Елімізде 2019 жылдың 1
қаңтарынан бастап телефонын тіркемеген абоненттерге қызмет
көрсетілмейді. Бұл туралы 16 мамыр күні ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуі кезінде айтып өтті . Ведомство басшысы аталған жаңашылдық - байланыс құрылғылары
арқылы жасалатын қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді дейді.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, ұялы телефондарды тіркеу шаралары шілде айында басталады.
"Негізі, барлық процедуралық мәселелер шешілген. Тіркеу шаралары шамамен жарты жылға созылады. Дегенмен, біз аталған жұмысты барынша оңтайландыруға тырысамыз. Мысалы, абонентке SMS-xабарлама келеді. Ол өз келісімін берсе болды. Ол жағынан қиындықтар болса, жақын жердегі ұялы байланыс кеңсесіне бару қажет. Сосын онлайн тіркеу қызметін де іске қосуды жоспарлап отырмыз. Меніңше, жылдың аяғына дейін бәрін ойдағыдай шешеміз. Осыдан екі жыл бұрын ұялы телефондады тіркеудің жаңа ережелері қабылданған болатын. Содан бері арнайы ақпараттық жүйе әзірленді. Оны іске асырудың арқасында ұялы телефондардың ұрлығын айтарлықтай азайтуға болады. Себебі ішкі істер органдары ұрланған телефонды IMEI-код арқылы бірден бұғаттай алады" деп Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды.
Министр Абаевтың сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңа жүйені әзірлеу жұмысы атқарылып жатыр. "Жылдың соңына дейін біз өздеріңізге бір шешімін айтамыз. Қазір ол мәселені қарастырып жатырмыз. Сіз айтып отырған мәселелер дұрыс әрі орынды. Біз бәрін зерделеп, интернет саласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының ғана емес, жалпы ақпараттық жүйемізді қарайтын шешімге келіп қалдық. Соны жылдың соңына дейін ұсынамыз деп ойлаймын. Бірақ онымен барлығы бірдей келісе ме, жоқ па, ол - басқа мәселе", - деп атап көрсетті Д.Абаев.
"Дегенмен, IMEI-кодтың көмегімен телефон иесін анықтау қиын болып тұр.
Ал жаңа норманы толыққанды іске қосу үшін IMEI-кодты адамның жеке
сәйкестендіру нөмірімен, сондай-ақ, телефон нөмірімен байланыстыру
қажет. Осылайша, ұялы байланыс пайдаланушылары 2018 жылдың аяғына дейін
өз құрылғыларын тіркеп қоюы қажет. Себебі 2019 жылы 1 қаңтардан бастап тіркелмеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді", - деп атап көрсетті Д.Абаев.
Jebeu.kz