Нұртай Әбіқаев "Отандастар" қорының президенті болды

Уақыты: 2018-06-12 Көрлімі: 88 Сипаттама

Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүн...

B7DD5AB7-6674-48E5-B942-EEB9C62A70B6.jpeg

Президенттің шетелдегі қазақтарды қолдау бойынша берілген тапсырмалары негізінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жанынан «Отандастар» қоры құрылды, деп хабарлайды Jebeu.kz ДҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Отандастар» қоры шетелдегі және Қазақстан Республикасына көшіп келген этникалық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған. Қор Дүниежүзі қазақтарның қауымдастығымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады» – делінген хабарламада.

Қор Елбасының тікелей бастамасымен құрылған. Дүниежүзі қазақтарының бесінші құрылтайында Президент Нұрсұлтан Назарбаев шетелде тұрып жатқан отандастарымызды қолдау керектігін тапсырған болатын. Сол негіз бойынша «Отандастар» қоры өз жұмысын бастады. Қордың негізгі міндеттері – шетелдегі және елімізге оралған қандастарымызға мәдени, білім беру бастамалары және құқықтық қолдау көрсету.

Қор акционерлерінің жиналысы барысында Дүниежүзілік қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков қордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Ал қор президенті болып саяси және қоғам қайраткері Нұртай Әбіқаев тағайындалды.

Jebeu.kz

文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Нұрсұлтан Назарбаев: Кез келген жағдайда өз еліңнің мүддесін ескеру керек.
Мемлекет басшысы Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барды