2024 жыл 29 қараша Алматы қаласында Екінші Республикалық «Қазақстанда дәстүрлі медицинаның дамуы және болашағы» форум жоғары деңгейде өтті. Форум Қазақстан Республикасының әнұранымен және «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбековтың құттықтау сөзімен ашылды. Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Қытай және Моңғолия елдерінен дәстүрлі медицина саласының зерттеушілері, мамандары және қоғам қайраткерлері қатысты. Баяндамашылар қатарында 12 ғылым докторы, профессор және 10-нан астам медицина саласының мамандары болды. Форум нәтижесінде қатысушылар төмендегі ұсыныстарды ҚР денсаулық сақтау министрлігі, Жоғары білім және ғылым министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бастаған мемлекеттік мекемелермен, дәстүрлі медицина, емдеу-сауықтыру орталықтары және қатысты қоғамдық ұйымдарға тарихи, мәдени құндылығы мен халық денсаулығы үшін маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне дәстүрлі медицинаның интеграциясын зерттеу және насихаттау мақсатында төмендегідей ұсыныстар жолдайды.
1. Қазақ медицинасын ғылыми негіздеу, Қазақ медицинасын дәстүрлі медицинаның ұлттық құрамы ретінде ғылыми түрде негіздеу арқылы денсаулық саласында алатын орны мен қажеттілігін айқындау және жоғары оқу орындарында мамандарды дайындауға мүмкіндік беру.
2. Халық медицинасы препараттары және оның қолданылуы, заманауи медицинаның ілімдері мен әдістемелері арқылы дәстүрлі медицина негізін ғылыми түрде қалыптасуына жол ашып, емдеу және сауықтыру мақсатта тәжірибеде қолдануына мүмкіндік жасау.
3. Дәстүрлі емдеу әдістері, дәстүрлі медицинаның қазіргі замандағы қолданып келе жатқан әдістемелерін ғылыми түрде зерттеу және халық арасында насихаттау жолдарын кеңейту. Формуды әр жыл сайын өткізу.
4. Дәстүрлі медицина емшілерін аттестациялау және лицензиялау, шетелдік дипломдары нострификациялау.
5. Емшілердің дайын рецептерінен өнім шығару, патент, авторлық құқық беру механизмдерін жеңілдету.
6. Маңызды дәрі-дәрмек заттарды ұлттық байлық ретінде қорғауға алу, шетелге экспорттауды және шикізаттық жинауды қадағлау.
7. Заманауи денсаулық сақтау жүйесіне интеграция, дәстүрлі медицинаның даму бағдарламасын жүйелейтін меморандум қабылдау және оны іске асыру.
Құрметпен форумға қатысушылар және ұйымдастырушылар