Қазақ алфавитінің латынға көшудегі маңызы мен мәні турасындағы мамандар дискуссиясы әлі де жалғасын табуда. Бұл реформаның мақсаты мен мазмұнының артында қандай гәп жатқанын, оның түпкі негізіндегі сырын тауып, көпшілікке талқыға сала бергеннен Қазақстанның да, елдің де беделі өсіп, мақсаты айқын болмасы анық.
Осы мәселеге, реформаның шын мәнінде мемлекет үшін қандай мәні бар екеніне қатысты Ресейдің М.В. Ломоносов атындағы мәскеу мемлекеттік университеті Тарих факультеті жанындағы постсоветтік елдердің қоғамдық-саяси процесін үйрену Ақпараттық-сараптамалық орталағы сайтында «Қазақстан» РТРК» АҚ-тың төрағасы Ерлан Қаринның пікірі жарияланды:
Қазақ жазуының жоспарлы реформасы турасында пікірталастардың белсенді болатыны әубастан белгілі болған. Алайда дәл осы пікірталастардың бір жағы бұл мәселені саясатқа, геосаясатқа әкеліп тірейді. Осы орайда тағы да бір рет мәселенің анық-қанығын айту керек.
Біріншіден, латын графикасына көшу- әуел баста мақсат етілген жоспар. Оған мемлекетіміз кезең-кезеңмен жақындап отырды.
Бұл мәселенің мән-жайын түсінбей жүргендер үшін айтып кетейін: Президент латын графикасына көшу қажеттілігін ең алғаш рет 2006 жылы айтқан болатын. Ол Қазақстандағы этносаралық бірлік институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылды. Арада көп ұзамай президент Назарбаев 2012 жылғы өзінің жолдауында латын қарпіне көшу тақырыбын өрбітіп, оны 2025 жылы аяқтайтындай етіп қойды. Және сол «Жолдау-2012» кезінде мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясын құрды. Бұл - ұзақ мерзімге арналған мемлекеттің стратегиялық даму мақсаттары бекітілген құжат. Сонымен қатар, реформалардың тәжірибе жүзінде жүзеге іске асуы, яғни президент өз бағдарламалы мақаласында айтқаныңдай бұл заңдылық, ойластырылған қадам. Ол бұрын қабылданған стратегияның жалпы логикасына сәйкес келеді. «Барлығы жоспар бойынша» демекші, мамандар үшін де жаңалық ашылған жоқ, ешнәрсе аяқ астынан болған жоқ екендігін ескерткім келеді.
Келесі. Тіл графикасына қатысты реформаны тек қан қазақ тілінің модернизациялануы тұрғысынан қарастыру керек. Бұл тек тіл графикасына ғана қатысты екенің атап айтқым келеді. Біз өзге тілге көшіп жатқан жоқпыз, тек графиканы модернизациялаймыз. Латын қарпі алғаш рет кеңестік кезеңде енгізілген графика екенін ескерсек, сонымен бірге барлық түркі халықтары (Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан) әлдеқашан оған көшіп кеткенін айта отыра, латын графикасының түркі тілдерінің фонетикалық құрылымына біршама жақын екені де атап өткен жөн. Және аталған елдердің сыртқы саяси бағытына әсер еткен латын графикасын көшу болды ма?
Латын графикасына көшу мәселесін эмоцияға берілмей, тереңірек ойланатын болсақ, ол тек қана тілдің қолайлығы мен функционалдылағына байланысты. Мұнда ешқандай саясаттың, тіпті геосаясаттың иісі де жоқ.
Қазақстан түркі тілді елдерінің ішінде латын графикасына көшпекші болып отырған соңғы елдердің бірі. Иә, латын графикасына көшу – өркениеттік мәселе. Ашық және глобалды әлем пайдасына таңдауымыз - қазақ тілі жаңа динамика мен дамуға, популиризациялануға мүмкіндік, бағыт алып отыр. Бүгінде көптеген тілдер жаһандық процесстер тарапынан қысым алуда. Осы орайда Қазақстанның латынға көшуі - білім саласына байланысты басқа да реформалармен тығыз байланыста. Демек, бұл жаһандану кезеңіндегі ұлттың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған ұлттық білім жобасы болмақ.
Және соңғысы. Латынға көшу – басты мақсат емес. Ең бастысы - ұлттық сананың трансформациялануы, өзгеруі. Елбасы дәстүр мен заманауилық арасында тепе-теңдікте тұруға тиісті қазақстандық модернизация бағдарламасын енгізудің жүйесін ұсынды. Ол тек өткенге, бұрынғыға жалтақтай бермеуге, жаңаны да қуып артынан еріп кетпеуге шақырады. Осы орайда Ресей мен Қазақстанның концепциялары ұқсас: тарихи тамырларды жоққа шығарып, жаңаға да шетелге де еліктемеу қажет.
Бүгін таңда президент Назарбаев жалпымойындалған ұлттық лидер ретінде бірнеше жаңа қоғамдық идеологемаларды қалап жатыр, олардың ең бастылары - Білім мен Білгірлік. Оның мақаласының, жалпы стратегиясының мәні осында жатыр. Негізінен, Қазақстан үшін бұл өз бетінше ұлттық идеяға айналуы керек. Жазу реформасынан тыс Нұрсұлтан Назарбаев қоғамды өзгеріп жатқан тарихи шындыққа бейімдеудің басқа да бірнеше қадамын айқындады. Латын қарпіне өту (дұрысы — оралу) бұл бар болғаны бір құралы ғана. Басқа ештеңе емес.
Дереккөз: "Қамшы"