Елбасы СҚО-дағы қоныс аударушыларға арналған тұрғын үйлердің құрылысымен танысты

Уақыты: 2018-08-18 Көрлімі: 1354 Сипаттама

17 тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы, Ильичевка ауылынд...

930cb106de4bf342f45eab56017a959d.jpg

17 тамыз күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысы, Ильичевка ауылындағы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

– Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен ұзап кеттім. Мен осындай шешім қабылдап, түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

a156ff53290bfbb036532366845b4901-sm.jpg

Жалпы, 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900-ге жуық адамды қамтитын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуі және шығындарының өтелуі үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді


Пікір жазу
  • Қытайға барып қайтқан делегация баспасөз-конференциясын өткізеді
    ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы