Ұсабек Оразханұлы: Оралман куәлігі қажет пе?

Уақыты: 2019-07-19 Көрлімі: 1140 Сипаттама

Ораман куәлігі мен ықтиярхаттың функциясын біріктіру қажет. Тарихи отанына келген этн...

10612948_336011369908221_1117556832235770953_n.jpg

Ораман куәлігі мен ықтиярхаттың функциясын біріктіру қажет. Тарихи отанына келген этникалық қазақтар уақытша тіркеу жасаған соң бірден қазақ ұлтын дәлелдейтін құжаттарымен ықтиярхатқа құжаттар рәсімделгені жөн. 
Бірінші - ықтиярхат комиссия шешіммімен берілсе, комиссия құрамында құзырлы орган, жергілікті атқарушы орган және қоғамдық ұйымдардың өкілдері болса;
Екінші- ықтиярхат беру уақыты 3 айдан 15 күнге қысқарса (тек этникалық қазақтар үшін);
Үшінші: Егер қазақ ұлтына жататындығына күмән туындаған жағдайда, құжаттарды тексеру уақытын 3 айға ұзартып, ықтиярхат беру немесе бас тарту комиссия шешімімен қабылданса;
Төртінші: ықтиярхат чиппен жасалып (жеке куәлік сияқты), кәмелет жасқа толмаған отбасы мүшелері әкесінің не шешесінің құрамына енгізілсе және ықтиярхаттың артқы бетінде "Этникалыққа қазақ" деп жазылса.
Этникалық қазақтарға бұл өте үлкен жеңілдік болар еді:
Бірінші - оралман куәлігін алу үшін бөлек құжат жинаудан құтылады, бір рет қана құжат өткізеді (экономикалық және уақыт жағынан тиімді, оралман куәлігін алу үшін стандартқа сәйкес құжаттарды дайындауға бір адамға 10-15 мың теңге кетеді, уақыт 5 жұмыс күн, алыс өңірлерде бұданда көп уақыт кетеді);
Екінші - ықтиярхат мерзімі паспорттың уақытымен бірдей берілетіндіктен, халықтың көші-қоны туралы заңының 23-бабына сәйкес мемлекет көрсететін жәрдемдерін қиындықсыз ала алады (оралман куәлігі 1 жылға қана берілетіндіктен оралмандар бір жыл ішінде азаматтық алмаса, оралман куәлігінің уақыты біткен күннен бастап барлық көметтен айырылады, яғни үйдің кезегі жойылады, мед.көмек ақылы болады т.б.);
Үшінші - ықтиярхат паспорт уақытымен берілетіндіктен қалаған уақытында азаматтыққа өткізуге мүмкіндік алады (азаматтардың таңдау құқықтарына қол сұғылмайды).
Тарихи отанына оралған этникалық қазақтардың бір басына бірнеше құжат, бірнеше атау берудің еш қажеттілігі жоқ деп санаймын.

Ұсабек Оразақынұлының фейзбук парақшасынан алынды

Пікір жазу
  • Зауытбек Тұрысбеков: Әлемдегі бар қазақты сақтау – ұлт идеясы болу керек!
    Жарты жылда 7000-ға жуық қандасымыз көшіп келген