"Қаһарманына" жем болған елдің қасыреті

Уақыты: 2019-10-10 Көрлімі: 2466 Сипаттама

Көзден бұл-бұл ұшқан күдер-айФлиппинде шетелдерге шығып жалданып табыс табатындарды “...

Marcos-MartialLaw-BW2-e1453105679769.jpg

Көзден бұл-бұл ұшқан күдер-ай

Флиппинде шетелдерге шығып жалданып табыс табатындарды “ұлттың қаһарманы” деп атайды. Өйткені осы жандар, өздері естіп көрмеген елдерді кезіп, сонда жалданып тауқыметпен тапқан табысын елге аударып, үй-іші, бала-шағасын асырайтындар. Ал оларды осы күйге кіріптар еткен – өз кезінде  құрбандар мәйіттері арасынан сан мәрте тірі тұрып, Жапон отаршыларын елден қууда ерен ерлік көрсеткен “екінші дүниежүзілік соғыстағы қаһарманы” Фердинанд Маркос еді. Сондықтан да, сол тұста өз кондидатурасын ұсынғанбай жатып-ақ, халық оны басына көтеріп президен сайлады.

Ол президент сайланған 1965 жылы Флиппин Азиядағы ең бай ел еді. 1950 жылдан бастап Флиппин экономикасы қауырт дамып, осы елдің өнімдері тұтас түстік Азияны жауып қалған болатын. Ол тұстағы Азияның қаржы орталығы да, Токио немесе Гонконг емес, сәйкесінше, осы Манила саналып, ол “Азияның Нью-Йоркі” аталатын. Ол тұста оның төңірегіндегі елдер әлі іші асқа, иіні киімге жарымаған  еді. Қытай мен Кореяның жан басындық ЖІӨ-і 100 АҚШ долларына жетпейтін. Флиппин болса, бұл көрсеткішті 1000 доллардан асырып тастаған-ды.

 

Бір кісі бір елді қалай “жеп қойды”

Сайланған алғашқы кезегінде Маркос 4 жыл тым “тәртіпті” болды. Ол “мүйізін” өзі орнығып алған соңғы екінші 4 жылда көрсете бастады. Флиппинде Маркос төстеген 20 жыл делінетін дәуірде сонан басталды. Елді жеу үшін ол бірқыдыру дайындық шараларын жасапты. Маркос “Әуп” дегенде БАҚ-ын тұншықтырып, өзге әуеннің үнін өшіреді. Ол Грек филосопы Платонның “қоғамда тек бір дыбысқа жол берілсе, өзге дыбыстың бәрі өтірікке айналады” деген тағылымын талғамсыз растады. Медияны басып –жаншығаннан кейін, Флиппиндіктер сөзден қалды; Оппозицияны жаныштағаннан кейін, Флиппиндіктер ойлаудан қалды; Мемлекеттің күре тамыры саналатын кәсіпорындарды өзіне қаратып алғаннан кейін, Флиппиндіктер әрекеттен қалды. Әсіресе, елдің монополиялық салаларын өзіне қаратып алуы Маркостың тойымсыз құлқынын толтырудың тікелей тәсілі болды.

Бірақ ол бұған, басқалар сияқты, жер иелерін немесе капителистерді тонаумен емес, “заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізумен” барды. Әуелгіде тиісті заңды өзгерту арқылы қант саудасы биржасын құрды да, барлық қант саудасын осы биржадан өтетін етті. Ол биржа болса, қанттың сатып алу бағасын жарты миллион қант жұмысшыларының күндік табысын 1 долларға дейінгі шекке түсірді! Биржаның қожайындары өз әулеті болды. Қант саудасын игергеннен кейін, осы тәсілмен банан, темекі, пальма сынды  ірі шикізаттарға ауыз салды. Осылайша, Маркос билеген 20 жылда елдің ағаш кесу, қағаз жасау, мұнай, сақтандыру, әуе және теңіз тасымалы, сыра, тоқымашылық, қонақүй, казино, баспа, радиотелевидения бизнесі тұтасымен Маркос пен әулеті және оның итсыйрақтарының меңгеруіне өтті. Халық солардың жалдамалы жұмысшыларына, мемлекет солардың кәсіпорынына айналып шыға келді.

Халық “шықпа жаным, шықпамен” жанталасып жатқанда, Маркос 10 млрд АҚШ долларының қожасы болып отырды. Онымен қоймай, осы байлығын есебін тауып шетелге тасыды, Швейцария банкіндегі құпия шотта тағы да бір “батпан құйрық” көбейді. Халықтың көбі жалаңаяқ жүргенде, оның әйдік сылқымы Имельданың 2700 пар аяқ киімі болған деседі.

Флиппин халқының мұнан арыға төзімі жетпеді, 1986 жылы өзін күшпен сайлатып, ұлықтау мүрәсімін өткізіп жатқан мезетте, жұрт мұздай қаруланған әскерилер шебін бұзып, президент ордасын қоршауға алды. Маркос АҚШ-ның сол елдегі елшілік қызметінің көмегімен Америкалық әскери ұшаққа мініп, сүтке тиген күшіктің кейіпінде табанын жалтыратты. 3 жылдан соң жүрек науқасынан Гауаида қайтыс болды. Оған өшіккені соншалық, Флиппин халқы оның мүрдесін 2016 жылға жеткенде ғана елге әкеліп жерлеуге келісім берді.

Оның өлімі Флиппинде ештеңені өзгерткен жоқ. Мемлекет Азиядағы үшінші санаттағы ел болып қала берді, 2.5 млн Флиппин әйелдері жер шарының әр бұрышында күңнің күнін кешуде!

Ел экономикасын шеңгелдеген Қытай диаспорасы және билік-бизнес ымырасы

Бүгіндері Флиппин экономикасының ауқымды бөлігі eл жан санының 2%-ін ұстайтын Қытай диаспорасының қолында. 2017 жылғы Форбос-флиппин аталымындағы 10 ірі олигархтың 8-і солардан болып шыққан (бір қызығы, олардың барлығы да Қытайдың Фу жиян өлкесінің Чуан жоу аймағынан екен). Ал енді ондағы Қытайлықтардың неге осындай дәрежеге жеткеніне келсек, олардың бәлендей алабөтен бизнес әдіснамасына ие екендігінде, болмаса бизнесте айтақалсын инновациялық жаңашылдықтар енгізгендігінде емес, қайта ептеп анау Маркос тұрғызған аталмыш монополиялық жүйеден  “бір кісілік” орын иеленгендігінде көрінеді. Билік-бизнес ымырасы Индонезия, Тайланд, Флиппин сияқты тұтас оңтүстік-шығыс Азияға ортақ қасиет. Жең ұшынан жалғасудың шебері Флиппиндік қытай Чын йоңзай да Флиппиннің алдыңғы президенті, қазіргі Манила мэрі Жозеф Эстраданың “боқшантайы” деседі. Екеуінің билік-бизнестік тамырлығы Флиппинде, тіпті, ешкім ерсі көрместей дәрежеге жеткен сыңайлы.  

 

“Zhengshang heixiazi” әлеуметтік текшесінен ықшамдап аударған

Құрмет Қабылғазы

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Абайдың тілін алып, ғылымға бет бұрайық
    Тимур Құлыбаев бюджет шығынын 150 млрд теңгеге азайту жолын айтты