Парламент сайлауына қандай дайындықтар жүріп жатыр?

Уақыты: 2019-11-09 Көрлімі: 2891 Сипаттама

Жоғарыда айтқандай билік жүйесіне жаңа президент айтарлықтай өзгеріс егізіп үлгермесе де, Қазақстан қоғамы жаңа бір дәуірге аяқ басқандай. Ол жаңалық биылғы ҚР президентін сайлаудан басталды. Бұл Қазақтсан халқының президент сайлауына қатысу және бақылау...

11-696x463.jpg

Елдегі президент сайлауы өткелі де 5 айдың жүзі болды. Бұл уақыт тәуелсіздіктің ширек ғасырында ел тізгінің ұстаған Назарбаев дәуірі мен алдағы 5 жылға сайланған Қазақстанның екінші президенті билікке келуінің өлара кезеңі. Осы аралықта билікке жаңа келген президент айырықша бір өзгеріс жасамаса да, билік ауысу үрдісі өз қалынше орындалып жатты. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихына екінші президенттің аты жазылды. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде алыс-жақын шетелдерге  мемлекеттік сапармен барып, халықаралық маңызды жиналыстарға қатысты. Оның ішінде көпвекторлы сыртқы саясатымызда өзіндік орны бар Түркі әлемі (ортылық азия елдері) мен АҚШ, Ресей, Қытай сияқты  4 жағымыздағы елдерге сапарлады. Республикалық маңызы бар үш қала және бірнеше облыстың әкімдерін, Білім және ғылым, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрлеріннен бастап ҚР президент әкімшілігінің басшысына дейін бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады.

2019 жылдың 19 наурыздағы Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттігін тоқтатып, транзиттік жолмен Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке келуі күтбеген жағдай болды. Бұндай үрдістің төңкеріс не президентінің биологиялық қуатының сарқылуы нәтижесінде билік ауысқан Ортылық Азия елдерінде бұрын болмағанын айтып, үлкен бағасын берушілер аз болмады. Десе де Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңеске төрағалық етуіне байланысты түрлі күштер арасында «Қазақстанда қос билік бар ма?» деген сұрақ пайда болды. Бұл сұрақтарға ҚР президентінің кеңесшісі Ерлан Карин, ҚР Президентің Баспасөз хатшысы Берік Уәли мырзалар ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде жауап беріп, Қазақстанда ешқандай қос билік жоқ екенін, Қазақстанда жаңа биліктің келгенін, бәрі Ата заң негізінде жүріп жатқанын айтты. Шынында бұны «қос билік» деп топшыламай, үлкен шегіністің соңғы басбалдақтары ретінде түсінген жөн секілді. Өйткені бұндай шешім дәуір көшінде жеке адам өмірінің шектеулі екенін, тек шексіздіктің ұрпақтар сабақтастығы арқылы ғана жалғасытынын түсіну мен мойындаудан кейін ғана жасалса керек. Бұны енді біздің де түсінгеніміз жөн шығар?

Жоғарыда айтқандай билік жүйесіне жаңа президент айтарлықтай өзгеріс егізіп үлгермесе де, Қазақстан қоғамы жаңа бір дәуірге аяқ басқандай. Ол жаңалық биылғы ҚР президентін сайлаудан басталды. Бұл Қазақтсан халқының президент сайлауына қатысу және бақылау барысынан бастап көрінді. Жастардың саяси белсенділігі артты. Елдегі ашық және жасырын оппозициялық күштерде өзіндік мүмкіндіктерін көрсетуге тырысты. Түрлі саяси технологтар өз ықпалдарын арттыру мен ұпайларын түгендеу мақсатында ойындар жүргізуге тырысты. Өлара кезеңнен әркім өз орынын тапқысы келді. Бұл жаңа мүмкіндіктер мен күрестер енді басталса, ары қарай жалғасын тауып, алдағы Парламент сайлауы барысы мен келер президент сайлау қарсаңына дейін қызып, бысып жетіле түсер.

Оның ауылы алыс та емес, Қазақстандағы 2019 жылғы басты жаңалық жоғарғы билік ауысып, президент сайлауы өтсе, 2020 жылғы негізгі саяси оқиға ҚР Парламент сайлауы болуы мүмкін деген болжам бар. Қазіргі алтыншы шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарының мерзімі 2021 жылы аяқталуға тиісті. Бірақ, елдегі билік ауысуы мен соңғы екі парламент сайлауының кезектен тыс өтуін негізге ала отырып, Парламенттің жетінші шақырылымы 2020 жылы өтуі мүмкін деген ойдамыз.

