Махат Садық: Президенттің алғашқы шетелдік сапары 27 жыл бұрын Қытайға жасалған еді

admin2 2018-06-07 0 ℃ Қысқаша

Қазақстан Президентінің шетелге тұңғыш сапары осыдан 27 жыл бұрын Қытайға жасалған бол...

F77C47FA-C8F8-4386-B042-F72DD356AD9B.jpeg

Қазақстан Президентінің шетелге тұңғыш сапары осыдан 27 жыл бұрын Қытайға жасалған болатын. Естен кетпес ерекше сапардың нәтижесі де айтарлықтай болды. Өйткені, сол тұста көтерілген екі ел арасындағы мәселелердің барлығы өз шешімін тауып, Қазақстан мен Қытай мықты стратегиялық әріптес деңгейіне көтерілді.

 «1991 жыл. Шілде. Ел Президентінің шетелге тұңғыш сапары. Қытай Халық Республикасына алғашқы достық сапарында Нұрсұлтан Назарбаев 40 сағат жолда болды. Оның 20 сағатын ұшақта өткізді. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен, Қытай Үкіметі мен Бейжің қаласының және Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданының басшылығымен кездесті. Ірі қалалар мен үлкен кәсіпорындарда болды. Осы жолы «Жібек жолы» қайта жаңғырып, бұл теміржол мен автомагистраль толық іске қосылғанда, Тынық мұхит жағалауымен Еуропаны тұтастыратын жол Қазақстан арқылы өтетіндігі айтылған еді. Бүгінде Ортаазиялық Иранмен қосқан темір жол жөнінде сол кезде сөз етілген-тұғын. 

Әрине, Үрімжіде өткен ағайындармен жүздесу ерекше әсерлі болды. Тіптен протоколда жоспарланған сапар сондағы қандас ағайындардың өтінішіне орай бір тәулікке созылды. Сапар қорытындысында Мемлекет басшысы: «Алыстағы ағайындарға туған Отаны - Қазақстан шекарасын айқара ашты, сол мәселені толықтай келісіп, шешіп келемін» дегені есте. Қазір еліміздегі қазақ тілді журналистердің біразы сол алыстан келген ағайындар, солардың балалары.

 Махат САДЫҚ, журналист   

Маxат САДЫҚ, журналист

Дереккөз: “ҚазАқпарат"

Jebeu.kz


Қытайда бюджеті 60 млн долларлық фильмге 25 жастағы қандасымыз режиссерлік етеді
Кері қайту