Орта толсын, Орта Азия!

admin2 2018-03-16 147 ℃ Қысқаша

2018 жыл наурыздың 15 жаңасында Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Өзбекстан президент...

5aaa724ae7b92.jpg 

2018 жыл наурыздың 15 жаңасында Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Өзбекстан президенті Шафхат Мирзиеевтің бастамасымен Астанада бас қосты. Араға тоғыз жыл салып қайта жиналған өңір басшыларының арасында, Қазақстан президенті Назарбаев пен Тажікстан президенті Рахмон Эмомалиден басқалары “жаңарған құрам” еді(Түркменстан президенті өз орнына ел меджилісінің басшысы Акджа Нұрбердыева ханымды жіберген екен). Жаңа бастаманың өзі осы жаңарудан қайнар алып отыр.

Орта Азияның күш біріктіруі, яғни өңірлік одақ жасақтау жайы сонау Кеңес келмеске кеткен мезеттерде-ақ көтерілген. Бірақ, шынтуайтын айтқанда, идеяның көтерушісінің Назарбаев болуына байланысты ғана, немесе, келешек одақтың ұйтқысының Назарбаев болуының ықтималдығына байланысты, аталмыш одақ өміршең бола алмаған. Өйткені, оған Кеңестер олағында “ақ алтынның” қамдаушысы болып еркелеп келген(дүние жүзіндегі сапалы мақтаның 70%-ін беріп) Өзбекстанның сол тұстағы президенті Каримов ака қырын қараған-ды. Өйткені, марқұмның өзін осы одақтың жетекшісі ретінде көретін амбициясы жетерлік болды. Оған осы рет өзара “объективті-субъективті себептерге байланысты қордаланып қалған” мәселелердің субъективті қанаты есебінде Мирзиеев мырза жанамалай соғып кетті. Ал, Қазақстан мен Өзбекстанның ынтасынсыз өңірлік интеграцияның күш ала алмайтыны, Қазақстанның қазіргі экономикалық әлеуеті мен Өзбекстанның тұтыну потенциялына қарай,  екібастан шүбәсіз әңгіме. Бұл реткі бас қосуға Өзбек басшысының еңбегі бағалауға тұрарлық. Елбасына келе-ақ мүлде жаңашыл бейнесімен назар аудартқан Мирзиеев мырза, алғашқы дипломатиялық қадамдарын да көршілерді татулыққа шақырудан бастаған-ды. Ол кісі билікке келген жыл жүзінде, Қазақстанмен шекаралық шектеулер алынып тасталып қана қоймай, жаңа өткізу бекеттері қосылып ашылды, арада бір жылда айналымы 44%-ке ұлғайған(Миpзиеевтің сөзі) жаңа темір жол бағыты мен автожол бағыты, әуе қатынасы іске қосылды. Hәтижеде, екеуара тауар айналымы 2мрд.долларға жетті. Каримов тұсында дұшпандық ауанда болған Өзбек-Қырғыз шекарасы енді кәдуелгі қалыпта жұмыс істеп тұр, ана жылдары этносара қырқыс орын алған Бәткенде Өзбекстанның инвестициясымен, өзі шағын болса да, символдық мәні ірі екі өндіріс ошағы ашылды! Осы 9 наурызда Тажікстанға сапар алған Мирзиеев мырза Рахмонмен бүгінге дейін өзара түсінісе алмай келген шекара және су мәселесін қамтыған 27 ынтымақтастық құжатына қол қойып, екі мемлекетарасындағы “аспақталып келген барлық мәселені шешіп”(Рохманалидің сөзі) қайтқан. Енді міне, өңірлік саммиттің ашылуына мұрындық болып отыр.

6d4a15ac4638d83f3d591fd72eb6aa22.jpg

Негізі, Өзбекстан бастамасын бірден қолдаулары, өңір елдерінің осындай сұхбатқа ділгірлігінен дерек берсе керек. Араға салған жылдардың кешірмесі мен тәжрибесі, бүгінгі әлемдік саясат пен геосаяси ауытқымалылығы және соған таным-тісініктің жетілуі, ең түпкіліктісі, елдік мүдде талабы осы елдерді бір ошақтың басына жиналуға итермелеп отыр. Бұны енді “бас басына би болған жылдардың” сәлихалы сабағы десек лайықты сықылды.

Әз наурыз қарсаңында бауырлас елдердің достығын нығайтудың “тарихи жауапкершілігін сезіне отырып”, “өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық, өңірлік транзит-көлік инфрақұрылымының кеңеюі, су-энергетикалық, азық-түлік әлеуеттерін ұтымды игеру, өндіріс және өңдеу салаларын дамыту,  озық технологиялар мен инновацияларды қолдану, цифрлық экономика жолындағы ілгерілеу Орталық Азия елдері әл-ауқатының тұрақты түрде өсуін қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігін” жариялаған бірлескен мәлімдеме осы ортақ мүдделестік пен тағдырластықтың жүгін сезінген түсініктің сыртқа шығуы деп түсінеміз.

Игі де ізгі бас қосуға орта толсын айта отыра, бүгінге дейін берекенің белді жауы жеке басылық амбиция болып келгенін еске ұстай, елбасыларынан сабырлылық пен прагматикалық ұстаным күтер едік. Өңір тұрғындарының да өзін анадан үстем ұстайтын менмендіктен арылып, немесе, басқаның ерікті-еріксіз қалыптасқан болмысына құрметпен қарауға дағдылануын қалар едік.

 

  Құрмет Қабылғазыұлы

  Jebeu.kz

 


Мақсатқа қол жеткізу үшін кедергілерден құтылыңыз
Қытай - Америка “сауда соғысы” бастала ма?