Бұған дейінгі өткен 6 реткі ҚР Парламент сайлауының үшеуінде мәжілісмендер сайлау огурктері бойынша мажоритарлық жүйе негізінде сайланса, соңғы 3 шақырылымның депутаттары партиялық тізім бойынша сайланды. Алдығы үш сайлауда кандидаттар өзін-өзі ұсынды, елдегі демократиялық партиялар атынан түсті және әр кандидат сайлау аймақтары бойынша бәсекеге түсетіндіктен анақұрлым тартысты өтті. Партиялық тізім бойынша өткен 2007 жылғы сайланған Мәжілісте тек Нұр Отан партиясы болса, 2011 және 2016 жылғы сайлауда Ақ жол мен Қазақстан коммунистік халық партиясы 7 пайыздан дауыс жинап, парламентке кірді.

nazarbaev-1.jpg

ҚР Парламентіне кірген партиялар және сайлау кезінде кандидаттар ұсынып отыратын партиялар биылғы президент сайлауында да өз үміткерлерін ұсынды. Сайлау нәтижесі бойынша «Ақ жол» партиясының үміткері 5 пайыз дауысты әрең жинаса, Коммунистер мен «Ауыл» партиясы жинаған дауыс 3 пайыздан аспады. Сайлау алды үгіт-нәсихат жұмыстары кезінде де, сайлау барысында да бұл партиялар жұрттың көңілін бұра алмады. Сайлау тек «Ұлт тағдыры» ұлттық-патриоттық қоғамдық бірлестігінің атынан түскен Әміржан Қосанов пен «Нұр Отан» партиясы атынан түскен қазіргі президент Тоқаевтың арасында ғана болып жатқандай көрінді. Президент сайлауына саясаткер Әміржан Қосановтың түсуі және өзіндік нәтижеге қол жеткізуінің көптген әсері болды. Ең бастысы осы реткі сайлаудың бойына қан жүгіртті. Сайлауға деген халықтың қызығушылығын арттырып, билікке көңілі толмайтын қауымқа қарсылық танытатын алаң жасап берді. Сондай-ақ билікке де халықтың шынайы көңіл күйін танытты. Сонымен бірге келесі парламент сайлауы үшін әркім сабақ алды. Қосановтың өзі де, Нұр Отан да, тәуелсіз бақылаушылар, өзге ұйымдар мен азаматтар да, қарапайым халық та бұл сайлауда кеткен кемшілікті енді жіберместей ой түйді. Міне бұл елдегі болар едігі жаңалықтарыдың басы еді.

Президент сайлауының ықпалы туралы билік өкілдері де өз сұхбаттарында айтуда. Қазақстанның бұрынғы Мәдениет минитсрі  Ермұхамет Ертісбаев Тengrinews.kz  порталына берген сұхбатында Қазақстан электоральды төңкеріс заманына енгендігін айтып, «Электоральды төңкеріс дегеніміз көптеген адам сайлауға қатысып қана қоймай, бүкіл сайлау процесін, әсіресе дауыстарды санауды өз бақылаына алуға тырысуы. Қазір халық биліктің көзі неде екенін түсініп алды. Сондықтан оны шынымен қалыптастырып, басқарғысы келеді. Әрине, сол себепті ендігі алдағы парламент және жергілікті билік органдарындағы сайлауды қиын сынақтар күтіп тұр. Содан да Елбасы "Нұр Отан" партиясының соңғы саяси кеңесінде үстелді тоқпақтағаны. Өйткені ол кісі біліп отыр, билік партиясын мүмкіндігінше тезірек сапалы жаңа деңгейге көтермесе, халыққа жақындатпаса болмайтынын. Бұрын биліктегі партия мен оппозиция "өз алдына" бөлек болған, ал қазір саясатқа бүкіл қоғам тартылып жатыр. Тәуелсіз бақылаушылардың бір институтының өзі неге тұрады?! Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан қазір саясатқа қатты кірігіп жатыр және бұл шындап қолға алынған нәрсе әрі ол ұзаққа созылады»,- деген еді.

