Игі істердің тиімді тетігі

Уақыты: 2017-12-01 Көрлімі: 81 Сипаттама

Халықпен тұрақты байланыс орнатып, ел арасындағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтау – «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірегейі....

Халықпен тұрақты байланыс орнатып, ел арасындағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтау – «Нұр Отан» партиясының басым бағыттарының бірегейі. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев та бұл мәселеге ерекше мән беріп: «Азаматтармен тұрақты диалог – партиямыздың халықтық қолдауының қайнар көзі» деген болатын. Соған орай «Нұр Отан» партиясы жүйелі түрде қоғамдық қабылдаулар ұйымдастырып, өткір мәселелердің оңтайлы шешілуіне жағдай жасап келеді. Сондай қабылдаулардың бірі – кеше партияның республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде өтті. Онда партия Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Астана тұрғындарын қабылдап, бас қаладағы бірқатар мәселеге назар аударды.

Қабылдау барысында астаналық­тар­дың дені, негізінен, қаланы абаттандыру мен оның инфрақұрылымын дамыту мә­се­ле­леріне алаңдайтыны белгілі болды. Мұх­тар Құл-Мұхаммедтің қабылдауына кел­ген Тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қор­ғау ода­ғының басқарма төрағасы Вик­тор Сыз­дықов та аталған сала бойынша өз қын­жы­лысын білдірді. Пәтер иелері коопе­ра­тивтерінің жұмысына көңілі тол­майтынын айтқан ол, бұл мәселені шешу үшін жаңа жобаны енгізуді ұсынды. «Бір үй – бір бір­лестік – бір есеп» ұстанымын ен­гізу ар­қы­лы көппәтерлі тұрғын үй­лер­дің шаруа­шы­лығын басқаруға арналған жаңа жобаны қол­ға алсақ, ұтарымыз көп. Бұл барлық да­мы­ған, өркениетті елдерде бар тәжірибе. Ол тапсырыс беруші – мер­ді­гер класси­ка­лық үлгісі бойынша жүзеге асы­рылады. Яғ­ни, ПИК өндірістік құры­лым емес, тап­сырыс беруші болуы керек. Біз қазірдің өзін­де мұндай бастаманы кейбір үйлерде пи­лоттық жоба ретінде қол­ға алдық. Нә­тижесі көңіл қуантады. Мә­селен, үйді күту мәселесіне қатысты көп­теген дау-дамай өздігінен басылды. Тұр­ғындардың жауап­кер­шілігі де арта түс­ті. Сондықтан осы бас­таманы жан­дан­дыру үшін партия тара­пы­нан қолдау бол­са дейміз» дейді Тұтыну­шылар мен кә­сіп­керлерді қорғау ода­ғының басқарма тө­рағасы.

Мұхтар Құл-Мұхаммед В.Сызды­қов­тың бұл бастамасына қолдау білдірді. Со­ған орай ол партияның Астана қалалық фи­лиалы мен Орталық аппарат басшы­лы­ғына жаңа жобаны жан-жақты зерттеп, тиім­ді­лігі анықталған жағдайда оны жү­зеге асыру үшін қолдау көрсетуді тап­сыр­ды.

Қабылдауда болған «Жебеу» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділ­бек Омарәлі елімізге келетін шетелдік туристерді уақытша тіркеу мәселесін жеңіл­дету жөнінде өз ұсынысын айтты. «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне бай­ланысты қазірдің өзінде Астанаға ағыл­ған туристердің саны көбеюде. Олардың елі­мізде өздерін мейлінше, жайлы се­зінулері үшін Қазақстан заңнамаларына сәйкес туристерді тіркеу талаптары жеңіл­десе дұрыс болар еді» деді Ә.Омарәлі.

Тіркеу мәселесінің партияның жіті на­зарында екенін айтқан Мұхтар Абрарұлы қоғам белсендісіне ұсынысының қараусыз қал­майтынын жеткізді. Сондай-ақ осы мә­селеге байланысты тиісті ведомс­тво­лар­мен бірлесіп жұмыс істелетінін де тілге тиек етті.

Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Елбасымыздың абырой-беделінің арқасында елордамыз әлемдік аренада жаһандық ауқымдағы форумдар мен жоғары деңгейдегі кездесулерді өткізу орталығына ғана емес, сонымен қатар геосаяси дау-жанжалдарды реттейтін жаңа алаңға айналып үлгерді. Оған дәл бүгін Астана қаласында басталған Сирия мәселесі бойынша келіссөздер айқын дәлел бола алады. Одан бөлек, алдағы жаз айларында Астанада «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі өтетіні белгілі. Бұл бүкіл әлем назары Қазақстанға ауады деген сөз. Қазірдің өзінде дүниежүзі Астананы Қазақстанның бойтұмары ретінде мойындайды. Сондықтан оның әр көшесі, әр ауласы, әр ғимараты және барлық инфрақұрылымы елорда деген атқа лайық, жоғары деңгейде болуы тиіс».

Жоғарыда айтқанымыздай, қабылдауға келг­ен азаматтардың басым бөлігі қаланың инф­рақұрылымына қатысты мәселелерге тоқ­талды. Осы ретте партияға ПИК-тің үсті­нен арыз-шағымдардың жиі түсетінін ерекше атап өткен жөн. Өйткені бұл бү­гінде тек елордалықтардың емес, басқа да ірі қалалардың өзекті мәселесі болып отыр. Мә­селен, партия Төрағасы бірінші орын­басарының қабылдауына келген астаналық Зәуреш Жұмаділова мүгедек арбасына танылған анасы Күлжан апамен бірге тұра­ды. Бүгінде жасы келген кейуананың тысқа шы­ғып, таза ауа жұтуы мұңға айналып отыр. Себебі, олар тұратын үйде мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған пандустар та­лапқа мүлдем сай емес. «Кіреберістегі пан­дус бірден автомобильдер жолына шығады. Ал бірінші қабатқа көтерілетіні өте тік жасалған. Сондықтан адам өміріне қауіпті. Екінші қабатқа шығатын пандус мүлдем жоқ» деген З.Жұмаділова осы мәселенің оң шешілуіне партия тарапынан қолдау болса дейді.

5665-640x429.jpg

Ауланың таза әрі жанға жайлы болуы оның тұрғындарының жауапкершілігіне тікелей байланысты екенін айтқан Тұ­тынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қауымдастықтың вице-президенті Ханзада Балтаева осыған қатысты өз тәжірибесімен бөлісті. Одан бөлек, Х.Балтаева аулаларды абаттандыру мен қаланы көгалдандыруға қатысты жұмыстарды әлі де болса жандан­дыру керек екенін назарға салды және «Нұр Отан» партиясының алаңында Астанадағы барлық ПИК-тің басшыларын жинап, іс-шара өткізуді ұсынды.

Қабылдау кезінде белгілі болған тұр­мыс­тық-әлеуметтік мәселелердің қа­тарында қоғамдық жерлердегі тыныш­тық­тың бұзылуы да бар. Мәселен, Астана тұр­ғыны Оксана Соттир республикалық қо­ғамдық қабылдау бөлмесіне сыра дү­кенінің үстінен шағымданып келді. Оның айтуынша, аталған дүкен өзі тұратын үйдің бірінші қабатында орналасқан. Соған байланысты түнгі уақытта сауда нүктесінің ау­мағында айқай-шу күшейіп, тыныштық режимі бұзылады екен. Тұрғындардың құқық қорғау органдарына жасаған ша­ғымдары еш нәтиже бермегендіктен

О.Соттир «Нұр Отаннан» көмек сұрауға мәж­­бүр болған. «Дүкен жабылсын демей­мін. Бі­рақ бәрі заң аясында болса екен. Бұрын шағын дүкен еді. Қазір барға айнал­ды. Сон­дықтан ол жерге келушілердің қа­тары да артты. Ішіп алғандар ауламызда өте көп. Олар қарап жүрмей жергілікті тұр­ғын­дар­дың мазасын алады. Тіпті солардың ке­сірінен балаларымызды далаға жалғыз жі­беруге қорқамыз» дейді О.Соттир.

