Адырна: Әкімшілік алдындағы міндетіміз аяқтағанмен қандастарға қызмет көрсете береміз

Уақыты: 2018-11-16 Көрлімі: 3549 Сипаттама

15 қарашада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнограф...

46480055_1944243385695659_174486890395729920_n.jpg

15 қарашада Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі қандастарды бейімдеу жұмысына арналған "Отан оттан да ыстық" жобасының " Әр қазақ - менің жалғызым" атты қортынды  жиналысын өткізді. 

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы мемлекттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы Көші-қон бөлімінің басшысы Күлбарам Ғалиева, белгілі кәсіпкер Айбын Әубәкір, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бас маманы Ақерке Әбдукәрімова және осы жобаға қатынасқан қандастарымыз қатысты.

46473206_1944243612362303_1840793545359753216_n.jpg

 "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі директоры Арман Әубәкір мен "Отан оттан да ыстық" жобасының  жетекшісі Құрметолла Мұхаметханұлы жобаның жарты жылға жуық атқарған шаруаларын таныстырып, жоба әкімшілік алдындағы міндетін аяқтағанмен халық алдындағы жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

Адырналықтар мен жиналған қандастар қандастарды бейімдеу, құжаттарндыру барысындағы қиыншылықтарды айтып, олардың шешілу жолдарын ұсынды. Адырнаның заңгер Абзал Құспанмен бірге Оралман мәртебесі өткен қандастар мәселесі бойынша үкіметке ұсыныстар дайындап кіргізгендені айтылды. Жиналыс соңында жобаның қортындысы бойынша  ҚР Үкіметі мен Парламентіне жазған ұсынс хатты талқылап бекітті. Сонымен бірге «Отан оттан да ыстық» жобасына қолдау таныстқан азамататрға алғыс хат берілді.

46440196_1944243382362326_902626414212153344_n.jpg

27 маусым күні Алматы қаласы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі баспасөз мәслихатын өткізіп, «Отан – оттан да ыстық»  жобасын таныстырған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен іске қосылған жоба қандастарды қазақ еліне бейімдеу мақсатында құрылып, орыс тілі мен кәсіпкерлікке дайындайтын курстар ашылды. Жоба аясында қандастарымызға заңнамалық көмек көрсететін «Жедел желі» қызметі мен «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайтын іске қосылды. Жоба Алматы қаласынан ғана шектелмей облыс көлемінде де жұмыс жасап, қандастармен бірнеше кездесу өткізді. Қандастар мәселесіндегі ең өзекті тақырыптарды қозғап, билік пен халық назарына ұсынды, шешу жолдарын қарастырды.

46443396_1944243775695620_2075093309960749056_n.jpg

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • “ОТАНДАСТАР” ҚОРЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ
    «Елбасы жолдауы – ел дамуының кепілі» атты дөңгелек үстел өтеді