Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 71 361 келіні құрады. Бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,9% көп, деп хабарлаймыз ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.
Аталған кезеңде өңделмеген және жартылай өңделген немесе ұнтақ түріндегі күмісті өндіру көлемі былтырғымен салыстырғанда 10,4% азайып, 711 280 келіні құрады.
Jebeu.kz