Елбасы өзі бастаған көштің тоқтауына жол бермейді

Уақыты: 2018-02-16 Көрлімі: 1588 Сипаттама

Қытайдағы қазақтар саяси қысымға ұшырап жатыр дегеннен бері қазақ билігі қандастарды...

62fbca790bd65d625b4e5c82153bbc19.jpg

Қытайдағы қазақтар саяси қысымға ұшырап жатыр дегеннен бері қазақ билігі қандастарды назарынан тыс қалдырған емес. Дүниежүзі қазақтарының 5 құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үкіметке, ҚР Сыртқы істер министрлігіне, басқа тиісті ведомстволарға қытайдағы қазақтар мәселесін көтеріп, жан-жақты зерттеп, шетелдегі қазақ диаспорасының мүддесі мен құқытарын қорғауды тапсырған болатын.

Қытайдағы қазақтар мәселесі мемлекет аралық дипломатиялық жолдармен шешілетін күрмеуі күрделі мәселе екені даусыз.   Елбасы тапсырмасының орындалып жатқанының бір көрнісі - 14 ақпанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахменовты қабылдаса, 15 ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапына дипломатиялық нота жібергені жария болды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Бұл мәселені өзіміздің бақылауымызда ұстап отырмыз. Өйткені, ұсталған азаматтардың туыстары бізге қажетті мәліметтерді берді. Ол мәліметтер расталған соң, Қытай тарапына ресми түрде дипломатиялық арналар арқылы дипломатиялық нота жібердік. Толық мәлімет алған соң, оның барлығын бізге өтініш білдірген Қазақстан азаматтарының туыстарына міндетті түрде береміз. Біз олармен де тығыз байланыстамыз,»,- деп тілшілерге берген сұхбатында атап өтті.

Қазақстан билгі үшін, елдегі барша қазақ халқы үшін әуелбастан шеттегі қазақтардың мәселесі назардан тыс қалмаған. Оның дәлелі Тәуелсіздік ала салып, шеттегі қазағын Ел мен Елбасының Отанына шақыруы еді. Соның нәтижесінде 1 миллионнан астам қандас Атамекенге ат басын тіреді. Ал қазіргі таңда бұған дейін баспасөздерде жарияланғандай шеттегі қазақтардың оның ішінде Қытайдағы қазақтардың елге оралуы қиындап кетті. Әрине, шеттегі бауырын 70 жылдық ортардағы кезінде ұмытпаған қазақ халқы, өзінің азат таңында ұмытуы мүмкін емес. Сондықтан да елдегі барша қазақ баласы екі көзі төрт болып, қытайдағы қазақтарғақа қарай қарап отыр. Билікте, ұлттың қауіпсіздігін ойлаған органдар мен азаматтарда қытайдағы қазақ мәселесін шешу жолын жан-жақты ойластырып жатыр деген ойдамын.

«Құйылсын көшің, жиылсын қауым» деп қазақтың жаңа көшін бастаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев енді сол көштің Қытай тарапынан тоқтатылуына жол беруі мүмкін де емес. Екі елдің стратегиялық байланыстарын ескере отырып, Қытай билігіндегі әріптестерімен дипломатиялық жолдар арқылы бар мәселені шешеріне үміттіміз. Бұл жолығы Сыртқы істер министрлігінің нотасы да Қазақ елінің Қытай үкіметіне дүшпандық көзқарасының жоқтығын, Қазақ елін Қытай мемлекетінің қауіпсіздігіне зарал келтіретін елдердің қатарынан емес екенідгін ескерткені деп білеміз. Бұл жолғы нота арқылы Қазақстанмен байланысқан әрбір қазақтан Қытай үкіметінің негізсіз қауіптенбеуін ескертіп отыр. Ары қарай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзі қазақтарының Төрағасы ретінде шетелдегі қазақтармен мәдени, ағартушылық, экономикалық байланыстарды үзбеуді желеу ете отырып, Қытай билігінің қазақтардың Қазақстанға өтуіне жасаған кергілерді алып тастауына жұмыстарды жалғастырады деген сенімдеміз. Қазақ еліннің, елдегі атқа мінер азаматтардың арқасында ондағы қазақтар саяси қысымнан босап, екі тізгін бір шылбырды қолға алып, елге қарай жаңа бір көштің тиегін ағытары хақ.

Менің осы жерде тағы бір айта кететінім, бұған дейін де бұл мәселені артық шулатудың керегі жоғын, билік тарапынан сауатты дипломатиялық жолмен шешілетін, бізде соған сай сауатты жұмыс жасауымызды айтқан болатынмын. Әліде сабырмен, парасаттылықпен, мұқияттылықпен қоғам болып бірігіп, Қытайдағы қандастардың құрсаудан шығуына бірлікте жұмыстар жасалса деймін.

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 









 

 

 


Пікір жазу
  • Сөздің шыны керек: Қытай асып кеткендер
    2017 жылы 18 605 этникалық қазақ оралман мәртебесін алған