Елбасы журналистермен кездесуінде қандастар мәселесіне де тоқталды

turdybek 2017-12-25 513 ℃ Қысқаша

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 22 желтоқсан күні биыл елімізде өткен шараларды қорытындыла...

Назарбаев.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 22 желтоқсан күні биыл елімізде өткен шараларды қорытындылап, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев осы жылғы жеткен жетістіктерді тілге тиек етіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  қоғамдық сананы жаңғыртудың және қазақ тілін латын қарпіне көшірудің маңыздылығын атап өтіп, «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын іске асырудың нәтижелері жөнінде ой бөлісті. «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысты сұрақтарға жауап беріп, журналистерге бұл іс-шара ел экономикасына мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін айтты. Елбасы еңбек миграциясы, «жасыл» экономика қағидаттарын енгізу және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мәселелеріне ерекше тоқталды.

Сонымен бірге жуналистердің дүние жүзіндегі қазақтар жөнінде қойған сұрағына Елбасы: «Қандастарын еліне шақырып жатқан үш-ақ мемлекет бар, соның бірі - Қазақстан. Бастапқы кездерде сол елдерге барып, жағдайларын сұрап, дүниежүзі қазақтарының І құрылтайын бастадық. Бұл көштің басы болды. Содан бері 1 миллион қандастарымыз келді. Олардан өсіп жатқан ұрпақтар одан да көп. Жыл сайын сол кездегідей лап қоймаса да, ол жол, көш тоқтаған жоқ. Ешкімге қарсылығымыз жоқ, келем дегендерге есік ашық. Әсіресе олардың жастары келіп, оқуға түсіп осында қалып жатыр. Артынан үлкендері де келіп жатыр. Оны біз қарап отырмыз, қуанышпен қабылдаймыз. Әлі де шетте 4 милионнаннан астап қандастарымыз бар. Келем дегендеріне кел дейміз. Біздің қазақстандықтарға, қалталы азаматтарға айтарым, қандастарымызды қабылдауға жақын болуымыз керек. Қазір арнайы қор құрылды. Көмектесу үшін сол қорға қол үшін беру керек. Жалғастыруымыз керек, көмектесуіміз керек. Жұмысқа орналасу, баспана салып алуына аз болса да көмегімізді беруіміз керек. Қорды құрдық, қалай келудің жолдарын айттық. Балалары көптеп келіп оқысын деп квотаны көбейттік. Бізде жаңадан Қауымдастықтың басшысы сайланды. Сіздер де, журналистер ақпарат бетінде, телеарнада осы мәселені қозғап отырсаңдар, келген адамдар сөйлеп отырса, қиыншылығы болса көмектесіп отырсақ қандастарымызға да, бізге де жақсы болады» деп шеттегі ағайындар ешқашан ел назарынан тыс қалмайтындығын ескерте кетті.

Сұхбаттың телевизиялық нұсқасы 2017 жылғы 25 желтоқсанда республикалық телеарналар арқылы көрсетілетін болады.


Нұрсұлтан Назарбаев: «Шеттегі әрбір қандасымыз – қазақ елінің бір бөлшегі»
ТАЛҒАТ ЕШЕНҰЛЫ. БАУЫРҒА ХАТ