Зардыхан Қинаятұлының кітабі сатылады
Кұрметті оқырмандар, көрнектi тарихшы, галым Зардыхан Қинаятұлының «Найман хандығы: Тарихы жане мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты монографиясы "Мерей" баспасынан жарык көрдi. Бұл кiтап ХІ-ХІІІ ғасырларда Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография. Зерттеу желісі қазақтың найман тайпасының ХІХ ғасырға дейінгі тарихи оқиғасын қамтиды. Монографияда Найман хандығының саяси құрылымы, этнодемографиясы, наным-сенімі, мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс салты жан-жақты талданған. Автор жан-жақты зерттеулер арқылы қазақ мемлекеттiлiгiне найман хандығының қосқан үлесiн нақты дәйектер арқылы көрсетiп бередi. Найман хандығы тек қазақ мемлекетiнеде ғана емес ХІІ гасырларда монгол үстiртiн меккендеген тайпалардын iшiнен ен алғаш болып жазу қолданып мемлекет басқарудың алғашқы жүйелерiн жасап моңғұлдардың өздерiне жазумен басқаруды үйретiп кеткен. Сондықтан бұл кiтап ру шежiресi емес, өте жоғары деңгейде жазылган ғылыми кiтап.
Көзқарақты оқырманына жету үшін аталған кiтап бүгіннен бастап сатылымға шықты. Қызығушылдық танытушылар, сатып алам деушiлер болса jebeu.kz сайты аркылы немесе pto-2017@bk.ru деген электонды почтаға хат жолдасаныз, сатып ала аласыздар. Түскен қаржы кiтаптың орыс тiлiнде баспадан шығуына жұмсалады.
Jebeu.kz