Бүгін алтыншы шақырылған Парламент Мәжілісінің үшінші сессиясының соңғы жалпы отырысы өтті, деп хабарлайыз Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин өткен сессия жұмысын қорытындылады. Өз сөзінде Мәжіліс Спикері:
"Бұл сессия Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Мәжілістің алдына қойған маңызды міндеттері мен тапсырмаларын орындауға арналды. Ең бастысы Президентіміз Парламентте өзінің Бес әлеуметтік бастамасын жариялаған болатын. Сондықтан, осы бастамаларды сапалы заңдармен қамтамасыз ету біздің депутаттарымыздың осы сессиядағы негізгі міндеттерінің бірі болды. Бұл жолда көптеген заңдар қабылданып, көптеген парламенттік шаралар өтті",-деді Мәжіліс төрағасы.
Атап айтар болсақ, осы сессияда Мәжілістің 38 жалпы отырысы өтіп, 200-ден астам мәселе қаралды. Осы кезеңде128 заң жобасы Палата қарауында болып, оның 91-і мақұлданып, Сенатқа жолданды.
Сонымен бірге, 18 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 21 көшпелі отырыс және 3 халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Палата Спикері атап өткендей, осының барлығы депутаттық корпустың Үкіметпен, тиісті мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе атқарған жұмыстың нәтижесі.
Еске сала кетейік, енді екі күннен
кейін, яғни, маусымның 29-да өтетін екі Палатаның бірлескен отырысында
алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессия қорытындыланып, алдағы
жоспарлар белгіленетін болады.
Jebeu.kz