10492639.jpg

Бұл Президент сайлауының нәтижесі бойынша билік және билік партиясы Нұр Отанның алдағы сайлауға дайындала бастағанын аңғартады. Нұр Отан енді бұрынғы кандидаттар тізіміне өнер мен спорт жұлдыздарын қосу арқылы жұрт назарын аудару технологиясының жарамайтынын, билік Парламентке коммунистерді сүйрей берудің уақыты өткенін түсінген болар. Президент сайлауында 5 пайыздан артық дауыс жинай алмаған, Парламент сайлауында тізімдікке зиялы қауым өкілдерін алға шығарып, алашшыл болып көрінетін, сайлаудан кейін танымал зиялы қауым өкілдерін жайына қалдыратын «Ақ жол» партиясы соңғы жылдары облыстардағы бөлімшелеріне дейін әлеуметтік желге тіркеліп,  белсенділік танытуда. Алаш орда тақырыбында конференциялар өткізіп, журналистер мен ақын-жазушылармен кездесулер жасап, төс белгілер тағуда. Бірақ, сонда да Ақ жолдың электоральды күшке айна қоймағанын өткендегі сайлау дәлелдеді. Келесі парламент сайлауына Мәжілістен орын аулы оңай соғайын деп тұрған жоқ. Бастысы президент сайлауы кезіндегі сияқты ақпараттық ресурыстары арқылы қарсыластарын қаралап-жаралау технологиясын қызу жүргізе берулері мүмін.

Шынында Парламент сайлауында дайындық Президент сайлауы кезінің өзінен басталған. Сайлау нәтижелері саяси алаңға жаңа күштердің ену қажеттілігін көрсетті. Жеке оппозициялық тұлғалар мен қоғамдағы қордаланған мәселелрді жүйелі көтере білудың ықпалы анық көрінді. Партиялар ғана емес тұлғар арасында да саяси бәсекелестік қыза түсті. Ол ең алдымен осы сайлауда елеулі нәтижеге қол жеткізген Әміржан Қосанов және оның айналасындағы саясаткерлер мен саясаттанушыларды тұқыртудан басталды. Жоғарғы саяси технологтар сайлау алдындағы жағдайлар мен сайлау нәтижесін көрген соң орайды тиімді пайдаланып, Қосановтың Тоқаевты құттықтауын бәсекелестері арасына тастап берді. Ал олар халықтың сол кездегі көңіл күйін пайдалана отырып, Қосановты «сатқын» қатарына бірақ апарды. Қосанов бұл жағдайлардың орын алу септерінің барлығын ақпарат құралдарына берген сұхбаттарында түсіндіріп, енді Парламент сайлауына дайындалатынын айтқан болатын.  Негізінде  Қосанов болсын, биліктегі мемлекетшіл тұлғалар  болсын президенттік сайлауда Қазақстандағы билік алмасу барысында өз ықпалдарын жүргізіп қалғысы келетін ішкі және сыртқы күштердің бөкде ниеттеріне жол бермеді. 

Қосановтан кейінгі қадам жалғыз оппозициялық партия ретінде саналған ЖСДП партиясына жасалды. Президент сайлауы кезінде партияның тізгінін белгілі журналист Ермұрат Бапиға берді. Партия президент сайлауына қатысудан бас тартып, Парламент сайлауына дайындалу туралы шешім қабылдады. Партияның бұрығы басшысы Жармахан Тұяқбаев жастарға орын беріп, Зәуреш Батталова партиядан алыстағаны сияқты Бапи да мұнда ұзақ отырмады. Партия тағы бір жаңғырып, орна Асхат Рақымжанов келді. Партиядағы бұл ауыс түйістердің өзі соңында партияға кімдердің демеушілік жасайтынын айтуға дейін жеткізді. ЖСДП-ның бұрынғы мүщелері айтқандай партияға қуғындағы шетелде жүрген қазақстандық саясаткерлер демеушілік жасағаны анықталса, партияның сайлауға қатысу тұрмақ, қызметін ары қарай жүргізуі де қиынға соғу мүмкін.

