Оразанбаей Егеубаевтың бес томдығының тұсауы кесілді

Уақыты: 2017-12-23 Көрлімі: 125 Сипаттама

2017 жылы желтоқсан айының 13 күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық а...

e84c964682e65dd940a2880b6c1df700.jpg

2017 жылы желтоқсан айының 13 күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ фолкулорының үлкен жанашыры, жазұшы, зерттеуші, Таңжарық тану ғылымының негізін салушы Оразанбай Егеубаевтың бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді .

Бес томдықтың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, оқырман қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кешті алаштанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбай жүргізді. Кеш соңында Оразанбай әулеті Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде жазушығы арнап құран оқытып, ас берді . Бес томдық кітап Оразанбай әулеттің жеке қаржысымен шығарылды.

20171217031551881_big.jpg

 Оразанбай Егеубаев (1935–2007) - 13 желтоқсанда Іле қазақ облысының Тарбағатай аймағында өмірге келген.  «Көктем», «Естелік қалдыру» шығармаларымен әдебиет есігін (1954, «Шыңжаң» газеті) ашқан, «Өмір өткелдері» (әңгімеповесть, 1982, Үрімші), «Адам, ат, ит» (повестер, 1991, Үрімші), «Тау ұлы» (кинороман, 1991, Іле), «Таңжарық» (бес сериялы көркем телефильм, 1992 , Пекин), «Таңжарық тану» (1995, Іле), «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар – Таңжарық Жолдыұлы» (2000, Пекин), «Таңжарық». Таңдамалы шығармалары» (құрастырған, 1985–1995, Үрімші), «Таңжарық ақынның екі томдық толық жинағы» (2001, Үрімші), «Зерттеу материалдары» (Діндік қиссалар, 1985, Үрімші), «Қазақ хиссалары – батырлық, тарихи жырқисса» (4т., 1984–1987, Пекин), «Қазақтың ғашықтық жырлары» (3т., 1982–1996, Үрімші) кітаптары басылып шыққан.

«Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы реакциясында редактор, тілші, бөлім бастығы, Бас редактордың орынбасары міндетін атқарған. Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағын алған. Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Алаш әскері туралы кітаптың тұсау кесерінде Алаш Орда зерттеушілері марапатталды
Ел ағалары Қанат Исламның қос құлынына батасын берді