Жаңа жылдан бастап Қазақстан азаматтары тіркеуге тегін тұрады
1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Заңдағы өзгерістерге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұру үшін мемлекеттік баждан ұстап қалу қызметі тоқтатылады деп хабарлайды Jebeu.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.
Осы уақытқа дейін бұл қызметтің бағасы 227 теңге (0,1 АЕК) тұрған болатын.
Десе де, шетелдік төлқұжат иелері үшін мемлекеттік баждың мөлшері екі есеге, нақтырақ айтқанда 4-тен 8 АЕК-ке артты. Бұдан былай оның бағасы 19 мың 240 теңге тұратын болады.
Еске сала кетсек, ҚР Президенті 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске қол қойған болатын.
Jebeu.kz