20170708210959094.jpg

Ермұрат Бапидың ЖСДП сьезінде орнына Жанболат Мамайды ұсынам деген ойы болғанын Азаттық жазған болатын.  ЖСДП-ға төраға болмаса да  Жанболат Мамай жаңа партия құрудың қамында жүр. Берген сұхбаттарына қарасақ, құрылар партияның жүгі ауыр. Парламентке кіріп, азаматтық пікірді жеткізіп, жүйені революциялық жолмен өзгертуді ғана емес, күрес арқылы түбегейлі өзгетуді алға қойыпты. Тағы бір қоғам белсендісі Тоғжан Қожалева «Халыққа адал қызмет» көрсету атты партия құрғалы жатқанын баспасөзде жариялады. Одан бөлек, биылғы жылы «Оян, Қазақстан» қозғалысы, белгілі журналист Бэлла Орынбетова басшылық ететін Республика қозғалысы қозғалысы құрылды. Бұның бәрі елдегі саяси күштердің жаңаланып жатқанын көрсетсе керек. Одан бөлек белгілі саясаткер Мұхтар Тайжан да фейзбуктегі парақшасына жаңа партиялардың құрылып жатқанын құптайтынын айтып, өзінің де достарымен бірге бір партия құру жоспары бар екенін жазды.

Мұхтар Тайжан құратын партия мен «Жастар жылында» жас белсенді  Жанболат Мамайдың партиясы тіркеуден өтсе, сайлауға қатысады деген сөз.  Егер олар сайлауға қатысса парламенттен "Ақ жолдың" жолын кеспесе де , Коммунистерді Мәжілістен қош айттыруға мүмкіндіктері бар. Өйткені бұл азаматтар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтере білдуі, қоғамның көңіл-күйіне сай жұмыстар жасауды меңгерген және көптен бері саясаттың ортасында жүр.

Президент сайлауында Қ. Тоқаевқа басты қарсылас болған Әміржан Қосанов журналистерге берген сұхбаттарында Парламент сайлауы туралы қанаттастарымен ақылдасып жатқанын жеткізді. «Саяси тактика бар, саяси стратегия бар. Сондықтан парламент сайлауы міндетті түрде 2021 жылы болуы керек. Сол себепті әріптестеріммен, президент сайлауы кезінде тапқан қанаттастарым және серіктестеріммен ақылдасамыз. Меніңше, өзін демократ санайтын азаматтық қоғам бірігіп, бір ұйымның атынан шығуы керек»,- деген болатын 10 қыркүйекте «Азаттық рухы» тілшісіне берген сұхбатында.

Қосановтың қанаттас деп отырған азаматтарының бір қатары қазір ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің құрамында. Сайлаудан кейін құрылған Ұлттық кеңестің мүшелерінің бірқатары өздері бір партия деуге болады. Ұлттық кеңес Парламенттің қызметін атқармаса да билік пен халық арасында көпір қызметін атқаруға құрылғаны әу бастан белгілі. Бұл Кеңестің екінші мақсаты жаңа президент сайланған соң көне парламент тарағанға дейін жұмыс атқарып, болашақ жаңа депутаттарды іріктеу болуы да мүмкін. Егер билік шынымен парламенттің ролын арттыруды, жаңашылыққа бет бұрып, халыққа жақындай түссе білімді де білікті, халық алдында құрметке ие азаматтарды парламентке апарғаны жөн. Нұр Отан болсын, басқа партия болсын Ұлттық кеңес мүшелерінің жартысына таяуын партиялық тізімге енгізер болса, ол партияның асығы алшысынан болар еді. Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Сариев, Ермек Тұрсынов, Дәрен Қуат бастаған азаматтарды Нұр Отан партиясы тізімдікке енгізсе, 40 әртіспен партияның жарнамасын жасағаннан артық болар еді. Ал кешегі Қосановпен бірге «Жаңа Қазақстанда» болған Дос Көшім, Айдос Сарым, Расұл Жұмалы қатарлы саясаттанушылар мен Дәрен Бабамұрат, Мақсат Жақау сияқты Қосановтың сайлау алды штабын басқарған жастарды бастаған Қосанов кезіндегі саптастары Болат Әбілов, Ораз Жандосовтармен бірге «Азат» партиясының атынан түсетін болса, Парламент сайлауы кәдімгідей тартысты болар еді. Бұл азаматтар қазір мұндай жоспар жасады ма білмеймін, бірақ  кей сарапшылар осындай болжам да айтады. Осылай болып жатса, Әбілов, Қосановтар үшін ғана емес, Нұр Отан үшін де тиімді болар еді.

