Сөз зергерлері арқа жерінде

Уақыты: 2018-03-30 Көрлімі: 35 Сипаттама

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналист...

Безымянный1.png

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде Х Республикалық журналистика олимпиадасы өтіп жатыр. Аталмыш сайысқа 16 жоғарғы оқу орнынан 48 студент қатысуда.

Білім бәсекесі 2 күнге жоспарланды. Олимпиадаға телевизияның 60 жылдығы арқау болды. Сайыстың ашылу салтанатында филология факультетінің деканы Әбдуов Мұхаметқали Ілиясұлы сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жүктелген тапсырма бойынша студенттер сюжет дайындап, эссе жазды. Сонымен қатар, бірнеше журналистика пәндерінен  тест тапсырды. Олимпиаданың соңғы күні журналистің жеделділігін айқындау мақсатында жедел ақпарат сайысы бойынша сынға түсуде.

Безымянный.jpg

Сондай-ақ, студенттер мен оқытушыларға Шахтер шаһарының көрікті жерлерін көрсетті. Олар Сарыарқа археологиялық мұражайы мен университет музейін аралады. Мұражай меңгерушісінің сөзінше, мұндағы ең көне жәдігерге 2000 жыл болған. Әр жәдігер жеке-жеке нөмірленген. Студенттер Арқа жерінің талай тарихи құндылықтарымен танысып қайтты.

Безымянный2.jpg

Аслан Қажиев

IT Университеті

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Жебеудің екі кездесуі
Шеттегі қазаққа үндеу тасталды

Ұқсас тақырыптар