Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің ұйымдастыруымен, «Зерде» Ұлттық инфокомуникация холдингі» АҚ және Astana Hub халықаралық технопаркінің қолдауымен «Digital Bridge» халықаралық инновациялық форумы басталды.
Digital Bridge - Қазақстандағы биылғы жылы өтіп отырған басты инновациялық оқиға. Қатысушылар форумның диалогтік алаңында цифрландыру саласындағы соңғы әлемдік трендтерді талқылап, алдыңғы қатарлы тәжірибелермен және бизнес-модельдермен бөліседі.
Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласындағы танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, сондай-ақ бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысуда.
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев форумның ашылуында сөз сөйледі.
«Форумға 2500 мыңнан астам қатысушы келіп отыр. Сондай-ақ, әлемнің алдыңғы қатарлы компаниялары мен ұйымдарының 200 жетекшісі, мыңдаған инвестор мен түрлі стартап жоба авторы бар. Осылайша алға қойған мақсатымыздың жүзеге асуына даңғыл жол ашылды. Өйткені жобаның басты идеясы – тың идеялардан қуат алып өзара тәжірибе алмасу, Азия мен Еуропа технологиялық орталықтарының арасында алтын көпір болу», - деп атап өтті министр форум ашылуында.
Министр Стартаптар Қазақстан үшін Кадрлар ұстағанасы екендігін айтты.
«Біз менталдылық мінезді өзгертуді көздеп отырмыз. Ертең не арғы күні бізде Facebook не болмаса Google сынды алыптың пайда болмайтындығын да жақсы түсінеміз. Дегенмен, біз үшін ІТ мамандарының кәсіпкерлік мәдениетке қосқан үлесінің өзі-ақ маңызды. Сондықтан біз менталдылық мінезді өзгертуді көздеп отырмыз. Бұл өте маңызды. Екіншіден, стартаптар - кадрлардың таңқаларлық, керемет ұстаханасы екендігіне түбегейлі сенімдіміз. Яғни, олар технологиялық тұрғыда ойлап қана қоймай белгілі бір дүниені нөлден бастап жасай алатын адамдар. Және де мұндай жастардың болашағы зор», - деді Дәурен Абаев.
Үшіншіден, министр біздің нарықтың шағын екендігін, сондықтан елімізде дүниеге келетін барлық стартаптар жаһандық бәсекеге қабілетті болуға бағдарланатындығын баса айтты. Бұған қоса, ол үшін барлық жағдай жасалатындығын атап өтті.
«Төртіншіден, мына бір маңызды дүниені атап өткім келеді. Біз үшін, мемлекет үшін, Қазақстан үшін жасап жатқан инфрақұрылым да, үш жылдың ішінде келешегі зор ауылдарға тартатын 20 шақырым кабель де, Astana Hub та маңызды емес. Біз басты басымдықты адам капиталын дамытуға аударамыз. Өйткені, сіздердің келешектеріңіз зор. Бүгін соңына дейін болған, осы жерде қатысып отырған жастардың болашағы сауық құруға кетіп қалғандардан әлдеқайда зор екендігіне сенімдімін», - деді министр.
Абаев Қазақстанда жүзеге асырылып отырған инновациялық технологиялар туралы айтты.
«Елімізде өздеріңіз көріп отырғандай бүгін инновациялық жүйелер іске қосылуда. Ертең Президент халықаралық Астана технопаркін ашылуын мәлімдейді және бұл қазіргі замандағы Қазақстанның технологиялық дамуындағы жаңа күнге айналмақ. Біз Ұлы Жібек жолының мұрагерлері ретінде Азия мен Еуропа арасында цифрлық көпір болғымыз келеді. Қатысқандарыңыз үшін тағы да алғысымды айтамын. Табысты жұмыс пен қызықты талқылау тілеймін», - деп сөзін түйіндеді Дәурен Абаев.
Бүгін Digital Bridge алаңында 50-ден аса қазақстандық және халықаралық спикерлер сөз сөйледі, олардың ішінде: Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье; CEO Hyperloop Transportation Дирк Алборн; Стартап академиясының менторы және кеңесші, стартап тақырыбы бойынша сатылымға ең көп шыққан кітаптың авторы Боб Дорф; Галактика жеке меншік ғарыш компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева; Priceline Group қоса негізін қалаушы Джефф Хоффман; венчурлық капиталдың халықаралық фирмасы Global Catalyst Partners төрағасы және тең мердігері Камран Элахиан бар.