«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Отан – оттан да ыстық» жобасының баспасөз мәслихатын өткізеді. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек ретінде «Жедел желі» қызметі іске қосылады. «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайты арқылы да сұрақ-жауап ретінде заңнамалық көмек көрсетілетін болады.
Баспасөз мәслихатының мақсаты – «Отан – оттан да ыстық» жобасын халыққа таныстыру.
Баспасөз мәслихатына құқықтанушылар, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мамандар, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар және танымал ҮЕҰ өкілдері қатысады. «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі – Кәмшәт Есмұхамбетқызы; Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі маман – Әсима Сұлтан; Орыс тілінің маманы – Әлия Мұхаметкәрімқызы сынды ғалымдар баяндама оқиды.
Ұйымдастырушылар:
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы
«Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі
Серіктестер:
Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы
«КЕШ» құқық қорғау орталығы
Алматы қаласы ІІД көші-қон полициясы басқармасы
Өтетін орны: Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы
Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы 43 (М. Мәметова көшесінің қиылысы)
Өтетін уақыты: 27.06.2018 ж.
Басталуы: 16:00
Қосымша ақпарат: +7 702 270 21 02, +7 708 852 13 37, +7 775 278 57 17
Дереккөз: "Адырна"
Jebeu.kz