Бұған қатысты Мұхтар Құл-Мұхаммед пар­тияның Астана қалалық филиалының бас­шылығына қалалық әкімдікпен бірлесіп ал­когольдік ішімдіктер сататын нысан­дардың жұмысына қатысты заң шеңберінде тексеру жұмыстарын жүргізу керектігін тап­сырды.

Қабылдауға келген зейнеткер Василий Пасечко өзі тұратын үйде жылу мен ыстық су жүйесі жиі істен шығатынын айтып, ша­ғымданды. «Бұл мәселе бойынша ПИК қол қусырып отыр. Жөндеу жұмыстары бола қалса, тұрғындардан ақша жинайды. Ал ай сайынғы төлейтін қаржының нақты қайда жұмсалатыны белгісіз» дейді В.Па­сечко.

Барлық өтініш иесін мұқият тыңдаған Мұх­тар Құл-Мұхаммед партияның Астана қа­лалық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Еділ Мамытбековке респуб­ликалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде көтерілген әр мәселені нақты саралап, тиіс­ті шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары олардың әрқайсысы өзінің жеке бақылауында болатынын айтты.

«Мен жергілікті тұрғындардың Ас­та­на­ға деген ерекше ықыласын толық қол­дай­мын. Себебі, Елбасымыздың абырой-бе­делінің арқасында елордамыз әлемдік аре­нада жаһандық ауқымдағы форумдар мен жоғары деңгейдегі кездесулерді өткізу ор­талығына ғана емес, сонымен қатар гео­саяси дау-жанжалдарды реттейтін жаңа алаңға айналып үлгерді. Оған дәл бүгін Астана қаласында басталған Сирия мә­се­лесі бойынша келіссөздер айқын дәлел бо­ла алады. Одан бөлек, алдағы жаз айла­рын­да Астанада «ЭКСПО – 2017» халық­аралық көрмесі өтетіні белгілі. Бұл бүкіл әлем назары Қазақстанға ауады деген сөз. Қа­зірдің өзінде дүниежүзі Астананы Қ­а­зақстанның бойтұмары ретінде мойын­дай­ды. Сондықтан оның әр көшесі, әр ауласы, әр ғимараты және барлық инфрақұрылымы елорда деген атқа лайық, жоғары деңгейде болуы тиіс» деді «Нұр Отан» партиясы Төра­ғасының бірінші орынбасары.

Жалпы алғанда, партияның қоғамдық қабылдау жұмысы өзінің тиімділігін толы­ғымен дәлелдеді. Сондықтан уақыт өткен сайын бұл бастама жанданып келеді. Бү­гінде еліміз бойынша «Нұр Отанның» 231 қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Өткен, яғни 2016 жылы аталған қабылдау бөлмелеріне 226284 адам өз өтініштері бойын­ша келген. Олардың 90919-ы – «элект­ронды қоғамдық қабылдау» жүйесі, 10949-ы – «жедел желі» және 5313-і «whatspp» мессенджері арқылы өтініш біл­дір­ген.

Сонымен қатар былтыр «Нұр Отан» пар­тиясы 34893 қабылдау ұйым­дастыр­ғанын атап өткен жөн. Солардың ішінде Мә­жіліс депутаттары – 287, мемлекеттік ор­гандардың жетекшілері – 10184, мәс­л­и­хат депутаттары – 10645, барлық деңгейдегі әкімдер мен олардың орынбасарлары 3909 және заңгерлер мен медиаторлар 668 қабылдау өткізді.

Барлық келіп түскен мәселенің 23 пайы­зы дер кезінде оң шешімін тапты. Ал 70 пайызына заң аясында кеңестер беріліп, тү­сіндірме жұмыстары жүргізілді. Соған орай азаматтарға өздерін толғандырған мәселелерді мемлекеттік органдар арқылы ше­шуге мүмкіндік туды. Өтініштердің қал­ған 7 пайызы бойынша бүгінде тиісті жұ­мыс­тар жүргізілуде.


Еламан ҚОҢЫР,

Суретті түсірген Рустам АМАНТАЙ

文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Қоғамдық қабылдау қарымы жоғары
Құрманжан Төлеубекұлы: мақсатым UCF тұжырымында топ жару

Ұқсас тақырыптар