1AFC6C33-75E1-45C0-9CE5-2191CA26F59B_cx42_cy5_cw56_w1200_r1_s.jpg


Кезіндегі Алтынбек Сәрсенбайұлының айналасындағы болған жастардың бірқатары қазір жоғарғы билікке қайта барып жатыр. Олардың алды президент әкімшілігінде болса, жоғарыдағы аты аталған азаматтар Ұлттық кеңесте. Президет әкімшілігі, Үкімет және Парламентте Алтынбек Сәрсенбайұлының 70-дей шәкіртінің бірбөлімі жүрсе, бұл билікте біраз бетбұрыстар болары еді.   Билікте болған кездегі шәкірттері ғана емес, «Әділетті Қазақстан» қозғалысында жүргендегі әріптестері де тағы бас қосып, парламентке қарай жол тартатын кезі келгендей. Осы тұрғыда бұл жолғы сайлауда Әміржан Қосанов пен Болат Әбілов тізе қосып қатысуы мүмкін. Көп жылдан бері саясаттан алыс жүрген Әбілов Парламент сайлауында саясатқа қайта оралуы қажап емес. Қосанов сайлауға азаматтық қоғамның бір ұйымның атынан түссе деген пікірді жиі айтады. Қазіргі кезде азаматтық қоғам ішіндегі өзара шабуылға ұшыраған азаматтың бір тіркелген партиясы бар Болат Әбілов. Бұл оппозицияның бірлікке келтіре алмаса да бір бөлігін жұмылдыруға мүмкіндігі бар.  Егер Қосанов пен Әбілов бірігіп жатса Ұлттық кеңестегі Ораз Жандосов пен «Жаңа Қазақстанның» азаматтары да «Азат» партиясының қасынан табылар. Қосановтың «қанаттастарымен ақылдасып жатқаны» осы болуы әбден мүмкін.

Нұр Отанға 3 пен 5 пайзы арасында дауыстан аса алмайтын, «Ақ жол», «Ауыл», Коммунистер партиясымен бәсекеге түсіп жетекші болғаннан көрі нағыз тартыс пен бәсекеге түсіп алға шыққан абыройлы болмақ. Бұл Тоқаев билігінің де беделін арттырар еді. Өткен президент сайлауы елдегі демократияның алғашқы басбалдақтарының бірі болса, Парламент сайлауын одан бірнеше сатыға көтеру қоғамның қажеттілігі. Бұл бізде елдегі демократиялық күштердің дамуына өзіндік  әсерін тигізеді. Жаңа президенттен кейін жаңа парламент құрылып жатса, одан кейінгі уақытта бұрынғы биліктегілер мен бұрынғы парламенттен жаңа оппозициялық топтарда бөлініп шығуы мүмкін. Елдегі билік жүйесі мен демократиялық күштер, азаматтық қоғам осылай дами бермек. Ал парламенттік сайлау мерзімінен бұрын емес, 2021 жылы өтсе, жоғарыдағы құрылғалы жатқан партиялардың біразы құрылып, дайындықтары жетіліп, Парламенттік сайлауды біз ойлағаннан да тартысыты өткізер еді. Ертісбаев айтқандай Қазақстан электоральды төңкеріс заманында, енді бұрынғыдай сайлауда ғана көрінетін партиялармен сайлау өткізу мүмкін емес.

Әміржан Қосанов Президент сайлауында да оппозициялық күштердің ортақ бір кандидат ұсынуын алға қойған болатын. Қазір де барлық демократиялық күштердің бір партияның атынан түсуін ұсынуда. Шынында халық дауысын көп партияға бөлгенше, азаматтық қоғам өкілдері артынан көпшілікті ерте алатын саяси бағдарламасы бар бір болмаса да 2, 3 партиядан асып бөлінудің қажеті шамалы. Партиялар көбейген сайын саяи технологтар шағын партияларды бір-бірімен тартыстырып қоюы да мүмкін.

Ұлттық кеңес мүшлері Сайлау туралы заңға өзгеріс енгізуді ұсынамыз деген еді. Заңды осы сайлауға дейін өзгертіп үлгермейтін де шығар. Парлмент сайлауын бұрынғы мажоритарлық жүйеде өтсе тіпті тартысы болып, халық сайлаған депутаттың дауысы да анық шығар еді.

 

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 

 


Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Мәулен Әшімбаев: Ұлттық мүдде бәрінен биік
    Әлихан Смайылов: Жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз аударымдарын тексеру – ешқандай жоспарда жоқ