ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон комитетінен жауап

Уақыты: 2018-05-02 Көрлімі: 93 Сипаттама

6 сәуәр күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2017 жылдың соңы мен 2018 жылғы ҚР а...

733928b08ec591837a60d7f2353d66f1_crop_l_6_t_4_w_933_h_525_resize_w_525_h_.JPG

6 сәуәр күні «Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі 2017 жылдың соңы мен 2018 жылғы ҚР азаматтығын алып, ҚХР құжаттарын ҚХР елшілігі мен Консулдыға тапсырып бере алмай жүрген қандастардың шағымы бойынша қолдарын жиіп Нұр Отан партиясының бірінші орынбасарына, ҚР Сыртқы істер министрі мен ішкі істер министріне хат жазған болатыбыз. Хатта қандастардың жағдайын айта келіп  «Бұның алдында, атап айтқан 2015 жылдарға дейін қандастарымыз азаматтық алған кезде бұрынғы елдің паспортын ҚР Көші-қон полициясына  тапсыратын, Көші-қон полициясы қандастарымыз бұрынғы азаматы болған елдің уәкілетті органдарына өздері жіберетін еді. Мүмкін болса, осы тәртіпті қайта қалпына келтірсеңіздер. ҚР азаматтығын алған азаматтар өзіміздің көші-қон полициясына бұрынғы елдің құжаттарын тапсырып берсе, ал 2017 жылдан бері азаматтық алған қандастардың ҚХР паспортын қайтарып бере алмағаны үшін ешқандай заңдық жауапкершілік арқаламауын қамтамасыз етсеңіздер деген өтінішімізді білдіреміз. ҚХР елінің елшілігімен, конулдығымен келіс-сөздер жүргізіп, азаматтарымыздың ҚХР азаматты мен ҚХР-ның тұрақты тіркеуінен шығуын жүйелендіруді қолдарыңызға алсаңыздар деген өтінішімізді барша қандастарымыздың атынан айтамыз», - деген өтінішімізді білдіргенбіз. Хаттың толық нұсқасын сілтемедеін оқуларыңызға болады.     http://www.jebeu.kz/A_torteu/2018-04-13/799.html

Осы хат бойынша ҚР Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетінің 20 сәуір күні жазған жауабы келіп түсті.  Хатта көрсетілгендей, ҚР Ішкі істер министрлігі бұрынғы азаматтығының ұлттық паспортын тапсыру үшін сол елдің құзыретті органына өтінші беруді ұсынып, «Басқа мемлекет азаматтығының паспортын алып қою Ішкі істер министрлігінің құзыретіне кірмейді, себебі басқа мемлекеттің жеке басты куәландыратын құжаттары сол елдің меншігі болып табылады» деп Қытай елінің елшілігіне жүгінуімізді нұсқапты.

Қазірге ҚР Сыртқы істер министрлігінен жауап  келген жоқ. Бұл хат Қытай Елшілігі мен Консулдығына да жазылған. 3 мамыр күнгі Қытай Консулдығымен кездесуде бұл мәселе де айтылатын болады. ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қытай елшілігі дипломатиялық келіссөздер арқылы қандастардың ҚХР азаматтығы мен тұрақты тіркеуінен шығу мәселесін шешіп қалар деген үміттеміз.

111.jpg

222.jpg

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Түркі әлемінің 100 жаңа есімі анықталды
Қытай консулдығы: Арыздарыңызды қабылдауға есігіміз ашық