«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ҚР Сыртқы істер министрлігіне, ҚР Бас Прокурасына, ҚР Білім және ғылым министрліктеріне жазған хаттарының жауабы келді.
Жебеу қоғамдық бірлестігі 28 қыркүйекте Қытайдағы әкесін елге алдыруға көмек сұраған ҚР азаматы Ерденбек Дүйсенбектің өтінішін ҚР Сыртқы істер министріне жолдаған болатын. 5 қарашада Дүйсенбек Ерденбектің өтінішін қарап көметесуді Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігі консулдық қызметіне тапсырған хатының көшірмесін жіберген.
Сайрагүл Сауытбайға арнайы комисся босқын мәртебесін беруден бас тартқанда Жебеу ҚР Бас Прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігіне хат жазып, Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беру туралы өтінішті қайта қарауға үндеу тастаған. ҚР Бас прокуратуасы хатта көрсетілген мәселені құзыреттілігі бойынша ҚР Ішкі істер министрлігіне жолдағанын жазған.
29 қыркүйекте Жебеу қоғамдық бірлестігі Қытайдағы жағдайға байланысты Қытайға барып келе алмай жатқан студенттер айтып, олар келгенде оқуын қайта жалғастыруына мүмкіндік берілуін сұрап хат жазған. Сонымен бірге Қытайдан келген студенттердің қытайдағы ата-аналарымен байланысының қиындауына байланысты жатақхана мәселесі мен студенттердің оқу ақысын уағында төлей алмау мәселесінде қандастарға айырықша назар аударып, көмектесуді өтінген. ҚР азаматтығына өтпекші қандастарға оқу орны жағынан құжаттық көмек болуын сұраған. Осы хаттың жауабында бұл ұсыныстар туарлы толық жауап берілмей, Қытайдағы келе алмай жатқан студенттерді қайтару мәселесі ҚР Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне кіретінін жазыпты.
Jebeu.kz