнан тұратын 282 жанұя Атамекенге қоныс аударған.
Сондай-ақ, Моңғолиядан 402 қазақ, Ресейден 145 қазақ, Ираннан 62 қазақ, Қырғыз Республикасынан 46 қазақ, Тәжікстаннан 11 қазақ, Түркиядан 3 қазақ, өзге де шет мемлекеттерден 239 қазақ Қазақстанға көшіп келген.
Jebeu.kz