Құрманжан Төлеубекұлы: мақсатым UCF тұжырымында топ жару

Уақыты: 2017-12-15 Көрлімі: 417 Сипаттама

Құрманжан Төлеубекұлы: мақсатым UCF тұжырымында топ жару...

Құрманжан Төлеубекұлы: мақсатым UCF тұжырымында топ жару 

24824561_1501835853267345_50386939_n.jpg

Спорттың қай түрі болсын күштің ғана емес ақыл-ой мен айла-тәсілдің тартысы. Кейінгі кездері қазақ балалары ережесіз жекпе-жекте көптеп топ жарып жүр. Бұл спорт түрі соңғы кезде қалыптасты дегенмен, негізі алыста жатыр. Жекпе-жек ежелден намыс пен рухтың тартысы еді. Кешегі еліміз бен жерімізді қорғаған батырларымыз да жорықтардың алдында жекпе-жекте қарсыласынан айласын асырса, қалған сардарлар мен сарбаздардың рухы көтеріліп, сол шайқастың жеңіспен аяқталуына себеп болатын. Біздің жігіттердің де жекпе-жекте көзге түсе бастауы батыр бабалардың ерлік жолының жалғасы болса керек. 

24891396_1501835793267351_914875364_n.jpg

Жақын жылдары елімізде де жекпе-жекке жастарды дайындайтын түрлі кулбтар ашылып, талай жігіттеріміз алдаспандай жарқылдап шықты. Міне, сондай жігіттеріміздің қатары тағы толығу үстінде. Қытайдағы қазақтардан шыққан белгілі палуан Нұрлан Дәулетханұлы Қытайда топ жарып жүрген бірнеше жас спортшының  Алматыдағы Арлан командасының «Айдар» кулбында жаттығуын жалғастыруға себепкер болыпты. Сол жігіттердің арасында Қытайдағы осы спорт түрі бойынша ең үлкен тұжырым WLF-те екінші орында тұрған Құрманжан Төлеубекұлымен танысып қайтқан едік. 

24829112_1501835699934027_426969016_n.jpg

Құрманжан Төлеубекұлы 1993 жылы ҚХР Іле қазақ облысының Құлжа ауданында дүниеге келіп, 2010-2013 жылдары аралығында Іле облыстық дене-тәрбие мектебінде Өркен атты бапкердің бокс командасында тәлім алған екен. Осы уақыт ішінде түрлі жарыстарға қатысып, 2011 жылы Шинжияң жастары арасында өткен жарыста  бөкстан 75 кг салмақта бақ сынап, 2- орынды еншілепті.  

24891480_1501835639934033_427573906_n.jpg

Дене-тәрбие мектебін бітіргеннен кейін ережесіз жекпе-жекке келу барысын аңгімелеген Төлеубек: «Іле облыстық дене-тәрбие мектебінде Өркен ұстазымның нұсқауы бойынша 2013 жылы Қытайдың Тянжин қаласы «Да шыңуй» атындағы ережесіз жекпе-жек құрамасына барып кірдім. Сол жерде жүйелі жаттығуды Иу Луң бапкердің қолында бастадым. Бұл  командада 4 жыл ішінде үлкенді-кішілі жарыстарға қатысып, 77 кг салмақта 37 жекпе-жек өткізіп, 32-сінде жеңіске жеттім. Бұның ішінде 24 қарсыласым Ресей, Тайланд, Иран, Украина қатарлы әлемнің әр елінің апайтостері болды. Атап айтар болсам, 2017 жылдың 3 қазанында Қытайдың Ішкі моңғол облысының Алашан қаласында өткен Гүлнүн Прайдта Бразилиялық Мишер деген өте тәжірибелі, мықты спортшымен шығып, қиян-кескі айқасып 3- раунтта айқын жеңіке жеттім,»- деп жеңісті шақтарын есіне алды.  

24989237_1501835666600697_553551883_n.jpg

Құрманжан елге келгеннен кейін жақында ғана тағы бір жекіңске жеткен екен. Ол туралы: «Нұрлан Дәулетханұлы ағамыздың көмегімен Алматыдағы Арлан командасында 15 күн жаттыққаннан кейін Қытайға қайта барып, ережесіз жекпе-жекте қытайдағы ең үлкен WLF тұжырымында 77 кг салмақта оныншы майданымда Бразилиялық спортшыны 1- раунтта нокаутқа құлатып, осы тұжырымда салмағым бойынша 2- орынға көтерілдім. Қазір Алматыда жаттығуым жалғасуда, бұйыртса 2018 жылдың 12 қаңтарында WLF тұжырымы бойынша алтын белбеуге таласамын. Ары қарай Алматыда жаттығуымды жалғастырып, осындағы қазақ батырларымен тажірибе алмасып, болашақта шетелде өтіп жатқан ABC, файт-найт қатарлы ең үлкен тұжырымдарда бақ сынасам деймін. Түпкі мақсатым UCF тұжырымында топ жару,» деп жоспарымен бөлісіп, осы арманына жетуге көмектесіп жүрген палуан Нұрлан Дәулетханұлына деген алғысын білдірді.  

24989368_1501835823267348_1517641747_n.jpg

Біз де елімізге келіп, бәйгеге қосылам деген бір тайымызға тақып қысып, ақ батамызды беріп Құрманжанның арманына жетуіне тілектеспіз. Қазақ батыры жекпе-жекте қарсыласын бағындра берсін.  

Тұрдыбек ҚҰРМЕТХАН 


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Игі істердің тиімді тетігі
Қазақтың кешегі арманы, бүгінгі ардағы болған Тәуелсіздік мерекеміз құтты болсын!

Ұқсас тақырыптар