Алаш әскері туралы кітаптың тұсау кесерінде Алаш Орда зерттеушілері марапатталды

Уақыты: 2017-12-22 Көрлімі: 226 Сипаттама

21 Желтоқсан Алматыдағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының кітапханасында қоғам қайраткері,...

25660207_743658429156020_6973215653338352943_n.jpg

21 Желтоқсан Алматыдағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының кітапханасында қоғам қайраткері, «Киелі Қазақстан» орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалиұлының «Войско Алаш» атты кітабінің тұсау кесері болып, тұсау кесердің соңы «Алаш Орда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне естелік» медальімен  марапаттаумен аяқталды.

Тұсауы кесілген кітабын таныстырып, Алаш Әскері туралы зерттеулерімен бөліскен Берік Әбдіғали: «Біздің басты мақсат Алаш әскерінде кімдер болғанын анықтап, тізімін іздеу болды. Кітапта 750-ге жуық сарбаздың тізімі жасалды. Мұнда Аягөз, Үржар, Мақаншы, Үшарал, Ақсу, Сарқант, Қапал жүздіктерінің тізімі толығымен кірген. Сарбаздардың ата-бабаларының аты-жөнімен бар. Ол кісілер мүлде ұмытылып кеткен. Бұл күнде ұрпақтары да білмейді» деп Алаш әскері туралы зерттеудің әлі жалғасатындығын, енді Алаш әскері құрамында болған сарбаздардың ұрпақтарын тауып, ата-бабасының кім болғанының тарихи бағасын беріп, насихаттауды мақсат еткендерін айтып өтті.

L_bldO5RCTI.jpg

Берік Әбдіғалидың Алаш әскері туралы кітабімен бірге филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнестің  "Сарыарқа газеті 1917 жыл" деген жинағының тұсауы кесілді. Бұл кітапта Сарарқа газетінде 1917 жылғы жарық көрген мақалалалар мен зерттеулер кірген.   

Кітаптың тұсау кесерінен кейін тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді мен Берік Әбдіғали Алаш Орда үкіметінің 100 жылдығының өз деңгейінде өтуге атсалысқан азаматтар мен ұзақ жылдардан бері Алаш Орданы зерттеуге үлес қосқан ғалымдар мен Алаш пен Алаш идеясын дәріптеушілерге ҚР Ұлттық ғылым академиясының «Алаш Орда үкіметі мен Алаш автономиясының 100 жылдығының құрметіне естелік» медальін табыс етті. 

NFdnH30J8sY.jpg

Аталған медаль Алаштанушы Мәмбет Қойгелді мен Берік Әбдіғалидың өздерінен бастап, тарих ғылымдарының докторы, ғалым Нәбижан Мұхаметқанұлына, тарих ғылымдарының кандитаты Әлімғазы Дәулетханға, белгілі журналистер мен саясаттанушылар Ермұрат Бапи, Әміржан Қосанов, Болат Мүрсәлім, Айдос Сарым, Дәурен Қуат бастаған бір топ азаматтар мен ҰҒА қызметкерлеріне, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының қызметкерлеріне, тағы да басқа азаматтарға берліді. Сонымен бірге, филология ғылымдарының докторы Ғарифолла Әнес "Құрмет" орденімен марапатталды.

hfSayF-HCqY.jpg

Алаш Орданы зерттеу мен дәріптеу Алаш Орданың 100 жылдығынан  кейін де жалғаса бермек. Алаш әскері, Алаш Орда туралы зеттеу нәтижелері әлі талай кітап болып шығып, Алаш Орданы зерттеген, дәріптеген алашшыл азаматтардың кеудесіне әлі талай медальдер тағыла берсін деп тілейміз.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Руxани жаңғыру һам үш кітап
Оразанбаей Егеубаевтың бес томдығының тұсауы кесілді

Ұқсас тақырыптар