Биыл шетелдегі қандастар үшін ЖОО дайындық бөлімінен 1300 орын бөлінді

Уақыты: 2020-06-03 Көрлімі: 1532 Сипаттама

Пандемияға қарамастан Қазақстан өз қандастарын оқуға қабылдайды, бұл туралы «Отандаст...


101838969_263105515037578_8463811558798000128_o.jpg

Пандемияға қарамастан Қазақстан өз қандастарын оқуға қабылдайды, бұл туралы «Отандастар» қорының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде хабарлады.

 «Отандастар» қоры әлеуметтік желіде «Биыл қандас жастарды Қазақстанға оқуға қабылдамайды» деген ақпараттың жалған екенін мәлімеді.  Жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне шетелдегі қандастар үшін 1300 орын бөлінгенін хабарлады.

«Осы орайда «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» РҚБ және «Отандастар қоры» КЕАҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарды оқытуға 1300 орын бөлінгенін хабарлайды. Үміткерлерден құжаттарды қабылдау туралы ақпаратты қабылдау ережесі бекітілгеннен кейін қосымша жолдаймыз.», деп жазылған хабарламада.


Осы және басқада нақты ақпарат алу үшін «Отандастар қорының» төмендегі телефондарына хабарласуға болатыны жазылған:


✔️1404 (барлық қазақстандық мобилді операторлар үшін тегін);
✔️8 800 080 1404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін);
✔️+7 (7172) 981404 (барлық қазақстандық қалалық қоңыраулар үшін тегін, халықаралық қоңыраулар үшін шетелдік операторлар белгілеген ставкамен);
✔️8 701 000 1404 (WhatsApp, Telegram хабарлар мен қоңыраулар үшін).

Сондай-ақ «Отандастар» қоры қандастарға сұрақтарын әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына да жазуға болатынын ескертті.

«Отандастар» қорының әлеуметтік желідегі парақшалары:  

Фейсбук: https://web.facebook.com/OtandastarQory/

Инстаграм: https://www.instagram.com/otandastar_qory/

Телеграм: https://t.me/otandastar

ВКонтакте: https://vk.com/fondotandastar

Твиттер: https://twitter.com/otandastar


Пікір жазу
  • Қазақ елі қашанда қандастарды қолдап, елге келем деушілерге есігін айқара ашады
    ДҮКЕН МӘСІМХАНҰЛЫ: ҚАНДАСТАР ОТАНҒА, ОТАН ҚАНДАСТАРҒА МҰҚТАЖ

    Ұқсас тақырыптар