Дәурен Абаев: Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары өте мазмұнды болды

Уақыты: 2019-09-26 Көрлімі: 592 Сипаттама

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың А...

2C525226-5B99-4DED-A5E5-EEF0AE2CB962.jpeg

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының қорытындысы туралы пікірімен бөлісті, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап xабарлаймыз.

«Ең алдымен, Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары өте мазмұнды болды. Сапар бірнеше себеп бойынша көптен күтілген еді. Біріншіден, біздің Президент БҰҰ Бас Хатшысының орынбасары қызметін атқарған өтілі бар мықты дипломат. Сондықтан, Манхеттендегі ғимаратта ол өзінің бұрынғы достары мен әріптестерінің ортасында отырды. Бұл ретте БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутеришпен кездесуінің жылы атмосферасын ерекше атап өтуге болады», - деді Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр өз сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде АҚШ-қа тұңғыш рет сапар шеккенін еске салды. 

«Президент жалпы дебаттағы сөзімен тек халықаралық өткір мәселелерге ғана емес, Қазақстанның ішкі дамуына көзқарасын білдірді. Халықаралық қауымдастыққа меніңше, біздің ел демократиялық жолда жүретіні жайлы маңызды месседж берілді. Президент өз көзқарасын өте ұғынықты білдірді – әртүрлі пікірлер мен бір ұлт. Үшіншіден, мұндай ауқымдағы оқиға дипломатиялық терминмен айтқанда «алаңда» ел көшбасшыларына өз әріптестерімен келіссөз жүргізуге керемет мүмкіндік береді. Біздің Президент осылайша бірнеше кездесу өткізді, оның ішінде Президент Дональд Трамппен жолықты. Бізді экономикада да, саясатта да мығым серіктес қарым-қатынас байланыстырып тұрған елдердің басшыларымен жүздесті», - деді ол.

Дәурен Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлік және саяси ортамен кездескенін тілге тиек етті. 

«Сол себепті, мұндай сапар біздің ел үшін өте маңызды болды», - деді Дәурен Абаев.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Тоқаев: Популизм – бұл саясаткердің дарынсыздығы, мен бос уәде бермеймін
    ДИПЛОМАТТЫҚ ПЕН ҒАЛЫМДЫҚТЫ ҚАТАР ҰСТАҒАН ТҰЛҒА