Абайдың тілін қашан аламыз?

Уақыты: 2019-10-13 Көрлімі: 522 Сипаттама

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл Бұл күнде әр қазақ өз деңгейінде абайтанушы. Абайды...

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

abay-kunanbaev.jpg

Бұл күнде әр қазақ өз деңгейінде абайтанушы. Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін араластырып сөйлеп жұртқа ақыл айтуға бейімбіз. Тіпті Абайдың туғанының 175 жылдығына орай деп ханымыздан бастап қаршамызға дейін Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін оқып, бір-бірімізге жолдадық. Бірақ, сол қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын өткізкелі отырған жұрт Абайды шын мәнінде тани алды ма? Оқуын оқыдық қой, оқығанымыз кәдемізге жарай қойды ма? Абайдың сын-тезіне алып, өзгертпек болған қоғамы бір жарым ғасырда қаншалықты өзгерді? Абайды көп айтқанымызбен, айтқанын орындай алдық па?

«Егіннің ебін,

Сауданың тегін

Үйреніп, ойлап, мал ізде. 

Адал бол — бай тап,

Адам бол — мал тап,

Қуансаң қуан сол кезде. 

Біріңді, қазақ, бірің дос 

Көрмесең, істің бәрі бос»,- деген Абай қазақты өнер-білім үйреніп, кәсіптің көзін табуға шақырды. Бірақ, әлі біз өнер-білім үйренге арнайтын уақытымызды бос сөз бен дау-дамайға арнап жүрген сияқтымыз. Бұл әдет, әдет дегеніңіз бер жағы болар, бұл дерт сол Абай қоғамы мен біздің замаымызбен ғана кетпей, бізден кейінгі буынға да мирас ретінде қалар түрі бар. Абайдан бір ғасыр бұрынғы қазақ қоғамы қазақ жерін басып алған жауды қуып алысса, біздің қоғамда қазақ баласы бір-бірін жау санап, дау қуып алысуда. Абай оятқан қазақ қоғамы тұтастай оянбады деп те айта алмаймын. Абайдың артынан қазаққа еркіндік пен азаттықты, ғылым мен білімді алып келуге ұмтылған бір толқын топ бастады. Алаш Орда болып ұйысып, өзара міндеттерін бөлісіп, қазақ даласына ғылым мен білімнің дәнін сеуіп, қазақты әлемнің озық елдерінің қатарына қосуға ұмтылды. Соның нәтижесінше аз өмірлерінде ұлтқа ұшан теңіз еңбектер қалдырып кетті. Қазақ ғылымы мен білімінің негізін, тіпті қазақ мемлекетінің тұғырламасын қалады. Өкінішке орай қазақты отарлық қамытынан шығарғысы келмегендер заманынан озық туған арыстардың жолын уақытынан бұрын кесті. Әйтбегенде қазір біз мүлде басқа қоғамда өмір сүрер ме едік?

Ғасырдың басындағы орындалмай қалған қазақ арманы орындалғандай болып, 90- жылдары ғасырлар бойы күткен азаттықа жеттік. Ұлт көшбасшылары Ұлы далада іргелі мемлекет құрудың қамына бел шеше кірісті. Жаңа дәуір жаңа көзқарас, жас толқын мемлекет ісіне белсене араласты. Алаш күткен арманды орындамаққа кірісті. Алайда, ұлы армандар мен ұлттық рухқа толы күштің де жолын кесушілер тағы табылды. Жас түріктің бетін қайтаруға бұрынғы отарлықтан уланған сананың сарқыншақтары мен жаңа «жаулаушылар» қосыла іске кірісті. Ашкөздік, атақұмарлық, бақталастық көзбояушылық, енжарлық қатарлы виростарды таратып, ел мен жерге, байлық пен мансапқа талас басталды. Бір тұтас қоғам екіге бөлінді. Әр екі жақ тағы да өз ішінде жіктелді. Жоғарғы жақта үлкен тартыс-тарастар жүріп жатты. Ол тарасқа араластырмау үшін екінші жаққа неше түрлі ойындар ұйымдастырып отырды.

Халқы қалай болса, патшасы солай болады деп дін ұстаншылар жиі айтады. Кім қай мағынада айтса да бұл сөзді ешкім терсіке шығара алмас. Өзіміз өнбейтін дау қуып жүріп, «Патшамызды» қалай өнімді жұмыс жасатпақбыз. Сол «патшаларымызға» да керегі осы. Біз өзгердік, қазақ оянды дейміз. Әрине, оны ешкім жоққа шығара алмас. Белгілі дәрежедегі бетбұрыс әр тарапта да бар екенін мойындаған да жөн. Бірақ, осы «оянуларымыз» нақты істен көрі сөздің көркін қыздырумен ғана шектелмесе екен деймін. Ордамыздың түрлі мақсаттағы от тастаушылардың ойын алаңына айналдырып, өзіміз айғай-аттаннан аса алмай қалмасақ болғаны. Неге десеіз, әлеуметтік желі күнде дау-дамай, айтыс-тартыс. Арамызға біреу келіп «лақ» тастайды, жерден тілегеніміз көктен табылғандай оны бірнеше күн көкпар қылып тартып, қолымызға ілінгенін біраз қаужаймыз. Кеше Әміржан Қосановты көкпарға тартқандар, бүгін Мұхаметжан Тазабекті ортаға алыпты. Жас та, жасамыс да жауға шапқандай албырынды. Ал бізді осы қойлымның әртісі жасап отырған сценаристтерге де керегі осы. Оның үстіне арамызда садагердің ролын алғандар да аз емес. Осы бір түрлі ролдарымыздың өзі тамағымызды тоқ, уайымызды жоқ қылуға қызмет жасап жатқандай. Өнер білім үйреніп, өзімізді де елді де түзегеннен көрі, сөз базаранан қалмай нәпақамызды тапқымыз келеді. Өзіміз жемқорлықпен күресеміз, бірақ шаруамыз тез бітбесе пара беруде қолымыздан келеді. Сол сияқты бәріміз өзгені, одан кейін осы қоғамды түзеуге дайынбыз. Бірақ өзіміз туралы ойланбалық. Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншектік, бекер мал шашпақ досымызға айналып, талап, еңбек алыстап бара жатқандай.

Сол үшін «Малыңды жауға, 

Басыңды дауға

 Қор қылма, қорға, татулас.

Өтірік, ұрлық,

Үкімет зорлық

   Құрысын, көзің ашылмас. 

  Ұятың, арың оянсын, 

   Бұл сөзімді ойлансын.

  Тамағы тоқтық, 

 Жұмысы жоқтық

  Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа,

  Қор болып, құрып барасың. 

  Өтірік шағым толды ғой, 

   Өкінер уақтың болды ғой», - деген Абайдың айтқанын енді орндар кезіміз келген болар. Сол үшін енді бір уақыт өзімізге өзіміз көңіл бөліп, Абайдың тілін алып,  айтқандарын өз кәдемізге жаратайық. Бұл жөнінде ханымыз да қарашамыз да ойлағанымыз жөн болар.

Т. ҚҰРМЕТҰЛЫ

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қанат Ислам: Қарсыласым тәжірибелі әрі әккі боксшы
    "Қаһарманына" жем болған елдің қасыреті