Шеттегі қазаққа үндеу тасталды

Уақыты: 2018-03-30 Көрлімі: 185 Сипаттама

Бүгін, 30 наурыз күні Алматы қаласында «Болашақ» Республикалық Қозғалысының төрағасы Д...

44956d68157a4ab52bcf0a31e9d130b8-768x509.jpg

Бүгін, 30 наурыз күні Алматы қаласында «Болашақ» Республикалық Қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратов бастамасымен «Атамекенге орал Алаш баласы!» атты алқалы жиын өткізілді. Дөңгелек үстелде ұлт мүддесі үшін қызмет етіп жүрген ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері, шеттен келген қандастар қатысты.

 Негізгі мақсаты тарыдай шашылған қандастарды Қазақстанға қайтару, төрткүл дүниедегі қазақтың басын киелі жерге жинау үшін ел болашағына маңызы зор үндеу қабылдау.

983d518f2aced33b8e1758d40ba2445f.jpg

Қазақ көшін жандандыруға ерекше мүмкіндік беретін маңызды дөңгелек үстелді ашып берген Дәурен Бабамұратов шеттегі қазақтың жағдайы мен жиынның мақсатын түсіндіріп кетті:  «Түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткерген қазақты тағдыр тәлкегі жердің түкпір-түкпіріне кетуге мәжбүр етті. Тәуелсіздігімізді алғалы бері Отанымызға оралған қандастардың саны 6,5 миллонды құрайды. Айбынды азаттығымызды ала сала Алаш баласының елге қайтуы қарқынды жүргізілгенімен, әлі күнге дейін Ресей, Өзбекстан, Қытай,Моңғолия, Түркіменстан мен Иран, Түркия мен Ауғаныстанда мыңнан миллионға дейінгі отандастырымыз шетте жүр.

Соңғы уақытта Атамекенге сырттан келетін қазақтың легі саябырси бастаған секілді. Себебі бүгінгі күнге дейін Қазақстанға 1 миллион қазақ оралса, қалған 5 миллион қандас жат жерде жүр.

 Қоғам да, ел де, билік те бұл процестің баяулауын қалыпты қабылдап, «солай болуы керек» деп санауға жақын. Ақиқатында сырттағы қазақтың тек 15-18 пайызы елге оралып үлгерген. Сондықтан да негізгі ортақ мүдде сырттағы қандастарды елге алып келу. Ол үшін қазақ мемлекеті қандастарды елге оралтудың шешімдерін тауып, оларға жағдай жасап, тиімді әрі тиісті қарарлар қабылдау қажет. Сонымен қатар жергілікті халық шеттегі қандастарымызды құшақ жая қарсы алуға дайын болуы керек. Сондықтан да еліміздегі халық та, сырттағы қандастар да қашанда қазақтың басы бірігіп, бәрі бір тудың астында өмір сүруі қажет екенін сезініп білуі үшін бүгінгі жиынды ұйымдастырып отырмыз. Баршаңызбен ақылдаса отырып, шеттегі қандастарға қатысты үндеу қабылдайық», — деді.

74fd84f40c08c322102fe004ec292ce6.jpg

Осы орайда толғауы тоқсан мәселенің тобықтай түйінін шешуде ойып алар орны бар ойын қосып, үндеудің қабылдауына үлес қосуға келген қайраткер Дос Көшім сөзді жалғастырды: «Бүгінгі жиналып отырған дөңгелек үстелдің мақсаты барша қазақ халқына маңызы зор үндеу жариялау. Бүгінгі үндеу қазақтың үндеуі болмақ. Ал бұған дейін Елбасымыз шеттегі қазақтарды елге шақыру мақсатында 1991 жылы үндеу жариялаған болатын. Одан кейін бұл тақырыпта үндеу жарияланған жоқ. Ал бүгінгі бас қосу шет елдегі қазақтардың жағдайынан туындап отырған мәселе.

Кез келген мемлекетте басқару орталықтары болған уақытта үш түрлі дамытудың жолдары болды. Біріншісі, басқарушы мемлекет қарамағындағы ұлтқа автономиялық құқық береді. Екіншісі, өз елдеріне сіңіріп алады. Қарапайым мысал ретінде Өзбекстанды келтіруге болады. Ал өткен ғасырдың 80 жылдарынан бастап үшінші бағыт «таңдау құқығы» пайда болды. Яғни, әрбір ұлт туған жеріне қайтады ма немесе өзге елде өмір сүреді ме құқық жеке өзінде. Қазіргі уақытта жаһандануға байланысты әрбір мемлекет өздерінің ұлттық құндылықтарын алғашқы орынға қойып, идеологиясын жүргізуге тырысып бағуда. Қытай, Өзбекстан, Ресей болмасын өз тілін, ділін, өркениетін кеңінен насихаттауда. Мәселе түрлі ақпараттарда берілген шеттегі қазақтың жағдайын жоғарыда атап өткен иеліктердегі шарттарға сай ескере отырып, үндеу жариялау. Сондықтан да біз Республикалық «Болашақ» Қозғалысының бастамасымен шеттегі қазақтарды елге жинау, басын біріктіру, барлық жағдайларды есепке ала отырып орынды ойды басшылыққа ұсыну. Сондай-ақ, өзге елде жүрген қазақтың басы біріккен жағдайда ғана үнге үн қосылып, көбейіп, жер мәселесі де, елге оралу мәселесіде оңай шешілетіндігін ұғынуымыз қажет. Салиқалы, салмақты, саналы және барша қандастарымыз үшін маңызды үндеу қабылдаймыз деп сенем».

6fd365a0b2348f113ccc1839f3508dc9.jpg

Абдрашит Бәкір: Бүгінгі жиынның маңызы өте зор. Бұл үндеу бүгінгі жағдайда ғана емес, қазақ келешегінің кемелденуі мен жарқын болашағына жол ашатын бастама болмақ. Бұл орайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыруындағы» айтылған ұлттық құндылықты, кодты сақтау сынды тапсырмаларымен сәйкес келеді. Сондықтан да бүгінгі үндеудің қабылдауын қос қолдап қолдай отырып, барша шеттегі қандастың елге оралуына құшағымыз ашық екендігін жеткізгім келеді. Жиында оннан астам адам сөз алып, үндеуге өз ұсыныстарын білдірді. Шеттегі қазаққа арналған үндеу сол ұсыныстармен толықтырылып, сарапталып, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланатын болады.

     Дереккөз: Аrhar.kz

 


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Сөз зергерлері арқа жерінде
ҚР Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінен жауап келді