Биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 1 863 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды, деп ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз.
Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 89,7 мың этникалық қазақ оралды.
Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (68,2%) Өзбекстаннан, 14% – Қытайдан, 6,3% – Түрікменстаннан, 2,3% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден.
Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,6%), Маңғыстау (14,8%), Түркістан (12,4%) және Жамбыл (6,3%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (7,1%), Нур-Султан (6,3%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды.
Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 62,3%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7%-ды және зейнеткерлер 15%-ды құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңейі бойынша 11%-ы жоғары білімді, 38,9%-ы орта кәсіби білімді, 48,5%-ы жалпы орта білімді және 1,5%-ының білімі жоқ.